Реферат Тақырып: «Геодезиялық және картографиялық өндірістік қызметтің түрлері мен процестері. Мемст бойынша жоспарлардағы геодезиялық шартты белгілер. Ст кз тауардың шығу сертификаты»



бет1/2
Дата14.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#162761
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Нарсутбай С.М 20-17 ГиК Метралогия


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық унивеситеті» ҚеАҚ

Реферат
Тақырып:


«Геодезиялық және картографиялық өндірістік қызметтің түрлері мен процестері. МЕМСТ бойынша жоспарлардағы геодезиялық шартты белгілер. СТ КЗ тауардың шығу сертификаты»

Орындаған: Нарсутбай С.М.


Тексерген: Қуанышбек Т.К.

Астана 2022


Мазмұны



Кіріспе

3

1 Геодезиялық қызметтің негізгі қызметтері

4

1.1 Геодезиялық қызметтің негізгі міндеттері

4

2 Карта бағдарламаларының рөлі

5

2.1 Геодезиялық шартты белгілер

6

3 СТ-KZ Сертификаттау

8

3.1 СТ-KZ сертификатын қалай алуға болады

9

Қорытыңды

10

Қолданылған әдебиеттер

11

Кіріспе

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері Қазақстанда ауыспалы кезеңде қолданылатын базада басқару құрылысына және заңнамаға, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметінің құқықтық реттеу негіздеріне, сонымен қатар ұсынылатын талаптарға, шарттар мен шектеулерге, нормативтік-техникалық құжаттарға, халықарылық нормативті құқықтық актілерге сәйкес жетілдірілуі керек.
Мемлекеттік нормативтердің басты бағыттылығы – пайдалану кезінде салынған объектілердің тұрақты жұмыс істеуі, құрылыстың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету, құрылыс және жобалау өнімдерін тұтынушылар құқығын қорғау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде өмір мен тіршілік ету ортасының қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайды жасауда қоғам мен азаматтардың заңмен қорғалатын қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Сертификат - тауардың шығу тегін, қай елдің өнімі екенін көрсететін құжат. Бүгінгі әңгімеміз отандық тауарлар сертификаты жайлы болмақ. Бұл сертификат кедендік рәсімдеулер кезінде керек.
Мемлекеттік сатып алуға қатысып жатқан, қолында СТ-KZ сертификаты бар кәсіпкер басқа кәсіпкерлерге қарағанда басымдыққа ие болады. Мәселен, екі кәсіпкердің конкурсқа ұсынылған бағалары тең түскен жағдайда отандық тауар өндірушінің пайдасына оң шешім шығарылады.
Қазіргі таңда Кәсіпкерлер Палатасы СТ-KZ сертификатын Индустриалды сертификатқа ауыстыру жайлы ұсыныс көтеруде. Сондай-ақ, индустриалды сертификаты бар кәсіпкерге сатып алу кезінже жеңілдіктер қарастыруда.

1 Геодезиялық қызметтің негізгі қызметтері


Геодезиялық қызметтің функциясына:


а) құрылыстың барлық сатысындағы инженерлік-геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
б) бөлу негіздерін тапсырыс берушіге қалпында бекіту туралы акт бойынша өткізу;
в) координаталардың және қада белгілері, құрылыс торлары, сұлбалар мен абристер орындарының биіктік катологы, олардың орналасуы, жоспарлары мен профилдері, негізгі коммуникация жолдары, құрылыс басталғанға дейін геодезиялық іздестіру туралы қысқаша есеп беру;
г) бас жоспар мен бөлу сызбаларын жобалау ұйымдарының сапалы және дұрыс құрастыруын бақылау;
д) атқарушы түсірілім мен есептік құжаттама құрастыру кіреді.

1.1 Геодезиялық қызметтің негізгі міндеттері


Құрылыс ұйымы геодезиялық қызметінің негізгі міндеттері осы ҚР ҚБҚ талаптарымен анықталады.


Геодезиялық қызметтің негізгі міндеттеріне:
а) құрылыс өндірісін жобалау, дайындау және геодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезеңдеріндегі жоба авторларымен жобалау және құрылыс шешімдерін талқылау және келісу;
б) құрылыс ұйымдарымен әзірленген ЖӨЖ талқылауға және келісуге қатысу, сондай-ақ, геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізу және бақылаудың технологиялық карталарын талқылау және келісу;
в) жобалау ұйымдарынан объектінің бөлу негіздері мен техникалық құжаттамасын акті бойынша қабылдау, оларға далалық тексеріс жүргізу;
г) ұйымдарға геодезиялық бөлу негіздерін, сұлбаларды, сызбаларды түсіндірме жазбахатпен акті арқылы өткізу;
д) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау, аяқталған техникалық операцияларды аспаптық қабылдау, құрылыс объектілерін геодезиялық қамтамасыз етуді тексеру, техникалық құжаттаманы есепке алу және сақтау, өлшеу құралдарының жағдайын бағалау;
е) өлшеу жүргізудің және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды бақылаудың жаңа әдістемелер мен техникалық карталарды құрылыс процесіне енгізу және құру;
ж) ұйымдық шешімдерді және ақпараттық-комиьютерлік технологияларды жүзеге асыру, геодезиялық қызметті әдістемелік басқаруды сақтау;
и) жаңа геодезиялық әзірлемелерді, спутниктік, навигациялық жүйенің инновациялық технологиясын, электрондық тахеометрияны, аэро және жер беті фотограмметрияны сандық фотограмметрияның автоматтандырылған жүйесін пайдалану арқылы енгізуге көмек көрсету;
к) құрылыс ұйымына замани геодезиялық жүйе мен аспаптарды (электрондық тахеометр, теодолиттер, лазерлік қашықтық өлшеуіштер, объектілер, нивелирлер, ротациялық нивелирлер) енгізу;
л) геодезиялық қажетті аспаптармен, құралдармен және қажетті жабдықтармен жарақтандыруды есепке алу, оларға қажеттіліктерді анықтау, геодезиялық аспаптар мен қосымша құралдардың орташа мерзімін ескерумен оларды жөндеу және тексеруді бақылау;
м) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті қорғау;
н) геодезиялық бөлім қызметкерлерін оқуға, білімдерін қорытындылауға және геодезиялық жұмыс жүргізуге озық геодезиялық қызметтерді тәжірибе енгізуге тарту жатады[1].

2 Карта бағдарламаларының рөлі


Топографиялық карталарды құру жəне оларды жаңарту төмендегі кезеңдерді қамтиды:


- техникалық жобасын құру;
- аэрофототүсіру;
- дайындық жұмыстары;
- жоспарлы жəне биіктіктік жаңарту, геодезиялық жұмыстар;
- аэрофотосуреттерді фотограмметриялық өңдеу;
- изосызықтар жүргізу үшін картаның негіздерін дайындау; - аэрофотосуреттерді камералық дешифрлеу, фотограмметриялық əдіспен жергілікті жердің бедерін құру;
- аумақта далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- картаның далалық түпнұсқасын рəсімдеу жəне оларды картаның басқа беттерімен үйлестіру;
- картаның түпнұсқасын басып шығаруға дайындау;
- картаның түпнұсқасын тексеріп саралау;
- картаны типографияда басып шығару сатысы.
Дайындық жұмыстары бұрын басылған карталар мен аэрофототүсірулерді жинап жүйелеуді, жергілікті жердің өзгеруін мұқият талдауды, жүргізілген жұмыстардың көлемі мен олардың бағасын анықтауды қамтиды. 1:10 000 масштаб-ты карта үшін (1:12 000 жəне 1:14 000); 1:25 000 масштабты карталар үшін (1:20 000, 1:25 000 жəне 1:40 000) 1:50 000 масштабты карталар үшін (1:32 000, 1:35 000 жəне 1:64 000); маэрофототүсірілімдерді құрылатын немесе жаңартылатын картаның масштабына жақын етіп алады (1-сурет)[2].







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет