С ейтхожаева Халия Орынбайқызы
№372 бастауыш мектебі мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ұлттық валюта- теңге күні
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: ақшаның түрлері, слайд, бейнетаспа, суреттер
Барысы: Қайырлы күн, оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |