Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ Тақырыбы: Кәсіпкерлік негіздер
Орындаған: Пердебай А.А.
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 2 – 020
Тексерген: Рысбекова Б.Б.
Қарағанды 2021 жыл
Жоспар: 1)Кіріспе
Экономикалық теория түсінігі
2)Негізгі бөлім
Экономикалық теория әдісі және қызметі
Кәсіпкелік ойлау жүйесі
3)Қорытынды
4)Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе: Экономикалық теория түсінігі
Біз экономиканы ғылым ретінде зерттеп, тану кезінде экономика жайында кешенді жалпы теориялық ғылым экономика теориясы екендігін естен шығармаған жөн. Экономикалық теория ресурстардың – шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау, және тұтынудағы іс – әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылымды айтамыз. Осыған орай, экономикалық теорияның зерттеп тану объектісіне:
Нарықтың қызмет ету механизімін;
Нарықта және оның сегменттерінде бар болатын жетілген және жетілмеген бәсеке;
Жеке шаруашылық сфералардың монополиялану дәрежесін;
Бағалық және бағалық емес бәсекенің формулалары мен әдістерін;
Нарық қатынастарын реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін жатқызамыз.
Экономикалық теория негіздері пәнін оқытудың басты мақсаты - қоғамда экономикалық қарым – қатынастардың дұрыс қалыптасуын, мемлекет экономикасының дамуын, әлеуметтік жағдайдың жоғары болу шарттарын, экономика саласында адам еңбегі мен жалпы адамзаттың алатын рөлін объективті түрде бағалауға, түсінік қалыптастыруға өз үлесін қосу болып табылады.
Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Ол классикалық саяси экономия еңбектерінен бастау алады. XVIII – XIXғғ. барысында ғылым ретіндегі экономикалық теория пәні «саяси экономия» деген атпен дамыған. XIX ғасыдың үшінші ширегінде саяси экономия «экономикс» курсына ауыстарылды. Ағылшын тілді елдерде ғылым осы атаумен дами бастады.
«Экономикалық теория негіздері» пәні әр түрлі экономикалық жүйелерде қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары туралы, сонымен қатар, шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық принцптері мен мотивтері туралы студенттерге теориялық білім беру, мемлекеттік және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда экономикалық көзқарас пен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру мақсатын алға қояды.
Пәннің негізгі міндеттері мынандай:
Экономикалық мәселелер бойынша ғылыми жинақталған негізгі теориялық танымдарды білу;
Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін – өзі реттеу механизмдерін білу;
Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу.
Негізгі бөлім: Экономикалық теория әдісі және қызметі