Құрметті, Хамит Нұрланұлы, жиынға қатысушы қонақтар, ауыл тұрғындары



Дата18.03.2017
өлшемі293,08 Kb.
#11886
ҚР Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру

кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 05 желтоқсандағы №190 Жарлығын іске асыру мақсатында, сәйкес 2016 жыл көлемінде Қаракеңгір селолық округі бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды анықтамасы



Құрметті, Хамит Нұрланұлы, жиынға қатысушы қонақтар, ауыл тұрғындары, Қазақстанға тәуелсіздік алған қиын жылдары мемлекеттің алдында үлкен сенім ұялататын ірі мақсат керек болды. Сол қажеттілікке орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен «Қазақстан -2030» Стратегиясы қабылданып , оған ғаламат күш-жігер жұмсалды. Нәтижесінде, аз ғана уақыт ішінде еліміз ТМД және орталық Азия елдері арасында көш бастап, мақсат мерзімінен бұрын орындалды. Қазақстан ресми түрде бәсекеге қабілетті әлемнің дамыған 50 елінің қатарына енді. Бұл көптеген алпауыт мемлекеттердің 100-150 жылда жеткен жетістігін бас аяғы 25 жылдың ішінде бағындырған еліміздің шынайы мықтылығын дәлелдесе, оның қыруар еңбек пен адам айтқысыз ілкімді ізденістер және Елбасының салиқалы да кемеңгер саясаты мен көреген көшбасшылығы жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Өткен жыл Қазақстандықтар үшін ең бақытты жыл, өйткені Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы республика көлемінде ауқымды мәдени-шаралармен аталып өтілді, бұл шара ауылымызда да өз көрінісін тапты .
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден тыңдалып,халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалуына баса назар аударылып отырды.Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі алдымыздан шыққан кедергілерге(дағдарысқа) кідіріп қалмай, әлемде дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қарай қадам басатынымызды шегеленгендей етіп, нық сеніммен айтып берді. Міне, бұл еліміздің алдына қойған өміршең мақсат -міндеттеріне жету үшін ілгері қарай баса беретінімізді білдіреді. Қазіргі дағдарыс өтеді де кететінін, ел Тәуелсіздігі мен ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар мәңгі жасайтынын атап өтті. Мемлекет басшысының өзінің халыққа Жолдауында көп мәселелер қозғалды. Бұлардың барлығы да халқымыз үшін зор мәнге ие.  Әсіресе, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты айтылған сөздер Жолдаудың маңызын арттыра түскендей. Ал, енді осы тапсырмалардың орындалуы баршамызға міндет және оның нәтижелері еліміздің даму деңгейін арттыра түсері сөзсіз. Елбасымыздың 2015 жылғы 20 мамырдағы 100 нақты қадам-Ұлт жоспары , «Нұрлы жол» бағдарламасы да дамыған мемлекеттің отыздығына кіру жөніндегі жоспары кезең-кезеңімен іске асырылып, ел дамуына жаңаша серпін беріліп жатыр. Жоспардың 35 қадамында ауылшаруашылығы жерін тиімді пайдалана отырып, нарықтық айналымға енгізу, бұл тұрғы да әкімдік тарапынан шаруа қожалықтарымен жұмыстар жүргізіліп жатыр, жерді алып пайдаланбаған адамдарға анықтау жұмыстары әлі жүргізілуде. 76 қадамда 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, он алдыңғы қатарлы коллежд бен он ЖЖО-дда білікті қадрларды әзірлеу, бұл келешекте біздің балаларымыздың білікті маман болып қалыптасуына тигізер ықпалы зор болары анық. Елбасы 84 қадамында әлеуметтік көменкті оның атаулы сипатын күшейте отырып оңтайландыру, әлеуметтік көмек тек шын зәру адамдарға беру және көмекті беріп қана қоймай еңбекке ынталандыру, ықпалдау әлеуметтік бейімдеу бағдарламасына белсенді қатысуы жағдайын қарастыру қажет екендігін атап айтқан.

Қаракеңгір ауылдық округі бойынша 2016 жылда есептік кездесулерде айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелердің орындалуына тиісті іс-шара жоспары жасалды. Өздеріңіз білесіздер 2016 жылдың шілде айынан бастап әкімнің міндетін уақытша атқарып жүрмін.

Есептің құрылымы мынадай негізгі бөліктерден тұруы қажет:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау және іске асыру барысы туралы ақпарат;

2) Елде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру барысы, өңірдің өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, міндеттері және одан әрі дамуының негізгі бағыттары туралы ақпарат;

3) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында және өңірге сапары кезінде берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы ақпарат;

4) мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың (өңірге қатысты мәселелер бойынша) орындалуы туралы ақпарат;

5) әкімшілік-аумақтық бірліктің проблемалық мәселелері оның оларды шешу жөнінде қабылданып отырған шаралар туралы ақпарат;

6) әкімнің ағымдағы жылға арналған және жақын болашақтағы іс-қимыл бағдарламасы;

7)Өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштерінің өткен жылдармен салыстырмалы түрде талдамалық –сараптамалық ақпараттары;

Ең бастысы, Елбасының халыққа арнаған, Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттік жаңа бағыт атты жолдауының орындалуы барысы басты назарда болуы.

Міне осы жұмыстарды атқаруда Қаракеңгір ауыл округі әкімдігінде, облыс, аудан әкімінің оның аппаратының берген тапсырмалары мен алға қойған мақсаттарын іске асыруда 2016 жылы бірқатар жұмыстарды атқарды.

Ауылдық округі бойынша экономикалық әлеуметтік салалар бойынша әкімдікте 2016 жылға арналған іс жоспар бекітілген. Онда негізінен төмендердегі бағыттардағы жұмыстар жоспарланып жасалынды.

Атап айтқанда: округ әкімшілігі аппараты өзінің 2016 жылға және әр тоқсандық перспективалық іс-жоспарын талқылап бекітті. Онда негізінен өз отырысымызда төмендегі бағыттардағы жұмыстар жоспарланып жасалды.

Шаруашылық саласы бойынша көктемгі күзгі егіс жұмыстарын ұйымдастыру, шаруа қожалықтарына жеңілдетілген жанар-жағар май, алу жолдарына көмектесу, ауыл тұрғындарын, шаруа қожалықтардың малдарын қысқы жем-шөппен қамтамасыз ету күзгі жиын-терін жұмыстарын ұйымдастыру, тазалық айлығын жариялау, ауыл мәдениетін көтеру, жұмыстарын жүргізу, округ бойынша кіші кәсіпкерлікті дамыту Заңды және жеке тұлғалардан мемлекетке түсетін алым салықтарды реттеу.

Ауыл тұрғындарына әлеуметтік тұрғыда мемлекет тарапынан төленетін жәрдем ақыларды тағайындау, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету.

Құрметті ауыл тұрғындары! Биылғы жылы экономикалық әлеуметтік мәні зор, халықты өзін-өзі азық түлікпен қамтамасыз етуде егістік жерлерді игеруде және халықты жайылымдық, шабындық жерлермен қамтамасыз етуде жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

1.Экономика саласы бойынша:

Қаракеңгір селолық округі 1994 жылы бұрынғы Қаракеңгір кеңшары негізінде құрылған.

Селолық округтің орталығы Бозтұмсық селосы Ұлытау селосының батысында 45 шақырым қашықтықта Қаракеңгір өзенінің бойында орналасқан.

Округ бойынша 102 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде негізгі жұмыс істеп тұрғаны -67 шаруашылық, оның ішінде 14-і егін және мал, қалғаны 53 мал шаруашылығы бағытында жұмыс істеп тұр.



Президентіміз Н.Ә. Назарбаев әрдайым кәсіпкерлікті, шағын бизнесті дамытуға баса назар аударып келеді .

Ауылымызда 3 кәсіпкер салық органына тіркеліп, бүгінгі күні село орталығында арнайы салық режимі патентпен үш азық-түлік дүкені ( Жұманов Болат, Қоңқабаева Нүргүл, Өмірбеков Нұрлан) халыққа қызмет көрсетіп, қажетін өтеп тұр.



2016 жылдың 01 қаңтары мен 2017 жылдың 01 қаңтары аралығындағы селолық округ бойынша жалпы мал және құстардың басының салыстырмалы саны төмендегідей болды



2016 жылға жоспар

2017ж 01.01 жоспардың орындалысы

Ірі-қара

Ірі-қара

барлығы




барлығы

аналығы

өсімі,пайызы

3632




3632

1957

100

Қой - ешкі

Қой -ешкі

барлығы




барлығы

аналығы




9407




7463

6158

79

жылқы

жылқы

барлығы




барлығы

аналығы




2344




2446

1737

104

құс

құс

барлығы




барлығы

мекиендер




1075




1200

895

112

2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Сұңғат» шаруа қожалығы (Мұхамбетжанов.Б) 6 бас Әулиекөл асылтұқымды бұқа, «Жараспаев Д.Ш.» шаруа қожалығы 6 бас Ақбас асылтұқымды бұқа, «Бекетай-Баба» шаруа қожалығы (Бекетаев.Қ) -18 бас Әулиекөл асылтұқымды бұқа, «Рахымбек» шаруа қожалығы (Ахметжанов.Б) 3 бас Әулиекөл асылтұқымды барлығы 33 бас бұқалар сатып алды, бұл «Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық кешенді дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған жоспары» бойынша «Сыбаға»бағдарламасы аясында 50 асылтұқымды ірі-қара жоспарланса,оның орындалысы 66 пайызды құрап отыр.

Бір шаруашылық (Бабатаев Жанбақыт) «Құлан» бағдарламасы аясында жеңілдетілген «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ қаржы орталығы арқылы несие алып, 75 бас жылқы малын сатып алды,бұл жоғарыдағы жоспарға сәйкес 15 бас жылқы малын алу керек болатын, бұл жоспар артығымен орындалып отыр.

«Алтын асық»бағдарламасы бойынша 200 бас қой малын сатып алу жоспарланған, бірақ бұл жоспар орындалған жоқ, қазіргі уақытта ұсақ малдың басы едәуір кеміп отыр, шаруа қожалықтары ұсақ малды көптеп ұстаған тиімсіз деп отыр,оның өнімдері (жүн,тері) ешқайда өтпейтінін,бұл малға шығынның көп жұмсалатынын алға тартып отыр.

Өткен жылы «Сұңғат» шаруа қожалығы иегері Б.Мұхамбетжанов Қарағандыдан «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ қаржы орталығы арқылы 1 МТЗ-80 тракторы мен КДП-4 шөпшапқыш, бір «Вектор»комбайнын сатып алса,биылғы жылы «Рахымбек»шаруа қожалығы иегері Ахметжанов Баттал Қарағандыдан «Аграрлық несие корпорациясы»АҚ қаржы орталығы арқылы 1 МТЗ-82 тракторы мен КДП-4 шөпшапқышын лизингке алды.

«Айтуганов.Б» шаруа қожалығы бір «Вектор» комбайнын лизингке алды.

Жеке өз қаражаттарына «Батырбеков.Т.О» шаруа қожалығының иегері Батырбеков Тілектес, бір КАМАЗ автокөлігін 5,0млн.теңгеге, «Бижигитов.О»шаруа қожалығы иегері Бижігітов Оңқоныс бір «МТЗ-82»тракторын күрегімен бірге 7,5 млн теңгеге, «Бекетай-Баба»шаруа қожалығы иегері Бекетаев Қанат Қостанайдан тұқым тазалағыш құрылғы құны 2,5 млн теңгеге, село тұрғыны жеке кәсібін ашу мақсатында Әбеев Жорас 500 мың теңгеге «шиномонтаж» автокөлік дөңгелектерін жөндеу үшін сатып алды, жалпы инвестиция көлемі -15 млн 500 мың теңгені құрады.

Өткен жылы елді мекендерде ауылшаруашылығы коперативтерін құру, мал бордақылайтын шағын отбасылық алаңдар ашу, жем-азық цехын ашу,т.б. бизнес көздерін ашуды қарастыру жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын.Қазіргі уақытта село тұрғыны Каримов Мұхамбетқали жем-азық цехын ашу мақсатында аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Селода ауылшаруашылығы коперативін ашу жұмыстарын қолға алуға ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде,бірақ әлі өз нәтижесін берген жоқ.

2015 жылы егістіктің әр гектарынан 7,5-8,0 центнерден өнім алынса, 2016 жылы егін өнімі әр гектарға 11,5-12,0 центнерден өнім алынды. Биылғы жылы жауын-шашынның мол болуы арқасында мал азығы мол дайындалды, дайындалған жем-шөп қоры-17750 тонна, түгелдей қыстақтарға және село тұрғындарына тасылып алынды.




2015 ж. Егістік ,га

Алынған өнім,

тоннамен


2015 ж. Егістік ,га

Алынған өнім,

тоннамен


өсімі

пайызбен


13185 га

10548

13035

15642

148

2016 жылғы ауылшаруашылығы өнімдері туралы:



Өнім атауы

Өнім тонна

Суммасы мл.т




1

Ет өнімі

28,7

28,0





2

шөп

17,7

0,5




3

бидай

15,6

670,8







қымыз

2

1,0




5

сүт

5

0,5













700,8




2016 жылы Қаракеңгір селолық округі бойынша 700,8 мл.теңгенің жалпы ішкі өнімі өндірілді.

2016 жылы селолық округ бойынша 10 шаруа қожалығы 1450 ірі-қара аналық мал басына, 48 асылтұқымды бұқаларға селекциялық жұмыстар үшін жалпы сомасы 26  млн.242 мың теңге мемлекеттен субсидия алды.Атап айтсақ, «Еркежан» ш\қ иегері Абильдин Көбейсін -30 бас аналық үшін-540 мың, «Рахымбек» ш\қ иегері Ахметжанов Баттал – 285 бас аналық үшін -5млн272 мың, Жараспаев.Даниярдың шаруашылығы -180 бас аналық үшін-3млн240 мың, Кеңгірбаев Өтжанның шаруашылығы -28 аналық үшін -504 мың, «Ескендір»ш\қ иегері Мақыжанов Бақыт-30 аналық үшін -540 мың, «Махат» ш\қ иегері Қойшығарин Серікбай-90 аналық үшін-1млн620 мың, Кульмаганбетов Ғазиздің шаруашылығы-30 аналық үшін -540 мың, «Бекетай-Баба» ш\қ иегері Бекетаев Қанат -540 бас аналық үшін 9млн720 мың, Батырбеков Тілектестің шаруашылығы -57 аналық үшін -1млн 26 мың, «Сұңғат» ш\қ иегері Мұхамбетжанов Бақтияр -180 аналық үшін 3 млн 240 мың теңге мемлекеттен субсидия алып отыр.Осындай мемлекеттің қамқорлығы жаңадан ашылатын а\ш-коперативтеріне де көрсетіледі,олар өткізілген мал етіне, сүтке,арпа, көпжылдық шөп, т.б. а\шы өнімдері,сондықтан ауыл жастарын коператив ашып, а\шы саласын дамытуға атсалысуға шақырамыз.

Селолық округ бойынша экономикалық белсенді адамдар саны -380,оның ішінде :өзін-өзі қамтығандар-62,жұмыссыздар-14,мекемелерде жұмыс істейтіндер-75,шаруа қожалықтарында-229.

Селолық әкімдікте бір мал дәрігері маманы, екі мал шаруашылығы мамандары, селолық округке қарасты елді мекендердің малын егіп-емдеу және бірдейлендіру жұмыстарын жүзеге асырып отыр. Мал басын асылдандырудың бір жолы ол малды қолдан ұрықтандыру. Бұл салада ірі қараны қолдан ұрықтандырумен фельдшер М.Жақсыбаев біршама жұмыстар атқаруда, жоспар бойынша 100 бас орындалғаны 140 ірі қара малды қолдан ұрықтандырды. Малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары көбіне ш/қожалықтары бойынша орындалып отыр, бұған село тұрғындары да ат салысу керек. Себебі село орталығында 200 ден аса ірі қара малы,911 бас ұсақ малы өріске шығады, бұлар жаз айларында қысқы қора-жайға орналасқанға дейін кезекпен 2 бағытта бағылады.



Округ бойынша 150 үй-жай бар, оның 30-ы қыстақтарда орналасқан, село орталығындағы 13 отбасының жекеменшігінде малы жоқ,түрлі себептермен көшіп кеткен адамдардың бос үйі саны – 19,оның ішінде әкімдіктің қызметтік үйі-1 .

Барлығы 510 ауылшаруашылығы техникалары бар, оның ішінде комбайндар-21, әр түрлі маркадағы тракторлар-121(шынжыр табанды, дөңгелекті,т.б), жүк автокөліктері-35, әр түрлі маркадағы ауылшаруашылығы техникалары-241 (соқалар, сеелкалар, бороналар, шөпшапқыштар, тырнауыштар,т.б.)

Селолық округтің орталығы Бозтұмсық селосы аудан орталығынан 45 шақырым, таяу орналасқан қала орталығы Сатпаевтан 170 шақырым, Жезқазған қаласының орталығынан -190 шақырым, облыс орталығы Қарағанды қаласынан 705 шақырым қашықтықта орналасқан.

2. Жер ресустары

Селолық округтің жалпы жер көлемі-374518 га, оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланып отырған жерлер -212278 га, жайылымдық жер-185218 га, егістік жерлер-12151 га, шабындықтар-2853 га, елді-мекендер орналасқан жерлер-11516 га округ бойынша 102 шаруашылыққа пайдалануға ауылшаруашылығы мақсатында 212278 га жер бөлінген, осы жердің қазіргі таңда нақты пайдаланылымдағысы 160214 га-жайылым, 13000 га егістік, 1824 га шабындық. Жер телімдерін түгендеу барысында өкінішке орай әлі де біраз шаруа қожалықтары 36246 га га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін мақсатты пайдаланбай отырғаны белгілі болып отыр. Егістік жерден-4508га, жайылым -31246 га. Жер телімдерін түгендеу жұмыстары бойынша әкімдікте комиссия құрылған. Жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы ауылымыз бойынша жерін пайдаланбай жүрген адамдар 17 адам болды,олардың екеуі жерін мемлекетке қайтарды ( Бөстекбаев Қанат 300 га, Рахымбаев Өзенбай -2000 га), 6 шаруа қожалығының жері біздің территорияға тіркелгенімен мал,мүліктері өзге селолық округтерде тіркелген ( Кульшарипов Қарғабай -Ұлытау, Какимжанов Қалдыбек - Қарақұм, Жумабеков Болат-Шеңбер,Түскеев Жаңабай-Шеңбер,Аманжолов Құрманғали -Ұлытау, Бимағанбетов Бауыржан-Ұлытау,) бір шаруа қожалығы шаруашылыққа қатысты құжаттарын тек қана 2016 жылы тіркетіп,жылқы малдарын тіркеуге өтініш білдірді ( «Жаннұр» иегері Мұхышева Жазира Батталқызы), бүгінгі күнге екі шаруашылық өз құжат көшірмелерін өткен жылдың аяғында әкімдікке тіркеуге берді,алдағы уақытта малдарын тіркететінін хабарлады ( Кульшарипов Қарғабай,Ахметбеков Болат Мажитович) қалған шаруа қожалық иегерлері іздестірілуде,осы іздестіру жұмыстары 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді,іздестіріліп отырған адамдардың кейбірінің аты,жөні толық емес және туған күні,айы,жылы туралы мәліметтер жоқтығы қолбайлау болып отыр.



3 . Ауыз су туралы:

Селолық округке қарасты 46 қыстақта шаруа қожалықтары орналасқан, бұл қыстақтар 52 табиғи су көздерінен (бұлақтардан), құдықтардан таза ауыз су пайдаланып отыр.

Село орталығында 4 су скважинасы қазылған, қазіргі уақытта бір су скважинасы арқылы село халқына 10 су колонкасынан және 23 үйге кіргізілген құбырлар арқылы таза ауыз су беріліп отыр.

Таза ауыз су беретін су құбырлары тозған жиі жарылып істен шығып тұрады, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.Әсіресе насос пен су резервуарының арасындағы су құбырын ауыстыру қажет.

Таза ауыз суды барлығы 696 адам , оның 108 адамы қыстақтарда суды бұлақ көздерінен, құдықтан пайдаланып отыр.

4. Білім саласы бойынша

Біздің басты міндеттеріміздің бірі - халықтың денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруге жағдай жасау, олардың рухани байлығын арттыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Білім беру саласының басты міндеті – 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» делінген. Село орталығында 1976 жылы пайдалануға берілген типтік үлгідегі 350 орындық орта мектеп жұмыс істеп тұр. 2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы мектеп үйіне 100,0 мл.теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүру керек еді. Қазіргі уақыттағы дағдарыстың салдарынан бұл қаржы қысқартылып, жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта шешімін табады деп ойлаймыз. 2015-2016 оқу жылында № 4 Қаракеңгір орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде барлығы 109 оқушы оқиды. Мектепте 12 сыныптық комплекс бар.Оның ішінде даярлық сыныбында 11 оқушы, 1-сыныпта -14 оқушы, 2 –сыныпта 7 оқушы, 3- сыныпта 12 оқушы, 4-сыныпта 7 оқушы, 5- сыныпта 10 оқушы, 6-сыныпта 8 оқушы, 7- сыныпта 8 оқушы, 8- сыныпта 6 оқушы, 9-сыныпта 11 оқушы, 10 –сыныпта 5 оқушы, 11- сыныпта 10 оқушы оқиды .Оқу озаттары -23 бала.Оқу екпінділері – 27. Жалпы білім сапасы-60 пайызды құрайды. Орта мектеп бес интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген, жаңа үлгіде биология кабинеті интерактивті тақтамен толық жабдықталған. Мектепте 31 компьютер, 16 ноутбук бар, екі балаға бір компютерден келеді, интернет желісі жұмыс істеп тұр, 10 компьютер интернет желісіне қосылған. 4 сыныпта денсаулығына байланысты үйден оқитын бір оқушы бар.(Момынтай Алдияр) және 10 сыныпта Жанпейсова Әйбат үйден оқытылады.10-сынып қоғамдық гуманитарлық бағытта оқиды. 11-сынып қоғамдық гуманитарлық бағытта оқиды. 2015-2016 оқу жылында ҰБТ-ға мектеп бітірушілерден 8-і ҰБТ-ға барды ҰБТ-ның орта балы-59,5 2016-2017 оқу жылында мектеп бітіретін түлектер саны-10, олардың 3-і ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген, қалған 7-і оқушы мектепте мемлекеттік емтихан тапсыруды жөн көріп отыр. Апта сайын қосымша сабақтар үнемі үздіксіз өткізіледі, әр сейсенбі сайын қорытынды сынақ тестілері алынады. № 4 Қаракеңгір орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде барлығы 25 мұғалім жұмыс істейді,оның ішінде жоғары білімді -19, орта арнаулы білімді-6 адам.Оның ішінде:

Жоғарғы санатты мұғалімдер саны-10

I-санатты мұғалімдер саны-12

II –санатты мұғалімдер саны-3

Санатсыз -1

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны-4

Біліктілігін арттыру курстарынан барлық мұғалімдер өтіп отырады. Екі жас мамандар бар,олар Сейткаримова Балжан, Әлтаев Қуан.

Мектепте 4 бірлестік жұмыс істейді:

1. Тарих және тілдер әдістемелік бірлестігі

2.Жаратылыстану математикалық әдістемелік бірлестігі

3.Өнер бірлестігі

4.Бастауыш сынып бірлестігі

Мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» шағын орталығында 25 бала тәрбиеленуде, 1 тәрбиеші, 2 тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді.

Мектепте шахмат үйірмесі, драма үйірмесі және би үйірмесі жұмыс істейді. Экономика негіздері «Технология» оқу пәні бағдарлама мазмұнына кіріктірілген түрде жүргізіледі. Барлық пәндер оқу бағдарламасына сәйкес және стандартқа сай. Бастауыш, орта және жоғарғы сыныптар оқулықпен толық қамтылған.

Кітапхана, асхана жүйелі түрде жұмыс істеп тұр. Кітапханада кітап қоры-8639. Оқулықтар саны-6290, әдеби кітаптар саны-2349. Оқу залында төрт орын бар.

Асханада аз қамтылған 9 (тоғыз) оқушыға ыстық тамақты екі мезгіл ішеді, орын саны 56.

Аудандық пәндік олимпиададан орын алған оқушылар:

р\с

Оқушының

Аты-жөні


Пәні

орны

сыныбы

Пән мұғалімі

1

Амандық Айдана

Қазақ тілі

1

11

Бектурова Зауре

2

Әлтай Ақтоты

Тарих

1

11

Сейдахметов Мейіржан

Аудандық олимпиададан орын алған екі оқушы облыстың деңгейдегі олимпиадаға қатысып келді.

5. Денсаулық саласы бойынша

Селолық округ орталығында бір отбасылық дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетіп тұр.

Бұл мекемеде 4 адам жұмыс істейді, олардың біреуі дәрігер-жоғары білімді, үш орта арнаулы білімді мамандар –акушерка, балалар медбибісі, медбибі. Медицина қызметкерлері арнайы оқудан білімдерін жетілдіріп, аттестациядан өтіп отырады. Амбулаторияда 9 кабинетте дәрігерлік қызмет көрсетеді:


  1. Дәрігерлік қабылдау бөлмесі

  2. Смотровой кабинет

  3. Тіркеу бөлімі

  4. Физиопроцедура кабинеті

  5. Балалар бөлмесі

  6. Емдеу бөлмесі

  7. Лаборатория

  8. Егіп-емдеу кабинеті

  9. күндізгі емдеу қабылдайтын орын.

ОДА мекемесіне 2008 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Жыл ішінде дәрігерлік қабылдау саны-8641 адам, оның ішінде балалар-3425, үйдегі шақыру жедел-жәрдем саны-1826 адам.

Туберкулез ауруына қарсы манту жасалынған балалар -63.

Туберкулезбен ауырғандар саны-4 есепте тұр, Фюлографиялық тексерістен өткен адамдар-350 адам,

диспансерлік есепте тұрғандар саны – 163 адам: оның ішінде қан қысымы көтерілуі бойынша-74, жүрек ауруы -7, қант диабетімен-12 адам.


  • Хр.бронхит – 5 адам, хр. Гастрит -8 адам,

  • Скрининг бойынша профилактикалық тексеруден өту:

  • Асқазан обырына -51 адам, орындалысы-46

  • Ер адамдардың қуық асты без ауруын анықтау-17, орындалысы-15

  • Тік ішек обырын анықтау- 64, орындалысы-62 адам

  • Әйелдердің жатыр мойын обырын анықтау – 19 адам

  • Сүт безі ауруын анықтау -25 адам, орындалысы 25

  • Глаукома көз ауруын анықтау -110 адам, орындалысы-98

Есепте тұратын мүгедектер -38 адам,оның 4-і балалар.

Акушер кабинетінде босанатын есепте тұрған әйелдер саны-6,

Флюрографиялық тексеруден өткен адамдар барлығы-385

Туб.диспансерден қосымша тексеруден өткен адамдар саны-12

Туберкулез ауруымен емделіп шыққандар-3 адам, емделуде туб. диспансерде 2 адам ем қабылдауда.

Барлық қыстақтар саны -46, малшылар саны-128, балалар саны-28

Зертханадағы барлық тексерулер саны-1384, оның ішінде:

Қан анализдері-847, басқа анализдер-538.

Амбулаторияға бір жедел-жәрдем автокөлігі берілді.

Жылу жүйесі қалыпты жұмыс істейді, амбулаторияға қажетті қысқы отынмен қамтамасыз етілген, түсірілген көмір отыны-30 тонна.

Жыл сайын село халқына «Денсаулық поезы» медициналық көмек көрсетіліп, емдеу, кеңес беру шаралары өткізіліп тұрады.

6.Халыққа қызмет көрсету салалары бойынша

Село орталығында 7069 кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді,оның ішінде 4000 кітап мемлекеттік тілде жазылған. Селолық кітапханаға «Астел» спутниктік интернет желісі қосылған, оқырмандар саны – 400. Былтырғы жылы жаңадан 500 кітап келді. Село кітапханасында түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырады, атап айтсақ былтырғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Дулат Бабатайұлының туылғанына 170 жыл, М.Мақатаевтың туылғанына 85 жыл, Б.Майлиннің туылғанына 120 жыл, Б.Бұлқышевтың және М.Иманжановтың туылғандарына 100 жыл толуы секілді айтулы іс-шаралар атап өтілді. Жыл көлемінде мерекелерге байланысты басқа іс-шаралар өткізіліп отырады. Елбасының «Мәңгілік ел идеясы-ұлттың ұлы мұраты» жолдауын талқылау аясында пікір алмасу кеші, ақын М.Мақатаевтың 85 жылдығына орай «Мұқағали және ұлттық рух» және «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты поэзиялық кештер, 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесінде «Наурыз келсе, құт келгені ағайын!» деген тақырыпта дөңгелек үстел, 8 наурыз мерекесінде «Сүйікті менің анашым» дөңгелек үстел, Халықтар бірлігі күнінде «Тұрақтылық –тұтастық тұғыры» 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнінде «Ел ертеңін ойлаған -Елбасы» кітап көрме, «Ел мұраты-ел бақыты» фотослайд, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіз ел Қазақстан» кітап көрме өтті.Селода 150 цифрлі байланыс желісі халыққа қызмет істеп тұр, 5-і селоішілік мекемелерге орнатылған, 112- байланыс телефоны тұрғындардың пайдалануына берілген.

Селолық әкімдік кеңсесіне «Казпочта» АҚ-ның филиалы орналасқан, мұнда бір пошта қызметкері жұмыс істеп отыр, халыққа уақытылы зейнетақы, жәрдемақылар беріліп отыр, сондай-ақ салық төлемдерін, пайдаланған таза ауыз су өтемақылары, байланыс қызметі ақылары, атрибуттардың ақшасын төлеу осы пошта филиалы арқылы жүргізіліп келеді.

7.Әлеуметтік сала бойынша

Елбасымыз алға қойып отырған негізгі басты мәселесінің бірі-жұмыссыздықты азайту, кедейшілікпен күресу. Осыған орай, ауылдық округ әкімі аппаратының басты міндеті жұмыссыздық пен кедейшілік денгейін төмендету, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету шараларын жасау.

2016 жылы жыл көлемінде селолық округ бойынша 26 адам жұмыссыздар есебіне тіркелді, олардың ішінде 16 адам көктем, жаз, күз айларында қоғамдық жұмыстарға тартылды. 11 адам үш ай мерзімде, 7 адам алты ай мерзімде жұмыс атқарды. Оларға төленген жәрдем ақы сомасы 1545,9 теңге. Осы тіркелген жұмыссыздар ішінен 2 азаматша (Касымов Нұржан-№4 орта мектептің от жағушысы, Шубаева Кенже-Сатпаев қаласындағы № 16 мектепке жұмысқа) тұрақты жұмысқа орналасты. Селолық округ бойынша 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алуға 23 отбасы құжат өткізді. Жыл көлемінде 1308,0 мың теңге жәрдемақы төленді. Атаулы әлеуметтік көмек 4 отбасына төленді. Жыл көлемінде 647,7 мың теңге төленді. Тұрғын үй жәрдем ақысын алушылар саны 5 адам, төленген жәрдем ақы сомасы 116,6 мың теңге. Атаулы әлеуметтік көмек алушы Даулетова гульнара осы жылдың қараша айынан бастап өрлеу жобас аясында шартты ақшалай көмек бағдарламасына тартылды. Биылғы жылы тағы да осындай аз қамтылған отбасыларды осы жобаға қатыстыруға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Село бойынша барлық 1,2,3 топтағы мүгедектер саны-48 адам.

Селода бір әлеуметтік қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Қарамағында жыл басында 6 мүгедек бала бар. Әлеуметтік қызметкер аптасына 2 рет үйлерді аралап қызмет көрсетеді.Мүмкіндігі шектеулі балалардың үйлеріне барып, оларға ертегі, әңгімелер оқиды, мүмкіндіктеріне қарай сабақ оқуға, суреттер салуға бейімдейді.Үнемі балалардың ем қабылдайтын кездерде құжаттарын жинастыруға көмек көрсетеді. Балалар күні мерекесінде қарауындағы мүгедек балаларға бекітілген іс-шараға сәйкес концерттік бағдарламалар қойып, сыйлықтар таратады. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлмінің ұйымдастырумен өткізілген іс-шараға біздің селодан 2 бала қатысып, жүлдеді орын алып келді.

Селолық округтің орталығы Бозтұмсық селосының ішіндегі электр желілерінің жалпы ұзындығы -9,4 шақырымды құрайды, бір подстанция,4 КТП жұмыс істеп тұр.Қазіргі уақытта көшедегі бағандардағы сымдар тозған жиі үзіледі, ағаш бағандардың түбіндегі цемент бағандардың цементтері уатылып арматуралары көрініп майысып тұрған жайы бар.

Қаракеңгір селолық округі әкімдігі тарапынан 4 жылға жасалған «тіректі елді мекендерді дамыту бағдарламасы» жасалынған. Аудан, облыс тарапынан қорғалған, алайда бұл бағдарламаның жүзеге асуына қазіргі уақыттағы қаржы дағдарысы қолбайлау болып отыр, осы дағдарыс аяқталса бұл бағдарлама жүзеге асады деген сенімдеміз.

Қазіргі уақытта село көшелерінде 101 көше шамы бағандары мен село кеңсесі алдында 10 фонарь жарығы орнатылған, түнгі мезгілде көшеге жарық беріліп тұр. Электр энергиясын «Жезказганэнергосбыт» ЖШС-і халыққа беріп отыр, осы мекеменің село орталығында қызметкері жұмыс істейді, халықтың тұтынған электр қуатына төлемақыны уақытылы жинап отырады.

Село тұрғындары электр қуатына эл.счетчиктің көрсеткіші бойынша төлейді.



Селолық әкімдіктің жұмыстары бойынша

Селолық округ әкімдігінде қабылданған өкім- 28. Тұрғындардан келіп түскен арыз шағымдар – 5, берілген анықтамалар мен ақпараттар – 437.

Жалпы жиналыс саны -5. Жоғарғы мекемелерден келіп түскен құжаттар -336

Осы келіп түскен хат хабарларға байланысты 12 бағдарлама қабылданып олар жылма- жыл өз шешімін табуда.

Мемлекеттік тіл бағдарламасы

Орта және шағын бизнесті дамыту

Кедейшілікке қарсы күрес

Санитарлық тазалық бағдарламасы

Жұқпалы аурудың алдын алу барысы

Қылмысты болдырмау оның алдын алу барысы

Құқықтық оқу . т.б бағдарламалар

9.Экологиялық ахуал

Жарияланған тазалық айлары уақытылы жүргізіліп отырды,құзырлы орындарға тиісті ақпараттар беріліп отырды.

80 түп әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Орта мектептер мен ауыл жастары мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары толығымен ауыл тазалығы жұмысына тартылады. Жыл бойы 1100 тоннаға жуық күл қоқыс село сыртындағы солтүстік – шығыста 5 шақырымда орналасқан қатты қалдықтар полигонына төгілді. Осы жұмысқа ат салысып демеушілік көрсеткен Шаруа қожалықтары мен жекеменшік техникасы бар азаматтарының қосқан үлесі зор. Өткен жылы ауылымыздағы көшелердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюға жалпы құны 13млн277 мың теңгенің сметалық шығын жобасы, аудандық Жұмыспен қамту орталығына ұсынылған болатын,еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында, осы жоба қолдау тауып республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша қаржы бөлініп, осы бөлінген қаржының 9млн 640 мың теңгесіне Қарағанды қаласының мүгедектер қоғамы бірлестігі осы жұмысты ұтып алып (басшысы Понарева.С.А.) ауылымыздың көшелерін тазалап берді.

10. Елді мекендерді абаттандыру

Елді мекендерді абаттандыру мақсатында село әкімдігі кеңсесі алдына екі гүлзар, селодағы мектеп ауласына екі гүлзар, Қаракеңгір ОДА мекемесінің алдына екі гүлзар отырғызылды. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын, Салауатты өмір салтын, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларын насихаттайтын,Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, тау ұлдары Б.Булкышевпен М.Иманжановтың 20 екі жақты бильборттың баннерлері жаңартылды. 2015 жылы село орталығында «Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы» ММ-сі арқылы орталықтандырылған қаржысы есебінен екінші «балалар ойын алаңы» пайдалануға берілді.


11.Демографиялық ахуал

Селолық округ бойынша 2016 жылдың 01 қаңтарына жалпы халықтың саны-696 адам,оның сыртында 40 адамы шаруа қожалықтарында сырттан келген жалдамалы адамдар, негізгі селолық округ бойынша халық саны 656 адамды құрап отыр.

Сырттан селолық округке көшіп келген адам жоқ. сыртқа көшкендер үш отбасы (Наурызбаева.Ш,Садықов.Е,Сейткаримова.Г)

Туған бала саны- 6, керісінше қайтқан адам саны-7.



12. Бюджет орындалысы туралы:

Мемлекеттік мекемеге 2016 жылға 18398 мың теңге қаржы бөлінген, оның жыл аяғына дейін 18 млн 373 мың160 теңгесі игерілді, яғни орындалысы 99,9 пайыз болды.Слайдта көрсетілген.

2016 жылғы мүлік, жер салықтарының орындалысы туралы: 01.10.2016ж

Жалпы есептелген салық:

Мүлік салығы -14108 теңге –орындалысы -14108 теңге

Жер салығы: - 5581 теңге – орындалысы – 5581 теңге

Барлығы: 19689 теңге 19689, теңге

Бюджеттен тыс Қ.Р. мемлекеттік өзін-өзі басқару Заңына сәйкес,бұрынғы ауыл әкімінің өкімімен арнайы қауымдастық комиссиясы құрылған болатын.

Бұл комиссияның қатысуымен алдағы 2016 жылы селолық округке салықтың 6 түрінен түсетін қаржылай түсім көлемі 1 млн 40 мың теңгеге жоспарланған болатын, алайда бұл қаржы жоспардағыдан әлдеқайда көбірек түсті,яғни 1 млн 439 мың теңгені құрап отыр, бұл қаржықазіргі уақытта арнайы есепшотта тұр,алдағы уақытта село әкімі сайланғаннан кейін «ҚР мемлекеттік өзін-өзі басқару» Заңының талаптарына сай ел игілігіне жұмсалатын болады.

13.Мәдениет

Биылғы жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы, тау ұлдары Б.Бұлқышев және М.Иманжановтың туылғанына 100 жылдық мерекелері шын мәнінде ұлттық рухымызды ұлықтайтын, ұрпақ жадында жаңғырып тұратын ұлағатты шаралар болды. Мәдениет деңгейі өңірдің тұрақты экономикасының индикаторы болып табылады. Осы саланың ең басты мақсаты мен міндеті - өңір тұрғындарының рухани және эстетикалық сұраныс қанағаттандыруда сапалы, қолжетімділікпен мәдени қызмет ету болып табылады. Қазақ халқымыздың дәстүрлі рәсімдері және халықтық мерекелері өз кезегімен толық жалғасын табуда. Ауылымыздың мәдениет саласына келсек жыл басынан бері көптеген мерекелік іс-шаралар өтуде.Село орталығында 120 орындық Мәдениет үйі жұмыс істеп тұр. Мәдениет үйінде 11 адам жұмыс істейді. Жылдың басы «Шырша тойын тойлаймыз» тақырыбында шырша жанында ойын-сауық кешімен басталған жылда мәдениет үйі қызметкерлері әр апта сайын түрлі сауық кеші, мерекелік кештермен бірге мәдени іс-шараларды тұрақты өткізіп тұрды. Өткен жылдың қаңтар айында басталған «Біздің көшенің тұрғындары» көшеаралық байқау екі айға созылды. Әр көше тұрғындары бұл іс-шараға өз үлестерін қосып, белсенділік танытты. 8-наурызда «Көктем қандай шұрайлы, шұғылалы» тақырыбында салтанатты кеш ұйымдастырылды. «Бақ берекем,құт мерекем-Әз наурыз» тақырыбында Ұлыстың ұлы күні тойланды. Ұлттық ойындар, сахналық қойылымдар көрсетілді.1-сәуір күлкі күніне орай «кел бірге күлейік» тақырыбында ауыл жастарының әзіл-сықақ кеші өткізілді. 1 мамыр халықтар бірлігі күнінде «әрқашан достық болсын, ынтымағы жарасқан» атты мерекелік концерт өткізілді. Ұлы Жеңістің 71 жылдығында «Жеңіс әнін шырқайды біздің ауыл» атты концерттік бағдарлама, салтанатты шеру, театрландырылған көріністер, ардагерлерге мерекелік дастархан жайылып, мәңгілік алау оты жағылды. 8 маусым күні «Оразаң қабыл болсын ұстаған жан» деген тақырыпта ауыл имамы Ж.Кенбейловпен кездесу өтті. 6- шілде «Астанам –арман қалам» атты мерекелік концерт өткізілді.

30-тамыз конституция күніне орай «Ата заң -Айбыным» атты патриоттық кеш өткізілді.

1-қазан қарттар күніне орай «Қарттарым аман сау жүрші» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Ауыл қарттарына ақ дастархан жайылып, дәм берілді.

1-желтоқсан «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

14 желтоқсанда «Желтоқсан толқындары» тақырыбында салтанатты жиын, мерекелік кеш өткізілді.

31 желтоқсанда «Төрлет құтты жаңа жыл» атты мерекелік жаңа жылдық кеш өткізілді. Мәдениет үйінде «Салауатты өмір салтымыз» тақырыбында стол теннисі, шахмат, дойбы ойындарынан жарыстар жиі өткізіліп тұрады, жарыс жеңімпаздары түрлі сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен, дипломдармен марапатталып отырады. Мәдениет үйіне «Халықтық театр» атағы берілген.

14.Спорт, информация саласы

Селода спортқа зор ден қойылған, ауыл жастарының волейбол командасы аудандық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр. Село орталығында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Ауылымызда бұрын ауыл спортының жанашыры болған марқұм Ш.Қыдырбековті еске алу үшін волейболдан аудандық деңгейде жарыс ұйымдастырылып , селолық округтерден, Сатпаев қаласынан волейбол командалары қатысуымен өтті. Бұл шараның өткізілуіне шаруа қожалықтарының иегерлері С.Қойшығарин, Б.Уткельбаевтар демеушілік көрсетті.Мұндай игілікті істер алдағы жылда да өз жалғасын табатын болады.

Селода тұрақты түрде үш телеканал «Евразия», « Қазақстан», «Хабар» жұмыс істейді.

Село тұрғындарының 90 пайызы «ОТАУ»ТВ қондырғысын орнатып алған.

Интернет желілеріне №4 Қаракеңгір орта мектебі, селолық әкімдік ғимараты, кітапхана бөлімшесі қосылған.
15.Қоғамдық тәртіп туралы

Әскери комисарият жұмысы бойынша барлық шақырылғандар.

2012 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №859 қаулысына сай, селолық әкімдікте әскери міндеттілердің есебі жүргізіліп отырады. Қазіргі уақытта селолық округ бойынша 27 мен 60 жас аралығындағы әскери міндеттілер саны-137адам, оның ішінде екі офицер бар. 1997 жылы туылған -4, 1998 жылғы-6, 1999 жылғы туылған -6 бала әскери есепке тіркелді. 2016 жылғы көктемгі, күзгі шақырылымдарға 21 азаматқа шақыру қағазы келіп, олардың 5-і әскер қатарына алынды. Әр шақырылымға селолық округ бойынша 15-16 балаға шақырту келеді. Бұл азаматтар тіркеуде бізде болғанымен, өздері ауылда тұрмайды, қаладағы мекен жайлары белгісіз, уақытылы әскери комиссариатқа бармай қалу фактілері жиі кездеседі. Бір азамат негізгі әскери міндетінен кейін Қазақстан қарулы күштері қатарында қалып, өз міндетін Ақтау қаласында контракт бойынша жалғастыруда. Әскери міндеттілердің есепке алынып, уақытылы әскер қатарына баруы қадағалауға алынған.



Табиғи апаттар мен төтенше жағдай мәселесі

Құрметті ауыл тұрғындары! Табиғи апаттар мен өрт, су тасқынын алдын алу барысында сақтандыру жұмыстары жүргізіліну өз саласына сай емес . Әр тұрғын өз мүлкінің қауіпсіздігін ойлау қажет. Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары қатаң сақтауды ескертемін. Әсіресе дала өрті, өздеріңіз білесіздер өткен жылы бізде біршама дала өрті тіркелінді. Өртке қарсы құрылған 3 топ өте белсенді қимыл көрсетуінің арқасында өрт уақытылы ауыздықталды. Алдағы уақытта да бұндай іс қимылдарға село тұрғындары арасынан өз беттерімен белсенді азаматтардан да шығуы керек.Биылғы қысты өздеріңіз көріп отырсыздар, қар өте қалың түсуде, сол себепті көктемде су тасқынының алдын алу жұмыстарын жолға қою, қауіп бола қалған жағдайда әкімдіктің 5-6 адамына сілтемей жалпы халық болып бір кісідей кірісуіміз қажет.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар:

1. «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша несие алушылардың санын көбейту арқылы жаңа кәсіптің түрлерін ашу.

2. Қысқы мезгілде округтің ауылдар арасындағы жолдарды және ауылішілік көшелерді қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру;

3.Мал азығын дайындау барысында көп жылдық екпе шөп егу жұмысын қолға алу

4. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын атқару;

5. Ұялы байланыс жүйесін орнату;

6. Ауыл ішін абаттандыру, көгалдандыру және жеке секторды бау-бақша егу жұмыстарына үгіттеу;



Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. 2017 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін! Осындай игі іске ұйытқы болу - міндетіміз деп білемін. Халқымыздың игілігіне арналған жұмысымыз алға баса берсін! Мүмкіншілікті пайдалана отырып, барлық қатысушылар мен село тұрғындарын 2017 жаңа «тауық»жылының басталуымен құттықтаймын және әрқайсымыздың алға қойған мақсаттарымыз бен міндеттерімізге жету жолында жаңа табыстар тілеймін, үстіміздегі жыл барлығымыз үшін жемісті және шығармашылыққа толы жыл болсын.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Қаракеңгір

селолық округі әкімінің м.у.а. С.Смагулов
Каталог: files -> chinovnik
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
chinovnik -> Қарағанды облысы
chinovnik -> Конкурс по избранию членов рабочей группы по формированию Общественного совета города Шахтинска
chinovnik -> Северо-Западный кентін 2015 жылы әлеуметтік – экономикалық дамытуды
chinovnik -> Хит парад новинок за ivквартал 2015 год Мінез-құлық әліппесі
chinovnik -> Бейбітшілік көшесі, 19 үй
chinovnik -> Қазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі
chinovnik -> Қоскөл ауылдық округінің әкімі А. С. Бекетовтың 2016-жылы атқарылған жұмыстары бойынша қорытынды есебі Құрметті ауыл тұрғындары! Слайд 1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет