Құрметті студент!
2016 жылы «Ауылшаруашылығы ғылымдары - 2» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.
Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.
1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:
1. Микробиология
2. Биохимия
3. Ауыл шаруашылық жануарларын азықтандыру
4. Ауыл шаруашылық жануарларын іріктеу және өсіру
Тестілеу уақыты - 180 минут.
Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.
Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.
Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.
Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға
Достарыңызбен бөлісу: |