Рефераты қызылорда 2013



бет1/2
Дата21.03.2017
өлшемі488,38 Kb.
#12039
түріРеферат
  1   2
ӘОЖ 37.036: 303.4255: 398.5: 37.011.32-052 Қолжазба құқығында


Наурызбаева Айгерім Қожамжарқызы


Халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастыру
6М012000 – «Кәсіптік оқыту» (сала бойынша) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
РЕФЕРАТЫ

Қызылорда 2013

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық институтінің, кәсіби оқыту және бейнелеу өнері кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты

Ш.З. Қошқарова

Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты

А.Е. Байбатшаева

Диссертация 2013 жылдың _________күні, сағат_______Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, №75, №6 оқу ғимараты, «Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы, 2 қабат _________дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ҒТК танысуға болады.


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамындағы бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгертуге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген.

Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып Қазақстан Республикасы қазіргі отандық білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі ұштасып жататын азамат етіп тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру.

Ел басы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарлама саясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың қажеттілігі өте зор.

Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси қөзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда таныта біліп, салт-дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр, сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері.

Әр халықтың қолөнері оның тарихы мен әдет-ғұрып, салт-санасымен астасып қатар өркендейді, қолөнері адамның әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты қабылдау қабілеттілігін арттырады. Ол арқылы біз зор рухани эстетикалық тәлім алып, әлемдік өнер шынына қанат қағамыз. Кішкене түймеден бастап, толып жатқан үй жиһаздары, киім кешек, ыдыс-аяқ, әсемдік, сәндік бұйымдары т.б., барлығы да халық қолөнерінің туындылары болып табылады.

«Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді» - деп М.Әуезов айтқандай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсіру қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Халық өнері – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Халықтық педагогика жас ұрпақты ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ерекшелігіне қарай баулыған. Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды халық өнеріне үйрету бағдарламасын басшылыққа аламыз. Ұлттық өнер ерекше көркемдікке негізделген, сәнділігі, ырғақтығы, пішімі мен үйлесімділігі эстетикалық ләззат беретіндей дүниелерді, пайдаланып, жас ұрпақты қолөнерге үйрету арқылы олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттыруға еңбек арқылы тәрбиелеуге ерекше назар аударылуы керек.

Қай халықтың өнеріне, бейнелеу мәдениетіне зер сала қарасақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық қөзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз.

Қай кезеңде болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болуы хақ. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеуде, ұлттық салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен сабақтастыра тәрбиелеу -қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Қазақ халқының қолөнері материалдарын оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамын қалыптастырудың құрамды бөлігі ретінде қарастыру диссертациялық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастару жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану проблемасының тамыры терең бастаулар алады.

Өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру және эстетикалық тәрбие мәселелері бойынша Әл-Фараби [8], Қ.А.Ясауй [9], Ж.Баласағұни [10], Е.Ш.Қозыбаев [13], С.Ш.Абенбаева [15], Г.В. Лапп [18], Т.Ж. Шилибаева [19], К.Е.Ибраева [20] т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Сонымен қатар оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесіне елеулі мән берген ғалымдар С.Ұзақбаева [14], Б.Әлмұқанбетов [33], А.А.Қалыбекова [17], С.А.Жолдасбекова [21], А.Қ.Ералина [21], Ш.З.Қошқарова [22], А.Ә.Суюбердиева [23] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде де ерекше мән берілген.

Халық өнері негізін зерттеген ғалымдар К.Амиргазин, Қ.Ералин, А.А.Қалыбекова, С.А.Жолдасбекова, Е.С.Асылханов, Ж.Балкенова т.б. ғалымдар еңбектерін атауға болады.

Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа өзгерістердің дамып отыруы әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда эстетикалық, психологиялық және педагогикалық тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен қарастырылған.

Дегенмен халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық, ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі де тапшы.

Демек, халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру қажеттілігі мен оның теориялық негізделуінің және әдістемелік жабдықталуының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады.

Сондықтан, бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екенін дәлелдейтін жағдай. Осыны негізге ала отырып халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатында, ғылыми-теориялық негізде бір жүйеге келтіру және зерттеу мазмұнын айқындайтын «Халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастару» атты зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.



Зерттеу мақсаты: Халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.к және эстетикалық...............................

Зерттеу нысаны: Халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу пәні: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда қазақ халық өнерін пайдалану.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, қазақ халық өнері құралдары негізінде оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделсе, мүмкіндіктер айқындалып, әдістемелерімен қамтамасыздандырылса, қазақ ұлттық қолөнерінің мазмұны жүзеге асырылса, онда оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда халықтық өнерінің орны айрықша роль атқарады.

Зерттеудің міндеттері:

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық............................... қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастырудың мүмкіндіктерін, оның моделін өңдеу;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастырудың әдістемесін жасау;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастыруға арналған әдістеменің тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру.

Жетекші идея: оқу-тәрбие үдерісінде халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: өскелең ұрпақ тұлғасын қалыптастыруы мен дамуының бірыңғай үдерісіндегі ролі және орны туралы көркемдік және эстетикалық ілімдер; халық өнері негізінде оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жөніндегі қағидалар; жеке тұлғаны қалыптастыру және дамытудағы ролі, қазақ халық өнері оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастырудың мүмкіндіктерін, оның моделін өңдеу тұжырымдамалары.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, педагогтар, өнертанушылар және т.б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; шетел және ТМД елдері ғалымдарының зерттеу жұмыстары, әр дәуірде өмір сүрген қазақ ойшыл-ғұламаларының қолөнері туралы ой-пікірлері; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қазіргі білім беру және тәрбиелеу тәжірибесінде қазақ халық өнері идеяларын пайдалану бойынша нормативтік құжаттары (тұжырымдамалар, бағдарламалар және т.б.); мектептерде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері: дерек көздеріне нақтылы және салыстырмалық талдау жасау; психологиялық-педагогикалық, этнопедагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; халық өнері материалдарын жинақтау және өңдеу, әдістемелік құралдарын пайдаланудың озық педагогикалық тәжірибелерін оқып-үйрену; оқушылардың эстетикалық талғамдары бойынша іс-әрекетін зерделеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2011-2012 ж.ж.) – зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми жұмыстың тақырыбы айқындалды. Зерттеу мәселесіне сәйкес дереккөздеріне салыстырмалық-тарихи, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, ғылыми еңбектерге талдаулар жасалынды. Зерттеудің ғылыми аспектісі көрсетілді, оның мүмкіндіктері анықталды.

Екінші кезеңде (2012-2013 ж.ж.) – халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық............................... қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау; моделін жасау; оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздері нақтыланып, әдістемесі ұсынылды. Тәжірибелі эксперимент жұмыстың нәтижелері қорытындыланды және талданды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық............................... қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделді;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастырудың мүмкіндіктерін, оның моделін өңдеу анықталды;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастырудың тиімді әдістері ұсынылды және эксперимент жүзінде нақтыланды.



Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысында алынған нәтижелер халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық...............................қалыптастырудың оқу-тәрбие үрдісінде іс тәжірибесінде қолданыс табуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық............................... қалыптастырудың теориялық мәнін негіздейтін ұғымдар, нақтыланған анықтамалар;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық............................... қалыптастырудың теориялық моделі арқылы сипатталады;

- халық өнері негізінде оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын к және эстетикалық............................... қалыптастыру әдістемесінің мазмұны жүзеге асады.



Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі: зерттеу нәтижелері әдіснамалық негіздерге сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге жасалған жан-жақты талдауымен және оларды зерттеу барысында негізге алынуымен, эстетикалық тәрбиелеу әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік эксперименттік жұмыс барысында тексерілуімен нәтижесінің халық өнері оқу-тәрбие үрдісіне енгізілумен қамтамасыз етілген.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу: зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми баяндама түрінде: Халықаралық ғылыми-педагогикалық конференцияларда: «Оқушылардың эстетикалық талғамын халық өнері арқылы қалыптастыру (Қызылорда, 18-19.10.2012); Республикалық конференцияларда: Совершенствование технологического образования студентов к эстетическому воспитанию школьников (Семей, 26-27.04.2012 – 69-73), Халық өнері негізінде жастарға эстетикалық және ұлттық тәлім-тәрбие беру // Қарағанды Болашак университеті «Қазіргі заманғы маңызды мәселелері» (халықаралық ғылыми журнал) № 6(86), 2012 жарық көрді.

Зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Қызылорда қаласындағы № 136 Т.Жүргенов атындағы орта мектебі, №39 Қызыл Өзек орта мектебі.

Магистрлік диссертацияның құрылымдық мазмұны: Магистрлік диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша тіркелген материалдан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі – 80 бет, қолданылған деректер тізімі – 94 әдебиеттерден тұрады.
Негізгі бөлім

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету - оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Оқушыларды өнерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасырлар бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен емес сұлулық сырымен, сәнімен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты сөз өрнегімен суреттеп те отырған.

Бүгінгі таңда педагог - ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жай-күйі, өзіне тән ерекшеліктері: М.Х.Балтабаев, Қ.Жарықбаев, А.А.Қалыбекова, С.А.Ұзақбаева, Т.А.Қышқашбаев, Р.К.Дүйсенбинова, С.А.Жолдасбекова, А.Қ.Ералина және т.б. еңбектерінде арнайы зерттелген.

Халық өнері оқушыларға идеялық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің басты ұранының бірі болғандықтан, оны жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысында пайдалану ісі қазіргі таңда өзекті мәселе болып есептеледі. Әрбір сабақ көрнекті де қызғылықты, мазмұнды, да мағыналы ұйымдастырылса, эстетикалық тәлім-тәрбиенің сапасы да артады.

Өнер – эстетикалық тәрбиенің басты құралы болып табылады. Әр өнер тұрмыстық заттың қажеттілігінен пайда болсада, ол қажеттілік заңына ғана емес сұлулық заңынада бағынған. Сұлылық сезім болмыстың көркем көріністерінен, өнердің сұлу заттарынан әсемдік көрініс тапқан.

Халық өнері оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу туған елдің табиғатын бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады, сынып оқушыларын қолөнерге, жүннен сәнді бұйымдар жасауға баулу, олардың түстерінің, формаларының, пропорцияларының тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.

Негізінде эстетикалық тәрбие көркемдік тәрбиемен тығыз байланысты, өйткені көркемдік тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген көркем шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Кесте 1 – Көркемдік және эстетикалық тәрбиенің

міндеттерінің ұқсастығы

Көркемдік тәрбиенің міндетері

Эстетикалық тәрбиенің міндетері

1

2

білімдерді қалыптастыру

білімдерді қалыптастыру

мәдениетке тәрбиелеу

мәдениетке тәрбиелеу

ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру

ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру

көркемдік сезімдерді қалыптастыру

эстетикалық сезімдерді қалыптастыру

адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу

адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі сырын ашу

өз өмірін және іс-әрекеттерін ішкі дүниеміз бен жан-жүйемізге сай құру қажеттіліктерін дамыту

өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту




шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату

Эстетикалық тәрбие дегеніміз оқушылардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қарым-қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.

Барлық адамдарға сұлылық сезім тән болғанымен эстетикалық талғам адамның сезімінде әлеуметтік ортаға, тапқа, ұлтқа, дәуірге байланысты болып тәрбиемен қалыптасып дамып отырған.

Қазіргі уақытта эстетикалық тәрбие үлкен маңызға ие, оның міндеттерінің бірі – жасөспірімдердің шынайы өмірге, өнерге эстетикалық қарым-қатынастарын қалыптастыру, ал шығармашылық тұрғыдан іздемпаз тұлғаны дамытудың факторы болып саналады. Адамның шындыққа, өнерге эстетикалық қарым-қатынасы эстетикалық қабылдаудан басталады, онсыз қалыптасуы мүмкін емес, осыған байланысты оқушылардың эстетикалық тұрғыдан қабылдау және көркемдік қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. Осы қабілеттердің дамуы өмір мен өнердегі әсемділікті, ұлылықты, шынайылықты түсінуге, оларды талғамсыздықтан ажырата білуге мүмкіндіктер жасайды. Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан өмір мен өнердің эстетикасын тану, эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады.

Эстетикалық тұрғыдан қабылдау адамның туа біткен қабілеті болып табылмайды, белгілі бір мәдениеттіліктен, даярлықтан, эстетикалық білімділіктен талап етіледі, эстетикалық қажеттілік, қабілет, талғам, бағалау және т.б., сапаларды қамтитын жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігін арттыра түседі.

Зерттеудің теориялық негізінде халық өнері арқылы оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастырудың теориялық моделін жасауға мүмкіндік береді (сурет 1).


Оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын қалыптастырудың теориялық моделі


Мотивациялық компонент


Тәрбиелік мақсаты:

эстетикалық сезімін, талғамын жетілдіру қызығушылығын



Шығаратмшылық мақсаты: әдемілікі қабылдау қабілеттерін дамыту

Дидактикалық мақсаты:

қазақ халық өнерінің тарихын зерттеу





Мазмұндық компонент


Халық өнері арқылы оқушыларды эстетика-лық бағытта тәрбиелеу


Эстетикалық тәрбие беруде модульдік оқыту технологиясы

Оқулық материалдары, халық өнерінің тарихы жайлы видеоматериалдар


Іс-әрекеттік компонент





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет