Өскемен құрылыс колледжінің 80 жылдығына арналған техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің студенттері арасында өтетін «Ғылым өрлеу қызметінде» республикалық жобалар байқауының
Е Р Е Ж Е Л Е Р І
Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз.
Н.Назарбаев. «Қазақстан білім қоғамы жолында». Астана, 5- қыркүйек 2012 жыл.
Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы 2020 жылға дейін тұжырымдаманың негізгі мәселелрінің бірі Қазақстан Республикасында білім дамуы болып табылады.Ғылым мен білімді елдің болашағы мен даму деңгейінің анықтаушысы, ұлттық меншігі ретінде қарау қажет. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі және дамуының шешуші факторы болады.
Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің алдында айтылғандарында ғылыммен және өндіріспен интеграциясында ұлттық экономиканың барлық саласы үшін бәсекеге қабілетті және құзыретті мамандардың кәсіби дайындығын қамтамасыз ету мәселесі тұр.
Білім берудің дамыту мәселесін іске асырудағы белсенді қатысушысы, Өскемен құрылыс колледжі 2013 жығы 24-қазанда «Өрлеу қызметіндегі ғылым» облыстық жобалар байқауының жүргізуінің бастамашысы болып шығады.
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1.Осы Ереже Жобалар байқауының мәселесі мен мақсатын, мәртебесін, оның өткізілу тәртібін анықтайды.
1.2. Байқау «Өскемен құрылыс колледжі» КММ-нің оқу дәрісханалары базасында (бұрынғы №2 КЛ ММ), Өскемен қ., Ворошилов көш., 79 мекенжайы бойынша өткізіледі, ақырғы турдың өткізілу мерзімі 29 қараша2013 ж.
1.3. Байқау туралы «Ережесі» өткізудің белгіленген мерзіміне дейін бір айдан кешіктірмей мүдделі тұлғаларға айтып жеткізу.
1.4. Техникалық және кәсіби білімді (оқу бағдарламасының II және III деңгейі) іске асырушы оқу орындарының 9 сынып базасында оқитын 2 не 3 курстың студенттері, немесе 11 сынып базасында оқитын 1 және 2 курс студенттері байқаудың қатысушылары бола алады.
1.5. Байқау екі тілде өткізіледі: мемлекеттік және орыс.
1.6.Байқауға қатысу сұранымы форма бойынша толтырылады (1-қосымша), 8(7232)75-29-42, 8(7232)75-24-38 факсы, не E-mail: tanjamoscalenko@rambler.ru электронды поштасы бойынша 2013 жылғы 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
1.7. Байқаудың қатысушысы ауыстырылған жағдайда, сыртқы турдың өткізілуінің басталу мерзімінен кешіктірмей жаңа қатысушы туралы хабарлау қажет.
1.8. Байқауға қатысу үшін көзбе көз турының бір қатысушысына 500 теңге соммасында ұйымдастыру жиынына қолма-қол ақшалай төлеу қажет. Тағайыдалған төлемдер соммасы 2-қосымшада көрсетілген.
II. БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
Байқаудың мақсаты:
ТжКББ студенттеріне ғылыми – техникалық шығармашылық пен инновациялық ойлауды қалыптастыруға жәрдемдесу.
Байқаудың мәселелері:
2.1. Колледж студенттер тұлғасының жан-жақты дамытуына, олардың шығармашылық ұйымдарда жұмыс дағдыларын алуға, инновациялық істерге араластыруға жәрдемдесу.
2.2. Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдылық қызметтерін ынталандыру.
2.3. Жұмыс берушілер мен ТжКББ оқу орындары жүйесінің арасында іскерлік және ғылыми байланыстарды орнатуға мүмкіндік туғызу.
2.4. Студенттердің кәсіби дайындығын дамытумен және қалыптастырумен инновациялы мен ғылыми, білімділік үдерістердің бірлігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік туғызу.
2.5. Студенттерге өндіріс пен техникалардың, ғылымдардың түрлі бағыттары бойынша актуальды мәселелерді шешуде өз күштерін көруге мүмкіндік ұсынылады.
2.6. Облысымыздың техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының арасында істестігін жүзеге асыру.
III. БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Байқауды жүргізу мен кезеңдерін өңдеу үшін (3-қосымша) «Өскемен құрылыс колледжі» әкімшілігі құрамында байқаудың ұйымдастыру комитеті жасалады.
3.2. Ұйымдастыру комитеті байқаудың ғылыми бағыттары мен секцияларын белгілейді, орындалған жоба жұмыстарының бағалау әдістемесі мен белгіленуін тағайындайды және өңдейді(8-қосымша), жоба жұмыстарын рәсімдеуіне талаптарын өңдейді (5-қосымша).
3.3. Орындалған жоба жұмыстарын талдау мен тексеру үшін алдын ала сарапшылық комиссия құрылады, оның құрамы жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарының оқытушылары ішінен байқаудың ұйымдастыру комитетімен берілген жобалардың салалы бағыттарын ескере отырып бекітіледі.
3.4. Сарапшылық комиссия құрамына кем дегенде 3 маманнан әр бағыт бойынша кіреді.
IV. МАЗМҰНЫ
4.1. Байқауға қатысушылармен зерттеу жұмысын жүргізуі табиғи ғылым циклының пәндері, гуманитарлы, педагогикалық циклдары мен арнайы пәндер циклы бойынша өнер-білімдері негізінде жүзеге асырылады.
4.2. Жоба жұмыстары тәжірибелік мәнде болуы керек.
4.3.Байқаулық жобалар төрт секция бойынша тыңдалады: «Табиғи ғылым циклы», «Гуманитарлы-педагогикалық цикл», «Арнайы пәндер циклы», «Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтаудың заманауи технологиялары».
4.4. Әсірелеп көрсету, ақпараттық хабарламалар не әдебиетті рефератты зерттеу нәтижелері болатын жобалар Байқауға қатытырылмайды.
V. ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ
5.1. Байқау 2 турда өткізіледі: сырттай және көзбе көз.
5.2. Сырттай тур 07.10.13ж. бастап 16.10.13ж. дейінгі аралықта болады. Сырттай турына қатысуға, байқаудың талаптарына сәйкес жұмыстар қабылданады. Жұмысқа қойылатын талаптар 4-қосымшада көрсетілген.
5.3. Сарапшылық комиссия, ғылыми жұмыстарды қарап, екінші көзбе көз турының қатысушыларын белгілейді. Бірінші турдың қорытындысы ұйымдастыру комитетімен 16.10.2013ж. бастап 20.10.2013ж. дейінгі кезеңде байқауға қатысушыларға хабарланады.
5.4. Екінші турға өткен қатысушылар жоба бойынша тезистер дайындайды (5-қосымша) және жобаны көпшілік алдында қорғайды (6-қосымша).
5.5. Жобаларды көпшілік алдында қорғау облыс деңгейінде 2013 жылғы 24-қазанында болады.
5.6 Екінші көзбе-көз турда көрсетілген нәтижелер бойынша үйірме бойынша жеңімпаз анықталады. Жеңімпаз деп ең көп балл санын жинағандар саланады. Үйірмеде жеңімпаз атаңғандар республика деңгейіндегі үшінші көзбе-көз турға қатысады.
5.7 Республика деңгейіндегі үшінші көзбе-көз тур 2013 жылғы 29-қарашасында болады. Үшінші турға өткендер жобаларды көпшілік алдында қорғайды.
5.8 Республиканың басқа облыстарынан келген үшінші турға қатысушылары сараптама комиссиясына қатысуға облыстық білім беру басқармасы бастығының қолы қойылған мәлімдемені, жоба мен сөз сөйлеу тезистерінің толық нұсқасын 28.10.2013-15.11.2013жж аралығында электронды түрде tanjamoscalenko@rambler.ru мекенжайына жіберулері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |