Реферат тақырыбы: Температура. Температураның тәжірибелік және абсолюттік шкалалары. ОрындағАН: ҚалмаханА



бет1/3
Дата04.01.2022
өлшемі28,12 Kb.
#109088
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Қалмахан Айдана молфиз реферат 3к5


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВАТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚТАН УНИВЕРСИТЕТІ

<<ФИЗИКА>>КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Температура. Температураның тәжірибелік және абсолюттік шкалалары.

ОРЫНДАҒАН: ҚалмаханА

ГРУППА: ЕП-20-3к5

ҚАБЫЛДЫҒАН: Аблязимова Н



Температура туралы түсінік. Термометрлер.

Физикалық жүйенің ең маңызды бір сипаттамасы  температура болады. Температура  деген физикалық қасиетке тек  қана өте көп бөліктерден құралған жүйе ие бола алады, ал жеке бір бөлшек оған ие бола алмайды 


Температура денелер жүйесінің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайды: жүйедегі бір-бірімен жылулық тепе-теңдікте тұрған денелердің температурасы бәрінде бірдей болады.  
Екі дененің температурасы бірдей бол-ған кезде олардың арасында жылу алмасу болмайды. Егер денелердің температурасы әр түрлі болса, онда олардың арасында жылулық жалғасу болған кезде энергия алмасу жүретін болады. Сонда температурасы жоғары дене энергияны температурасы төмен денеге береді. Денелердің температуралар айырмасы олардың арасындағы жылу алмасудың бағытын көрсетеді. Жылу құбылыстары жөніндегі барлық ілімде температура ұғымы басты орын алады. Біздің бәріміз де суық және ыстық денелер арасындығы айырмашылықты өте жақсы білеміз. Біз қай дененің күштірек қызғанын қолымызды тигізіп анықтай аламыз, және бұл дененің температурасы әлдеқайда жоғары екен дейміз. Температура дененің қызулық (суық, жылы, ыстық) дәрежесін
Термаскоп приборын ең бірінші рет 1596 жылы (термо – жылу, скопия - қарау) Галилео Галилей ойлап тапқан.
1657 жылы флорентия оқымыстылары термоскоп ойлап шығарған.  
1714 жылы голандия оқымыстысы Д. Фаренгейт сынап термометрін ойлап тапты. 
32 0F мұздың еруі, 212 0F судың қайнау температурасы болады. Бұл қазір Америкада қолданылады.
1730 жылы француз физигі. Р.Реомюр спирттік термометрін ойлап тапқан. (2.г сурет) 
Швеция физигі А.Цельский сынап термометрін тапқан. (2.д сурет). 
Бірқатар термометр түрлерімен атап өтсек, шыны термометрде сынап немесе спирт болады. Ол термометрмен өте төмен температураны өлшеуге болады. 
Ал, өте сезімтал сандық термометрлер – электрондық компоненттен тұрады. Ол температураның сандық мәнін бірден көрсетеді.  
Максимум және минимум термометрлері. Өте төмен және өте жоғары температураны өлшеуге арналған. 
Сұйық кристалдар термометрі құрамында сұйық кристалдар болғандықтан, дене температурасы көтерілсе әр түрлі түске боялады. Мысалы: қара түске боялса, 40 0С көрсеткені, сары түске боялса, 38 0С болады. 
Температуралық шкалалар 
Температураны өлшеу үшін үш негізгі шкала бар. 
1.Фаренгейт (британская) 
2.Цельский шкаласы (метрическая) 
3.Абсолют температураның шкаласы (х б ж). Кельвин бірлігімен өлшенуі. 
Температураның бір түрін екінші түріне айналдыру формулалары. 
Ағылшын ғалымы У.Кельвин температураның абсолют шкаласын енгізді. Абсолют шкала бойынша (сондай-ақ оны Кельвин шкаласы деп те атайды), нөлдік температура абсолют нөлге сәйкес келеді, ал бұл шкала бойынша температураның әрбір бірлігі Цельский шкаласындағы градусқа тең.

Температура : Жылулық тепе-теңдік кезінде барлық денелердің температуралары  бірдей, сондықтан оны жылулық  тепе-теңдік күйінің сипаттамасы деп есептеуге болады. Температурамен таби- ғаттағы барлық сұйық заттарды қарастыруға болады.

Мысалы: мұнай өнімдерінің салаларын  қарастырсақ, майды қоюландырып, оның қозғалтқышын жоятын температура қыста 5 градустан 20 градусқа дейінгі температурада пайдаланылады, ал жазда 20 градусқа дейін.Ал, дене мен температураны өлшейтін аспапты- термометр деп атайды. Оларды тікелей жанастырсақ температуралары теңеседі, яғни жылулық тепе-теңдік орнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет