Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы: «География, кадастр және жерге орналастыру»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жер телімдерін спутниктік жүйені пайдалану арқылы
межелеу»
Орындаған: Аманулла.М
Тексерген: Давлеткалиев.Б
Алматы, 2021 ж
Жоспары:
І. Кіріспе........................................................................................................... 3 бет ІІ.Негізгі бөлім............................................................................................. 3-4 бет 2.1. Геодезиялық негіз...................................................................................... 3 бет
2.2. Спутниктік жүйе..................................................................................... 3-4 бет
2.3. Кинематикалық тәсіл................................................................................. 4 бет
ІІІ. Қорытынды.............................................................................................. 4 бет ІV. Пайдаланылған әдебиеттер................................................................... 5 бет
І. Кіріспе Геодезияда ХХ ғасырдың соңына қарай жер жасанды серігін (СЖЖС) пайдалану негізінде түбегейлі жаңа принципті геодезиялық өлшеулерді жүргізетін спутниктік позициялау әдісі пайда болды. Осы әдіс арқылы спутниктік навигациялық – геодезиялық жүйе (СНГЖ) көмегімен кез келген тұрақты немесе қозғалыстағы нүктенің орналасу орнын анықтауға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде бұл бағыт адамдардың іс-әрекеттерінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, кез келген нысан координаттары тек геодезистерге ғана емес, жүзушілерге, авиаторларға, әскерилерге әртүрлі экспедиция қатысушыларына және де басқа тұтынушыларға қажет мәлімет.
ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Геодезиялық негіз
Егерде, бұрында геодезиялық негізді жасау үшін көп материалдық және қаржылық шығынды қажет ететін әртүрлі конфигурациялы торларды құру қажет болса, бұл әдісте олардың керегі жоқ. Керек болса, жалғыз спутниктік қабылдағыш арқылы кез келген нысанның координаттарын 1 метрлік дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай дәлдік навигацияда ғана емес, жер-кадастрлық, мелиоративтік; геологиялық және тағы басқа жұмыстарда жеткілікті дәлдік болып есептеледі.
2.2. Спутниктік жүйе
Қазіргі кезде глобальдық спутниктік жүйені қолдану жердің кез келген нүктесінде кез келген уақытта координаттарды 1 см дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.Бұл жағдай жасанды спутниктердің орбиталық биіктігін 20 мың километрге дейін, ал спутниктердің санын 24-ке жеткізудің нәтижесінде болып отыр. Қазіргі уақытта әлемде бірнеше глобальдық жүйелер пайда болды, соның ішінде ең алғашқылары ретінде америкалық GPS және ресейлік ГЛОНАСС-ты айтуға болады. Межелік белгілердің орындарын глобальдық навигациялық спутниктік жүйелік анықтау кезінде спутниктік бақылаудың әртүрлі тәсілдері пайдаланылады. Статистикалық тәсілде базалық сызықтық екі шетіне орналасқан екі қозғалатын спутниктік қабылдағышпен бір мезетте бір сағаттай уақыт аралығында төрттен көп емес НИСЗ-ден сигнал қабылданады.
2.3. Кинематикалық тәсіл
Жер бетіндегі нүктелердің өзара салыстырмалыжағдайын анықтау үшін спутниктік бақылаудың кинематикалық тәсілдері де қолданылады. Олар: үздіксіз, «жүр-тоқта», нақтылы уақытты. Әдетте, межелік түсіру кезінде, сондай-ақ межелік белгілердің жазықтықтық тік бұрыштық координаттарын анықтағанда үздіксіз кинематикалық режим түрін пайдаланады. Спутник қабылдағышты (роверді) анықталып нүктеге қойған соң оны қосса болады (қабылдағыш алдын-ала келтіріліп қойылады). Аппараттарды қосқаннан соң автоматты түрде GPS каналы бойынша ССМЗ орталығымен байланысқа қосылады. Ол өз негізінде анықталатын нүктенің координаттарын анықтаудың орташа квадраттық қателігін көрсетіп, кері жібереді. ССМЗ есептеу орталығының жіберілген мәліметтер тексергіш дисплейінде көрінеді, оны оқуға болады. Межелік белгінің немесе анықталатын нысанның қажетті нүктесінің орналасу жағдайының нормативтік дәлдігіне қол жеткізгеннен соң, орындаушы алынған нәтижені бекіту үшін түймені басады. Сол мезетте спутниктік сигналды қабылдаушы алынған нәтижелерді жадыға сақтап қалады. Содан кейін келесі нүктеге қарай жылжытуға болады. Егер бір нүктеден екінші нүктеге ауысқанда қабылдағышты ажыратпаса, онда соңғы нүктелердің жағдайын анықтауға секундтар ғана қажет.
ІІІ. Қорытынды Қорытындылай келсек, нақтылы уақыттың режимдік GPS-түсірістің біраз артықшылықтары бар. Олар: жұмыс өнімділігі үлкен; жұмыстың орындалу барысында түсіру мәліметтерін бақылаушының тексеруге мүмкіншілігі бар және сол мезетте әртүрлі мәселелерді шеше алады, яғни екі нүктенің арақашықтығын, жер бөлігінің ауданын анықтау, жобаны нақтылыққа шығару деген сияқты. Сонымен бірге далалық жұмыстан кейін, камералық өңдеуге жергілікті жердің сандық-моделін жасауға болады. Айтылып отырған жаңа технология геодезиялық және жерге орналастыру жұмыстарының дәлдігімен жұмыс өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндігін береді. Жүйе жылжымайтын мүліктің нысандарының кадастрлық координаттарымен қамтамасыз етуге, құрылыста, инженерлік ізденістерде, жер беттерінің мониторингтерін жүргізуде, аэрофототүсірістерде қызмет көрсете алады.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Т.Есполов, Т.Жоламанов, Т.Пентаев, О.Абралиев Жер кадастры: Оқулық. /Авт. ұжымы Т. Есполов, Т. Жоламанов, Т. Пентаев, О. Абралиев/ Алматы, ЖОО студенттеріне арналған оқулық. 2013. - .264 б.