Реферат Тақырыбы: Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру Орындаған: Нуртай А. А. Тобы: тп-20-3к



бет1/4
Дата27.12.2023
өлшемі57,39 Kb.
#199631
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Ақерке реф тәрбие
дерек эссе, 363493 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ





Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

ФАКУЛЬТЕТ «ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА»


КАФЕДРА «ЖАЛПЫ ТАРИХ ЖӘНЕ МУЗЕЙ ІСІ»


Реферат


Тақырыбы: Тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру
Орындаған: Нуртай А.А.
Тобы: ТП-20-3к
Қабылдаған: Айтжанова А.Б.
Шымкент, 2023 жыл
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы және оның тиімділігінің шарты

  2. Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинактап қорытындылау

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі – мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушы (оқушы) тұлғаның дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды.Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, «мендік» белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет