«Мақсат» медициналық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:« Психология ғылымы, мақсат-міндеттері,
салалары, зерттеу әдістері»
Орындаған: Сагингалиев.С.М, Стомотология, ДТ-11
Тексерген: оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Талпакова С.А.
Орал-2020
Жоспар
Кіріспе
I. Психология ғылымы
1. Психология және философия
II. Психология тарихы
III. Психология мыңызы
1.Психология ғылым ба?
2.Психология ғылым.
3.Психология ғылым емес
Кіріспе
Психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрніс беруі заңдылықтары туралы ғылым.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.
Психология ғылымының зерттеу пәні – психика
Психика туралы түсінік. Психика – материя қасиеті, мидың қызметі болуы мен психика дамуының алғы шарты, бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, біріншіден, қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстарын бейнелеу, екіншіден, осы негізде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру. Психика деп әркім өз тәжірбиесінен жақсы білетін; сезім, елестету, ой талап, сол сияқты адамның қызығуы мен қабілеттерін, темпераментін, және мінез-құлықтарын айтады. Психология пәніне субъектінің табиғатпен, әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы, жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі жатады.
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын кезеңдерді басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |