Ұрғақшылықпен күресудің негізгі бір жолына агро-техникалық шараларды дұрыс пайдалану жатады. Бұған топырақтағы су қорын сақтау шаралары жатады. Әсіресе, топырақтың құрылысын бұзбау структурасын сақтау
ұрғақшылықпен күресудің негізгі бір жолына агро-техникалық шараларды дұрыс пайдалану жатады. Бұған топырақтағы су қорын сақтау шаралары жатады. Әсіресе, топырақтың құрылысын бұзбау структурасын сақтау. Структуралы топырақтарда күз және қыс айларында түскен ылғалдылықты сақтап, жазда жауын-шашын аз болғанына қарамастан өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуге болады. Ылғалдылықты сақтаудың екінші жолы — қыста егістік жерлерге қар тоқтату. Агротехникалық шаралардан басқа ауыл шаруашылығында төзімді өсімдіктерден мол өнім алудың тағы бір жолы — құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің сорттарын шығару. Құрғақшылықпен күресудің келесі жолы жаздық дақылдарды яровизациялау. Өйткені алдын-ала яровизациядан өткізілген дақылдар даму мерзімін қысқартып, жаздың екінші жартысындағы құрғақшылыққа дейін өнім беріп үлгереді. Сондықтан бұл солтүстік аудандарда жүргізілсе тиімді болады. Кезінде колхоздар мен совхоздарда жүргізілген тәжірибелер құрғақшылық болса да, болмаса да осы әдіспен егілген дақылдардың әр гектарынан 1-6 ц-ге дейін артық өнім алуға болатынын көрсетеді. Сол сияқты шаруашылықтарда дақылдарды құрғақшылыққа шынықтырып егу, яғни физиологиялық тәсілді де пайдаланады. Өсімдіктің құрғақшьшыққа төзімділігі — оның бейімделу қасиетінің бірінен саналады. Өсімдік бейімделу қасиетінің арқасында құрғақшылыққа төзімді келеді.
1926 жылы И.И.Туманов құрғақшылықты басынан өткізген өсімдіктің келесі ұрпағының құрғақшылыққа төзімді келетінін байқайды. Туманов күнбағардың алғашқы құрғақшылыққа кездескенде өнімі 40 %-ға дейін төмендеп, оның тұқымынан шыққан күнбағарлар құрғақшылыққа тағы кездескенде өнімі аса төмендемеген. Бірақ, мұндай өсімдіктерде кұрғақшылыққа шынығу қасиеті пайда болғанмен, өнімі кұрғақшылыққа кездеспеген өсімдіктердің өнімінен төмен болады.
Бұдан өсімдіктің құрғақшылыққа төзімді қасиетін арттырып, өнімін төмендетпеуге бола ма, деген сұрақ туады. Шынында да ондай тәсіл бар. 1934 ж. П.А.Генкель мен С.С.Колотова Мичуриннің организмнің жас кезінде өзгергіштік қасиеті басым болады деген қағидасын еске ала отырып, өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін еккенге дейін арттыру әдісін ұсынады.
Бұл әдіс бойынша құрғақ тұқымдық материалдарды: бидай, арпа, тары, қант қызылшасы, күнбағар, т.б. әр түрлі мөлшерде ылғалдандырады. Ылғалданған дәнді екі күн өндіріп, оны кұрғатады, осылайша тағы бір-екі рет ылғалдап, екі күннен кейін қайта кептіреді. Осы процесс үш рет қайталанады. Мұндай тұқымдарды еккенде олар құрғақшылыққа төзімді, бірақ шынықтырылмаған дақылдардан өнімді артық беретін болады.
Бұл кестелерден құрғақшылық жылдары шыныққан өсімдіктердің шынықтырылмаған өсімдікпен салыстырғанда 10-40 %-ға дейін мол өнім беретіні байқалады. Ал, құрғақшылық болмаған жылдары шынықтырылған өсімдіктердің өнімі төмен бола ма? деген сұрақ туады. Оған Мәскеу түбінде жүргізілген мынадай тәжірибе жауап бола алады. 1953 жылы Мәскеу маңына шынықтырылған және шынықтырылмаған күнбағар өсімдіктері егіледі. Бұл жылы қүрғақшылық болмай, керісінше жауын — шашын көп болады. Оған қарамастан шынықтырылған өсімдік мол өнім береді. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады:
1. Шынықтырылған өсімдік денесінде зат алмасу күшті жүрген.
2. Жаз айларында жауын — шашын болғанымен ашық күндер жиі кездеседі. Бұл кезде шыныққан өсімдікте өзгеріс болмайды, ал шынықпаған өсімдік дене қызуын сақтау үшін транспирация қарқындылығын арттырып, өнімі аздап та болсын кемиді.
3. Шынықтырылған өсімдікте тыныс алу біркелкі, шынықпаған өсімдік ашық күндері тыныс алуын арттырып, фотосинтез қарқындылығын баяулатады.
4. Шыныққан өсімдік денесіндегі ферменттердің қызметі өзгермей, өз бағытын сақтайды.
5. Шыныққан өсімдіктің жапырақ клеткалары ұсақ болғандықтан сумен оңай қамтамасыз етіліп, қызуды тез өткізеді.
Бұл жағдайлар нені көрсетеді? Клетка көлемі неғұрлым кіші болса, ондай клетка сусыздануды соғұрлым жеңіл өткізеді. Қазір мұндай шынықтыру кезінде таза судан гөрі суға микроэлементтер қосқанда өнім одан да арта түсіп, құрғақшылыққа біршама төзімді болатындығы анықталған. Бұл — М. Я. Школьник ұсынған әдіс. Ол 1 л суға 110 мг бор қосса, өнім тағы да 41 % — ға артатынын айтады.