Реферат тақырыбы: «Жиынтық сұраныс және ұсыныс»



Дата24.11.2022
өлшемі43,25 Kb.
#159709
түріРеферат
Байланысты:
Макро
srs

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жиынтық сұраныс және ұсыныс»
Орындаған:
Тексерген:

Қарағанды, 2022 жыл


Жоспар
Кіріспе
1.Жиынтық сұраныс
2.Жиынтық ұсыныс
3.Тұрақтандыру саясаты
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет

Кіріспе
Жиынтық сұраныс және оларға әсер ететін факторлар


Экономиканың қысқа мерзімдік тербелісінің үлгісін құру үшін, ең алдымен оның классикалық ұзақ мерзімдік үлгіден иесімен ерекшеленетіндігін шешу керек. Макроэкономистердің көпшілігінің ойы бойынша, экономика дамуының қысқа және ұзақ мерзімдік кезендеріндегі сипаты, түпкілікті өзгешеліктері бағалардың әр түрлі динамикасына байланысты болады. Ұзақ мерзімдік кезеңде бағалар сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер етеді. Ал қысқа мерзімдік кезеңде көп тауарлардың бағалары белгілі бір деңгейде тұрақты болып табылады. Бағалардың әр түрлі экономика саясатының нәтижесі уақытқа байланысты болатынын көрсетеді.
Қысқа мерзімдік кезеңіндегі көп тауарлар ақша саясатындағы өзгерістер өзгеретерге әсер етпейді.
Ақша ұсынысының азаюы фирмалардың төлейтін жалақысын төмендетуге, дүкендердің сатып отырған тауарларға деген бағаларды қайта қарастыруға, пошта арқылы сауда жасайтын фирмаларға – жаңа каталогтар шығаруға, ал барлық мейрамханаларға үшін – жаңа меню жасауға деген мәжбүрлікті туғыызбайды. Керісінше, бағалардың көп түрі мәнсіз өзгерістерге ұшыррайды. Бұл бағаны икемсіз деп атауға болады. Бағаның осындай болуынан ақша сұранысының қысқа мерзімінде өзгеруінің нәтижесі ұзақ мерзімінен ерекше.
Экономикалық тербелістер үлгісі қысқа мерзімдегі бағаның икемсіз болғаныын ескеруі керек. Ақша ұсынысының өзгерісіне сәйкес бағалардың өзгермейтіндігіне, классикалық дихотомия принципінің сақталмайтындығына көз жеткіземіз.
Егер баға икемсіз болса, онда өнім көлемі классикалық үлгі анықтайтын деңгейден ауытқуы мүмкін. Классикалық үлгіде өндірілген өнім саны еңбектің және капиталдың жұмсалуына және қолда бар техника мен технологияға тәуелді. Бағаның икемді болуы шешуші рөл атқарады, классикалық үлгіде бағаның өзгеруі сұраныс өлшемінің ұсыныс көлеміне деген тұрақты теңдікті қамтамасыз етеді. Бірақ егер баға икемді болмаса, өндіріс көлемі тауарға деген сұранысқа тәуелді болады. Сұраныс, өз кезегінде ақша-несие, салық-бюджет саясаттарына және басқа да факторларға тәуелді. Сонымен, бағаның икемді болмауы ақша және бюджет саясаттарын экономикалық тұрақтандыруда пайдалануына негіз болады.
1. Жиынтық сұраныс.
Жиынтық сұраныс дегеніміз – сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.
Біз жиынтық сұранысының сандық ақша теориясының базасында қарапайым теңдеуін құра аламыз.
MV=PY
Мұнда: M- ақша ұсынысы
V- ақша айналымының жылдамдығы (мұндда ол тұрақты)
P- баға деңгейі
Y- өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейінее және өндірілген өнім санына тәуелді.
Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін.
M/P= (M/P)d =kY
Мұнда: k=1/V
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы M/P= (M/P)сұранысқа тең және сұранысқа өндірілген өнім Y санына пропорционалды екенін көрсетеді.
Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Y саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз . Р және Y әр түрлі мәндерінің байланысты келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін қанағаттандырады. Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.
Жиынтық сұраныс қисыығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (РY) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе,Y өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р және Y арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы және жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады.
Ақша айналымы жылдамдығы тұрақты болғандықтан, шығарылған тауарлар мен қызметтердің ақшалай көлемі ақша ұсынысының мөлшерімен анықталады. Баға деңгейі көтерілгенде тауар мен қызмет көрсетуге көп мөлшерде ақша қажеттігі туындайды, сондықтан сатып алынатын тауарлар мен қызметтер саны азаяды.
Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдау да осыны көрсетеді. Өндіріс көлемі өскен сайын жасалатын мәмілелер саны да көбейеді, демек М/Р нақты сипатында ақшаның көп қоры қажет. Тұрақты ақша ұсынысы кезінде ақша қаражатының қоры нақты күйінде ең төменгі баға деңгейі қойылған жағдайда ғана өсуі мүмкін. Және керісінше, ең төменгі баға деңгейіне ақша қаражатының көп қорлары сәйкес келеді, ақша көлемінің өсуі жалпы үлкен сомаға мәмлелер жасауға көмектеседі, яғни өнім өндіру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.
Жиынтық сұраныс қисығының қозғалуы. Жиынтық сұраныс қисығының графигі өнім көлемінің белгілі бір мәніне сәйкес салынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл графикте белгіленген М мәніне сәйкес келетін Р және Y мүмкін болатын үйлесулері өрнектелген. Егер ақша ұсынысы өзгерсе, онда Р және Y мүмкін болатын үйлесулер жиыны да өзгереді, яғни жиынтық сұраныс қисығы қозалады.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісі макроэкономикадағы негізгі базалық үлгі болып табылады. Үлгі төмендегідей сұрақтарға жауап беретіндігін қарастырдық. Олар:

  • Макроэкономикалық тепе-теңдік шартын анықтау;

  • тепе-теңдік жағдайындағы баға деңгейі және тепе-теңдік өнім көлемін есептеу;

  • экономикадағы баға деңгейі мен өнім көлемінің тербелісін түсіндіру;

  • жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгерістерінің себептерін көрсету.

Жиынтық сұраныс барлық макроэкономикалық агенттердің (үй шаруашылығының, фирмалардың, мемлекеттің, шет мемлекеттік сектордың) соңғы көрсетілген қызметтері мен өндірілген тауарларға деген сұранысының сомасы көрсетеді.

2. Жиынтық ұсыныс 


Жиынтық ұсыныс. Жиынытық сұраныс қисығы өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін анықтамайды, ол тек қана осы екі айнымалылар арасындағы мүмкін болатын қатынастарды көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге (Р) баға және (Y) өндірілген өнім көлемі арасындағы тәуелділікті енгізу керек.Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтары баға деңгейінің және өнім өндірісі көлемінің мәндерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсыныстын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді. Бұл қатынастың түрі уақыт аралығына тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар. Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныстар.
Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектің және классикалық теория бойынша тұрғызылады.

  • Өнім өндіру көлемі тек қана қолданатын факторлар санына, яғни капитал мен еңбекке, технологияға байланысты, ал баға деңгейіне байланысты емес;

  • Өндіріс факторы мен технологиядағы өзгерістер баяу болады;

  • Экономикадағы барлық өндіріс факторлары қолданылады, яғни өнім шығару көлемі әлеуетті өнім көлеміне тең;

  • Баға және атаулы еңбекақы икемді және олардың өзгеруі нарықтағы теңдікті қамтамасыз етіп отырады.

Жиынтық ұсыныс қысқа және ұзақ мерзім кезеңінде және оларға ететін факторлар. Экономикада көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін тауарларды нарыққа ұсынатын фирмалар. Ұзақ мерзім кезеңінде тауарлар лбағасы да, ресурстар бағасы да өзгереді (біріншіден номиналдды жалақы өзгереді), барлық бағалар икемді және бір біріне пропорционалды өзгереді. Сондықтан да, жиынтық ұсыныс көлемі баға деңгейінен тәуелсіз.классикалық ұсыныс қисығы сияқты, ұзақ мерзімдік ұсыныс қисығының түрі, вертикалық қисық түрінде (LRAS). Ресурстар толық жұмыс бастылық деңгейінде және нақты өнім әр уақытта потенциалды деңгейде болады (Ү*).
Бағалық факторларға орташа баға деңгейі жатады. Ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс талдауында баға өзгереді, ал өнім көлемі потенциалды деңгейде болады, яғни ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс көлемі, баға деңгейіне абсолютті икемсіз.
Бағалық факторларға орташа баға деңгейі жатады.
Қысқа мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс талдауында баға өзгермейді, ал өнім көлемі деңгейі өзгеріп отырады.
Бағалық емес факторларға: ресурстар бағасы(Р рес.), ресурс бағасыны әсер ететіндер: ресурс көлемі, шет мемлекет ресурстары, шикізат ресурстары нарығындағы монополия деңгейі, ресурс көлемі (Q), ресурстың өнімділігі (n), технологиялық прогресс (r), бизнеске салынатын салық(Tx), трансферттер (Tr), экономиканы мемлекет тарапынан реттеу (G).
Қысқа мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс қисығының функциясы мынадай түрде бейнеленеді:
AS=AS (P тауар, P ресурс, (Q), (n), (r), (Tx), (Tr), (G)).
Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген. Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Бағалардың икемсіз болуына байланысты қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығы тік түзу болмайды. Барлық фирмалар алдын ала тауарға деген бағасымен каталогтар шығарады, демек және жаңа каталогтар шығау шығындары белгілі бір мөлшерде маңызды деп ұйғарайық. Сондықтан барлық баға бұрынғы деңгейде қалады. Фирмалар белгілі баға деңгейі бойынша өзінің өніміне деген сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырымысшыларды жалдайды.
Қысқа мерзімдік тербелістерден ұзақ мерзімдік кезеңге дейінгі талдау. Талдауымыз келесі түрде қорытындылай аламыз: қысқа мерзімдік кезеңде баға икемсіз, жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген және жиынтық сұраныс өзгерісі өнім шығару көлеміне әсер етеді. Ұзақ мерзімдік кезеңде баға икемді, жиынтық ұсыныс қисығы тік және жиынтық сұраныс өзгерісі тек қана баға деңгейіне әсер етеді.

3.Тұрақтандыру саясаты.Экономикалық сілкініске байланысты жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгерісі.


Экономикадағы тербелістер жиынтық ұсыныстың немесе жиынтық сұраныстың өзгеруінен басталады. Экономистер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс немесе талықсытпа деп атайды.
Сілкіністің экономика әсері өндіріс көлемінің және жұмыспен толық қамтамасыздандырудың табиғи деңгейі ауытқуынан көрінеді. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі осындай шок әсерінен экономикалық тербелістердің пайда болу механизмін анықтайды. Сонымен қатар үлгі шоктың бейтараптануына және экономиканың тербелістерін жоюға бағытталған макроэкономика саясатының нәтижесін бағалау үшін қолданылады.
Тұрақтандыру саясаты дегеніміз өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат. Ақша ұсынысы жиынтық сұранысқа айтарлақтай әсер ететіндіктен, несие саясаты тұрақтандыру саясатының маңызды құрауышы болып табылады.
Жиынтық сұраныстың күрт өзгеруі. Банктер шотынан ақша беруге арналған автоматтарды ойлап табу қолма-қол ақшаны алуды жеңілдетті, яғни халықтың ақша қорына деген сұранысын төмендетті.
Жиынтық ұсыныстағы күрт өзгерістер. Жиынтық сұраныс жағынан болатын сілкіністер – экономикалық тербелістердің жалғыз қайнар көзі емес. Олардың тағы бір себебі жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкіністер. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер – бұл тауар өндірісін тоқтату салдарынан фирмалардың бағаны орнатуын қозғайтын экономикалық жағдайлардың күрт өзгеруі. Ұсыныс жағынан болатын сілкіністер баға деңгейіне тікелей әсер ететіндіктен, кейде оларды баға сілкіністері деп атайды. Баға сілкіністерінің бірнеше мысалдарын келтірмейік:

  • Өнімді жоятын құрғақшылықтар – азық-түлікке деген ұсыныстың күрт төмендеуі оларға деген бағаның өсуін туғызады.

  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардан зиянды заттардың қалдықтарын қысқартуды талап етеді – фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді.

  • Кәсіподақ күресі – шығарылатын тауарларға деген бағаны және еңбекақының жоғарылауына әкеп соқтырады.

  • Халықаралық мұнай қартельдерінің ұйымы – негізгі мұнай өндірушілерге мұнайға деген әлемдік бағаны көтеруге мүмкіндік беретін бәсекелестіктің шектелуі.

Қорытынды


Қорыта айтқанда, бағаның ұзақ мерзімдік кезеңде икемді болуы, ал қысқа мерзімді кезеңде икемсіз болуы ұзақ және қысқа мерзімдік кезеңдердің арасындағы басты айырмашылық болып табылады. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі экономикалық тербелістер және экономикалық саясаттың нәтижесінде болатын әр түрлі қайшылықтарды бағалау үшін қолданылатын талдау негізін қамтамасыз етеді.
Жиынтық сұраныс қисығығ неғұрлым баға деңгейі төмен болғансайын, солғұрлым тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс өлшемінің жоғары болатындығын көрсетеді.
Ұзақ мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығы тік, өнім шығару көлемі еңбектің және қолда бар технологиямен анықталады. Сондықтан да жиынтық сұраныстың өзгеруі баға деңгеіне әсер етеді, өнім шығару көлемі мен жұмыспен қамтамасыз етуге әсер етпейді.
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық ұсыныс қисығыкөлденен болады, себебі еңбекақы мен баға тіркелмеген. Сондықтан да жиынтық сұранысының өзгеруі өнім шығару көлеміне және жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейіне әсер етеді.
Жиынтық сұраныс пен жиынтық үсыныс жағынан болатын сілкіністер экономикалық тербелістерді туғызады. Ұлттық банк саясаты жиынтық сұраныс қисығының жылжуына әкеліп соқтыратындықтан осы сілкіністер қайшылықтарын жоюға, сөйтіп өнім шығару көлемін және толық жұмыспен қамтуды өз табиғи деңгейінде ұстап тұратындай мүмкіндік туғызады.

Қолданылған әдебиет



  1. Макроэкономика

  2. Қаржы, Авторы С.Құлпыбаев, Алматы 2007

  3. Қаржы, ақша айналысы және несие Р.О. Смағұлова, Қ.Ә.Мәдіханова 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет