Роботрек модулінің интерфейсі. Ev3 модулінің интерфейсі



Дата07.02.2022
өлшемі3,29 Mb.
#85931
Байланысты:
Роботрек модулінің интерфейсі
4058304f-9df2-11e3-9dd5-f6d299da70eeУМКД Компьютер архитектурасыТ241

Роботрек модулінің интерфейсі.

Роботрек модулінің интерфейсі.

EV3 модулінің интерфейсі

EV3 модулі — бұл роботтарды әрекетке келтіретін басқару орталығы. бұл роботтарды әрекетке келтіретін басқару орталығы. Экранның, басқару модулінің батырмаларының және төрт негізгі терезелерін қамтитын интерфейстің арқасында сіз әртүрлі таңғажайып мүмкіндіктерге ие EV3 модулінің қызметтерін пайдалана аласыздар. Бұл қарапайым қызмет те болуы мүмкін, мысалы, бағдарламаны қосу және тоқтату немесе қиын түрі - бағдарламаның өзін жазу.

Интерфейс: Мәзір

EV3 мынадай 4 бөлікті мәзірден тұрады:

  • Соңғы бағдарламалар (Recent Programs).
  • Файл менеджері (File Navigation).
  • Басқару блогі бағдарламасы (Brick Applications).
  • Баптаулар блогін басқару (Brick Settings).

Соңғы бағдарламалар

Компьютерден жүктелген бағдарламарды іске қосыңыз. Сіз бағдарламаны жүктеп және іске қоспайынша бұл терезе сол қалпында бос тұрады.


Бұл терезеде сіздің соңғы рет қосқан бағдарламаңыз көрсетіледі. Әдепкі қалып бойынша соңғы жіберілген бағдарлама - бағдарламаның жоғарғы тізімінде көрсетіледі.

Файл менеджері

Микрокомпьютердің жадында немесе қосымша SD-картада сақталу тұрған барлық файлдарды басқару мен оған деген қолжетімділік – файл менеджері арқылы жүзеге асады.


Әр жобада қолданылған нақты бағдарламалық файлдар, сондай-ақ, әрбір жобаға пайдаланылатын дыбыстар және суреттер арнайы папкаға жинақталған. Файл навигаторы көмегі арқылы файлдың орнын ауыстыруға және өшіруге болады.

Басқару блогі қосымшасы

EV3-нің алдын ала орнатылған 4 қосымшасы бар:


А. Порт көрінісі.
Б. Моторларды басқару.
В. IR басқару.
Г. Модульді бағдарламалау орталығы.

А. Порт көрінісі

«Порт көрінісі» қосымшаның бірінші терезесінен сіз тез арада батырмалардың және мотордың қалай байланысқанын көре аласыз.

EV3 басқару модулі арқылы бос емес порттарға өтіп, датчиктер немесе мотордан алынған көрсеткіштерді көре аласыз.

Бірнеше датчиктерді және моторларды орнатып әр түрлі баптауларды қолданып көріңіз.


Орнатылған моторлар мен датчиктердің баптауларын қарау немесе өзгерту үшін орталық батырманы басуыңыз қажет.
Басты терезеге өту үшін немесе артқа шығу үшін модульдің қосымшасындағы «Артқа» батырмасын басыңыз.

Б. Моторларды басқару

Кез келген төрт шығару портының біреуіне жалғанған мотордың тура немесе кері қозғалысын басқара аласыз.

Екі түрлі режимі бар:

  • Бірінші режимде сіз А Жоғары» және «Төмен» батырмалары арқылы) және DСолға» және «Оңға» батырмалары арқылы) портына жалғанған моторларды басқара аласыз.
  • Келесі режимде сіз В («Жоғары» және «Төмен» батырмалары арқылы) және ССолға» және «Оңға» батырмалары арқылы) портына жалғанған моторларды басқара аласыз.

Режимдерді ауыстыру үшін ортасындағы «ОК» батырмасын басу қажет. Басты терезеге өту үшін «Артқа» батырмасын басыңыз.

Г. Модульді бағдарламалау орталығы

EV3 модулінің ішінде арнайы бағдарламалық құрал орнатылған. Ол EV3-ге арнылған бағдарламарды компьютерсіз, модульдің ішінде жазу үшін керек.

EV3 модулін баптаулары

Бұл терезеде EV3 модуліндегі жалпы баптауларды жасауға болады. Мысалы, дыбыс деңгейін азайту, Wi-Fi-ды қосу және т.б.

Дыбыстың деңгейі

Баптаулар (Settings) терезесінде арнайы Дыбыс (Volume) деген баптау бар. Ол арқылы дыбысты ұлғайтуға немесе азайтуға болады.

Дыбыстың деңгейі (жалғасы)

«Солға» және «Оңға» батырмаларын басып, дыбыстың деңгейін баптай аласыз. Дыбыстың диапазоны 0 % және 100 % аралығында болады.

Ұйқы режимі

Берілген менюдің ішінде «Ұйқы режимін (Sleep)» таңдап, сіз EV3 модулін пайдаланбаған жағдайда, белгілі бір уақытта ұйқыға кетеді.


«Оңға» және «Солға» батырмалары арқылы аз немесе көп аралықты (2 минуттан шексіздікке дейін) белгілеңіз. Өзгертуді растау үшін орталық батырманы басыңыз. Содан кейін сіз баптаулар терезесіне өте аласыз.

Bluetooth – ақпаратты желісіз алмасу құралы

EV3 модулінде Bluetooth құрылғысы бар. Баптаулар бетінде, Bluetooth-ді таңдап, онын ішінде: қосу, көрімділігі, iPhone/iPad/iPod құрылғыларына қосылу.

Таңдау үшін ОК батырмасын басыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет