Реферат тақырыбы: Өнімнің сапа деңгейіне анықтама беріңіз Орындаған: Әбдіғаппарова А



бет1/6
Дата11.01.2022
өлшемі31,56 Kb.
#110991
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
стандарттау


М.Әуезов атындағы Оңтустік Қазақстан Университеті

«Химиялық инженерия және Биотехнология» жоғары мектебі

« Биотехнология» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Өнімнің сапа деңгейіне анықтама беріңіз

Орындаған: Әбдіғаппарова А.

Тобы: ХТ-18-5к1

Қабылдаған:Қалдыбаева Б.

Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Өнім сапасының көрсеткіштері

2.2.Өнім сапасына әсер ететін факторлар

2.3.Өнім сапасының деңгейін бағалау әдістері



3.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

2.1.Өнім сапасы — өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі.

Сапа - өнімнің қасиеті мен көрсеткіштерінің бірлесуі, өнімге белгілі және қажетті сұраныс.

Өнімнің сапа деңгейі оның көрсеткіштер жүйесінің негізінде анықталады. Ол деңгейді анықтау үшін әр көрсеткіштің сандық мағынасын біліп, салыстыруға негіз ретінде алынған өнім көрсеткіштерімен салыстыру керек. Өнім сапасының көрсеткіштері ретінде оның сандық мазмұнын табу танылады. Ол үшін іс жүзінде өнім ерекшеліктеріне байланысты бірнеше әдістер қолданылады:



  • өлшеу әдісі (құралдар мен жабдықтар көмегімен);

  • тіркеу әдісі, ол тіркеу мен санаққа негізделеді (белгілі оқиғалар, заттар). Тіркеу әдісі арқылы патенттік-құқықтық, стандарттау, унификациялау сияқты көрсеткіштер анықталады.

  • есептеу әдісі өнім сапасын анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді пайдалануға негізделеді;

  • органолептикалық әдіс адамның сезу, тану мүшелерінің талдауын қарастырады;

  • әлеуметтік әдіс өнім туралы тұтынушылардың көзқарастарының талдауының негізінде жүргізіледі;

  • эксперттік әдіс мамандар (дизайнерлер, дегустаторлар және т.б.) тобымен іске асырылады.

 Cонымен, осы әдістерді сызба түрінде беретін болсақ, ол жоғарыдай болып келеді.

Сонымен қатар, іс жүзінде өнім сапасын бағалау үшін өнім сапасынның жеке және жалпылаушыларын қамтитын көрсеткіштер қолданылады. Сапаның жалпылаушы көрсеткіштері өнім сапасын бір кәсіпорын бойы тұтастай сипаттайды. Оларға сорттылық, марка, класс, пайдалы заттың болуы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнім үлесі және т.б.

Жеке көрсеткіштер түрлі болып келеді де, олар өнімнің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты болады. Оларды үлкен екі топқа жинақтауға болады: жеке еңбек құралдарының көрсеткіштері және жеке еңбек қаражат құралдары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет