Реферат тақырыбы: Тауықтарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигеналық талаптар



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі52,5 Kb.
#98261
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Срс гигена Жұмаш Ақерке1 Вс-315



Қазақ Ұлттық Аграрлық Ғылыми Зерттеу университеті

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Тауықтарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигеналық талаптар.
Орындаған: Жұмаш Ақерке Факультет:Ветеринариялық санитария
Тобы: Вс-315
Тексерген: Алпысбаева Гульмира

Жоспар:
Кіріспе
Тауықтар туралы мәлімет
Негізгі бөлім
Тауықтарға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық санитариялық және гигеналық талаптар
Қорытынды

Кіріспе
Тауықтар — тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі – бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

Әтеш пен тауық
Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 – 2,2, қоразы 2,5 – 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 – 2,8 және 3,4 – 3,8; етті тұқымы 3 – 3,5 және 3,8 – 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 – 41 г. болса, 7 – 8 аптада 1,5 – 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 – 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 – 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 – 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 – 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 – 50 г, ал соңына қарай 57 – 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 – 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 – 60%-ы жас, 30 – 35%-ы – 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 – 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі – арнайы дайындалған құрама жем.
Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады.
Негізгі бөлім

Құс шаруашылығы - мал шаруашылығы құрамындағы ең тез жетілгіш, әрі қысқа мерзім ішінде көптеген жұмыртқа мен құс етін аз шығын жұмсау арқылы өндіруге болатын сала. Тауықтың жұмыртқасы мен еті құнды тағам ретінде есептеледі. Олар ақуызға өте бай, құрамында жеңіл сіңірілетін май, көмірсу, витаминдермен бірге минералды заттар болады. Мысалы: бройлер балапанының етінің құрамында 22, 5% ақуыз болады, күркетауық етінде 21% , үйректің етінде 17% , қаздың етінде 15% , ал қой етін ақуыздың мөлшерін 14, 5%, шошқа етінде 13, 8%болады.


Құстар мынадай шаруашылық-биологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді: 1. Жоғары өсімталдығымен, бір мекеннің жылына екі жүзге дейін балапан алуға болады. 2. Жыныстық тез жетілуімен, тез жұмыртқалайтын мекеннің тұқымдары 4 -5 айлығында жұмыртқа сала бастайды. 3. Тез өсу жылдамдығымен, етті тұқым балапандары 63 күнде 800 -1200 г салмаққа жетеді. 4. Жоғары сойыс етімен, 80%ұшасы салмағының тағамға жарамды бөлігі. 5. Денесінің жоғарғы температурасымен, 40 -41˚C. 6. Күшті және қарқынды газ алмасуымен ерекшеленеді.
Археологиялы қ қазбалардың мәліметі бойынша, үй тауықтары бұдан 5000 жыл бұрын Үндістанда қолға уйретіле бастаған. Содан шығыс пен батыс елдеріне тараған. Қазіргі үй құстарының жабайы құстардан айырмашылығы мол, көп өзгеріске ұшыраған. Егер банкив тауығы жылына 8 -14 жұмыртқаласа, үй тауықтары, мысалы: леггорн тауығы 12 айда 280 -290 дана жұмыртқа береді. Банкив әтеші 0, 9 -1, 2 кг салмақта болса, бройлер тауығының балапаны 49 күнде 1, 3 -1, 5 кг салмақта болады. Тауықтың өнімділігі мен олардың денсаулығының күйі көп жағдайда мінез-құлықтарына және бірімен өзара қарым-қатынастарына байланысты. Тауықтардың мінез-құлқын байқай отырып, кейбір тауықтардың шұқитын және басқаларын астаушадан қуатынын байқауға болады. Әсіресе, бұл шектен тыс тығыз қондырғанда, азықтану мен суарудың шағын көлемінде жиі байқалады. Өзін күйзелісте сезінген тауықтар азықты аз жейді, оны нашар сіңіреді, жұмыртқаны аз салады.
Құстардың шұқуы рациондағы ақуыздың күрт азаюынан, су ішудегі үзіліс болуынан, ас тұзының немесе кейбір микроэлементтердің, витаминдердің жетіспеушілігінен, құстардың шамадан тыс тығыз тұруынан, әр түрлі салмақтағы құстар секциясын жабдықтаудан, жарықтың шамадан тыс күшті сәулеленуінен, дененің қауырсынданбаған жерлерінде қан тарататын тамырлардың анық байқалуынан және басқа да жағдайда болуы мүмкін. Еркін Торда Жер көлемін ұлғайту, жеке бақылау Құстар еркін қозғала мен құстарды алады, бұл жарамсыздыққа денсаулықтарының шығару; мекиендер тобын жақсы күйін және бірқалыпты өнім алу үшін жұқпалы ауруларға жабдықтау жеңілдей төзімділігін түседі; өнім өндіруге азық жоғарылатады. Жұмыртқ шығыны а жақсы береді. азаяды; неғұрлым таза жұмыртқа алынады және т. б. Ауыстырылмайтын төсенішті төсер алдында еденді жуып, дезинфекциялайды. Төсеніш ретінде сабан, жүгерінің майдаланған сабақтары, ағаш ұнтағы алынады. Алдымен төсеніш қалыңдығы 6 -8 см болады, сосын он күннен кейін оның қалыңдығы 20 -25 см жеткенше тағы төсейді. -Типтік құс қораларының ұзындығы 72, 84 және 96 м, ені 12 және 18 м болады. -Құсты қораға кіргізбестен қораны және қондырғыны дайындау керек. -Құстарды топпен ұстайды, бір секцияда 1000 бас құс болады. 5 -6 құсқа бір ұяшық орнатады. Құсты орнату тығыздығы 5 -6 баc/м³. Зақымдалған, мұздаған, ылғалды, шіріген төсенішті қолдануға болмайды. Торда ұстаудың артықшылығы: -Орнату тығыздығының жоғарылығы 30 бас/м³; -санитариялық гигиеналық жағдайды жақсарту; -азық экономиясы(10%); -жоғары өнімділік. Торда ұстаудың кемшіліктері: Бағасының қымбаттылығы, созылмалы стресс, технологиялық аурулардың пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет