С-оқу мен оқытуда өз тәжірибесіне енгізгендегіөзгеріс жайлы рефлексивтік есеп



Дата23.05.2017
өлшемі64,99 Kb.
#16747
ОҚО. Шымкент қаласы.ПКБА және ҚДИ

Тренер:Тасполат М. П.

Тыңдаушы: Амирбекова А

Мақтарал ауданы Атакент қалашығы

О.Бапышев атындағы ЖОМ мемлекеттік

мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:



С-Оқу мен оқытуда өз тәжірибесіне енгізгендегіөзгеріс жайлы рефлексивтік есеп .

Тыңдаушының ойлары

Тренердің пікірі

Шымкент қаласына мен үш айлық курсқа келдім . Бірінші Бетпе – бет кезеңінде Кембридж университетінің әдіс – тәсілдерінің теориялық негіздерін оқып білім алдым . Бұл теория оқушының сыни ойлауын дамыту , алған білімдері мен жаңа алған немесе сыныптастарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жайында жүзеге асады екен . Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерешеліктерін , оқушылардың түсінігін жетілдіру жақсарту арқылы жұмыс жүргізу қажет . Сыныпта топ ішінен шағын топшаларға бөлініп қызу жұмыс жүргізіп сабақты түсіндіру тиімді екен . Менің тағы да бір байқағаным білім берудегі жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың өздерінің оқуына мүмкіндік беруіміз керек екенін білдім . Мұғалім оқушылардың көп сөйлеуіне , өзі тапсырманы орындауына бағыт – бағдар беріп отыруы тиіс екен . Ең алғаш курсқа мен барған сәттен бастап сабақты модульдеп оқытудың оқушыларға қазіргі заман талабына сай сапалы білім беруде оң әсер ететінін түсіндім . Маған және бір ұнғаны топқа бөліп жұмыс жасау және оның тиімділігі ұнады . Мұғалім модульдер бойынша жұмыс жасаудың тиімділігі және оны ерінбей еңбектенсе жұмыс жасаса өз жемісін беретінін , сондай – ақ сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша мұғалім оқушыларға қандай да бір тапсырманы бермес бұрын өзі де әбден жан – жақты зерттеп , зерделеп , саралап қарастырып алу қажет екенін білдім . Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамытпас бұрын мұғалім өзі сыни ойлану қажет демекші , оқушының сын тұрғысынан дамуына мұғалім әсер етеді . Блум таксономиясы бойынша бастауыш сынып оқушыларына сұрақ қоярда деңгейлер және жас ерекшелігіне қарай ол оқушы қалай жауап береді , бағдарламаға сәйкес пе соған көз жеткізіп алып барып қою керек . Өйткені бұл жағдайда ол сұрақ оқушыға ауыр тиюі мүмкін және пәнге деген қызығушылығын төмендетіп психологиялық дағдарысқа әкелуі мүмкін екенін түсіндім . Білім беруде жаңа әдіс – тәсілдерді қолданып отырып оқытуда біз үлкен жетістіктерге жетеміз екен . Оқу мен оқытуда түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың назарын , қызығушылығын , мұғалім өзіне тез баурап алатындығын және сабаққа пәнге деген қызығушылығын арттыруға мол септігін тиетінін байқадым . Оқушылар сонымен келесі сабағымыз қандай болар екен деп оқушылар келесі күнді асыға күтіп сабаққа дайындалып келіп отырды . Мен бірінші бетпе – бет кезеңінен кейін алған білімімнің нәтижесінде , бұрын оқытып жүрген дәстүрлі әдістің ескі сарында өтетінін байқадым . Теорияда түсіндірілгенді оқушы практикада іске асыра алмай жатады , оған біз мұғалімдер оқушыға өзі оқуына мүмкіндік бермеуімізден екенін байқадым . Біз оқушылардың сыни тұрғыдан көбірек тереңірек ойлауына мүмкіндік жай бермейді екенбіз . Оқушыларға берілген сұрақтардың соңына дейін күтпестен өзіміз дұрыс жауапты өзіміз айтып қояды екенбіз . Дәстүрлі сабақтарымызда мұғалім көп сөйлеп оқушылар таңдаушы екен . Мен бұл бағдарламадан мұғалім тек бағыт – бағдар беріп , ал оқушылар тапсырманы өздері оқып үйрену керек екендігін түсіндім .

Оқушыға егер де өзі оқуына ұмтылыс жасалса басқаша көзқарас пайда болатынын қашықтықтан оқыту кезінде байқадым . Теорияда алған білімімді қолдану арқылы Кембридж әдісі бойынша оқытуда біз көп нәрсеге қол жеткізетінімізді түсіндім . «Экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі заманға лайықты бәсекеге қабілетті оқушылар оқытуымыз керек»деп елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай дүниеге көз қарасын кеңейту ,өз-өзіне деген сенімділігін арттыру ,менің де қолымнан бір нәрсе келеді екен ғой деген сияқты ой қалыптастыру және идеяларын дамыту жиырма бірінші ғасырға лайықты азамат етіп тәрбиеленіп шығатынын түсіндім.Бұл үшін алдымен сыныпта сынып атмосферасын қалыптастырып алу керек екенін түсіндім. Бұл әдіс – тәсілдерді қолдану барысында жаңа бір қырмен көріне бастады десем де болады .Олай айтқан себебім , мен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының күннен – күнге артып келе жатқанын байқадым , және топпен , жұппен жұмыс жасаған кезде олардың бірлігін ,ұйымшылдық іс – әрекетін , сенімін , пәнге деген қызығушылығын , құлшынысын көрдім .Әр сабақтың барысында оқушыларды тақырыптарға байланысты топқа бөліп алып отырдым . Бұрын біз мектеп бойынша жалпы бір ережеге бағынушы едік .Енді , топтық жұмысты орындау үшін де оқушылар топтық ереже жасап , сол ережеге бағынатындығына көзім жетті . Сабақтың тақырыбының мәнін ашуда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін миға шабуыл жасау кезеңінде тапсырманы орындауда оқушының өз бетінше жұмыс істеудегі ерекшелігін көре отырып , оқушының ойлау қабілетін дамытатынын байқадым . Мұндай тапсырманы жасау барысында оқушылардың пәнге деген тапсырманы жасау барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының және құлшыныстарының артқанын және барлығы әлеуметтік қарым – қатынаста болып бірін – бірі қолдап отыратынын түсіндім. Топтық жұптық тапсырмалар орындағанда балалар бір - бірімен пікір алмасып, ой бөлісіп отыратынын байқадым . Сыныптағы дарынды балалар топтық ,жұптық жұмыс барысында қалаған оқушыларды да топта жұмыс жасауына сурелеп,көшбасшылық жасап отырды. Осы Кембридж тәсілі арқылы біз оқушылардың білім сапасын арттыра алатынымызға көзім жетті. Сабақ беруімде оқушылардың оң өзгерістер барын байқадым. Сабақ та, тақырып та сол баяғы тақырып, бірақ оқушыларға түсіндіру басқа, әдіс-тәсілдер басқа, ой басқа .Дәстүрліге қарағанда түсінікті оқушылардың өздері жасап өздері оқып жатқандығын көруге болады. Әр оқушы ақпараттар мен мәліметтерді ғаламтордан ала отырып жаңа технологияны білу керек. Мен бұл тәжірибемде АКТ-ны қолдану кезінде дарынды және талантты балаларды анықтауға болатындығын түсіндім. Дарынды оқушылар өздері ізденіп, өзіне керекті мәліметтерді алады және білімдерін жетілдіреді екен. Сабағымның барлығында оқу үшін бағалау, оқытуда бағалау модулін енгізіп отырдым. Бұл модульдің біререкшелігі бала өзін-өзі бағалап өзінің сабақтағы жасаған іс-әрекетіне баға бере алады екен. Яғни , өзін-өзі бағалау арқылы баланың оқуға қызығушылығы артып өзін-өзі реттеуге үйренеді екен.Осы жеті модульді енгізе отырып бағалау түрлерін көп пайдаланғым келеді.Өйткені,жиынтық бағалаумен бірге фармативті бағалаудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып өткен сабаққа оқушылар қызығушылықтарын білдіретінін түсіндім.Мұғалімнің орнына оқушылар бір-біріне сабақ түсіндірді,ой алмасты, бір-біріне сабақ түсіндіру барысында тақырыптың идеясы алмасып ойларын жетілдірді. Мұғалім бұл жерде оқушыға тек бағыт-бағдар беріп бақылап отырады екен. Біз келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейтінімізге сенімім күшті. Оқушылардың топпен, жұппен бірлігі жараса жұмыс жасағаны және бір-біріне ақыл қосып, идея ауысып жұмыс жасағаны, барлығы бірге мәтін құрап білмегендерін бір-бірінен сұрап жарыса жұмыс жасағандығын байқадым.

Қорыта айтатын болсам, мен ары қарай нені дамыта аламын. Ол үшін неге назар аударуым қажет болады,деген ой түйдім. Осы Кембридж бағдарламасы бойынша білім беру оқушылардың өзін және бірін-бірі оқытуда теория мен практиканы байланыстыра отырып оқытатын ең тиімді әдіс екенін сеніммен айта аламын. Ең алдымен білім берудегі теориядағы түсініктерді, практикада жасай алатын азамат болып шығуы үшін, дәстүрлі оқытуды жаңа жеті модуль арқылы оқытуға болатынын айтқым келеді. Бұдан былай күнделікті тәжірибемде оқып үйренген жеті модуль арқылы оқытуда дамыта отырып сабақтар өтемін әріптестерім де осы әдіс-тәсілдерді айтамын, түсіндіремін. Мен сабағымды Кембридж тәсілі бойынша жеті модуль негізінде жасаймын. Оқушыларға сұрақтар қойған кезде жас ерекшелігіне қарай Блум тактономиясы бойынша сұрақ қоя отырып сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырып өз сабағымды оқушылар жақсы меңгергенін толық енгізілгенін қалаймын. Сабақтың бұрынғы дәстүрі қалпын, құрылымын өзгертемін, сол өзгерістер арқылы оқушыларды жаңа қырынан, яғни сабаққа деген белсенділіктерін, құлшынысын арттырып ізденімпаз, өмірге деген сенімі мен жігері молайғанын көргім келеді, шәкірттерімнің.Мен ол үшін бағалаудың түрлерін, әсіресе формативті бағалаудың тәсілдерін сабағыма жиі қолданып отыруға тырысамын. Білім адамға табысты және бақытты болу үшін қажет. Бағдарламаның жеті модульдің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы өткен сабағымыз өмірге деген көзқарасымызды жаңа қырынан көрсететінін түсіндім. Осы әдіс-тәсілдерді оқушылардың бойына сіңіре отырып жақсы бәсекеге қабілетті азамат, азаматшалар, өнегелі шәкірт, өркениетті заманына лайықты үш тілді меңгерген оқушыларды тәрбиелеп шығаруымыз керектігін ұқтым. Әрбір оқушылардың көзқарасын өзгерткім келеді, олардың қолынан барлығы келетінін, талпынса адамның бағындырмайтын белесі жоқ екендігін түсіндіріп, ол үшін жақсы оқу керек, сонда ғана біздің өмірге деген көзқарасымыз, пікіріміз өзгертетіндігін оқушыларға түсіндіріп үйрету керек.

Елбасымыз айтқандай «Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі болашақ» дегендей бүгінгі күні болашақ ұрпақтың білімді болуы ертеңгі күннің нұрлы болуының кепілі демекпін.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық ; 3.Бағдарлама ;

2.Мұғалімге арналған тапсырмалар ; 4.Әдістемелік нұсқаулық.







Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет