«С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ» КММ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Өз Отанын жан-тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы»
Орындаған: 8 «А» сынып оқушысы
Қанат Айханым
Жоба жетекшісі: Усейнова Фариза Гиниятовна
Мазмұны
I.
|
Кіріспе
|
3
|
II.
|
Негізгі бөлім
|
4
|
|
Отанға деген сыйластық
|
4
|
|
Ел – елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы
|
6
|
III.
|
Қорытынды
|
9
|
IV.
|
Әдебиеттер тізімі
|
10
|
|
|
|
Кіріспе
Шығармашылық жобамен жұмыс жасау Отан тұжырымдамасының, атап айтқанда туып өскен, кіндік қаны тамған жерге деген махаббат ұғымдарының теориялық аспектілерін қарастыруды көздеді.
Жобаның өзектілігі бүгінгі көпшілік үшін «Отанды сүю» ұғымы ұсақталып барады. Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда туған жерге деген сүйіспеншілікті қоғамға насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.
Жобаның жаңалығы:
«Отанды сүю» ұғымының ерекшеліктеріне шығармашылық, концептуалдық талдау жасау.
Жоба мақсаты: «Отан» құндылығының маңыздылығын талдау, саралау және оны түсіндіру.
Негізгі міндеттері:
Отанын, туған жерін сүю,келекшекке сеніммен қарау;
Қазақ халқының тарихын,ұлттық мәдени мұрасын құрметтеу;
Тілімізбен тарихымызға құрметпен қарау;
Еліміздің байлығын қорғауға, өркендетуге үлесін қосуға бейімдеу.
Мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келесі зерттеу әдістері қолданылды:
Жалпылама теориялық талдау жинақтау және зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес теориялық зерделеу.
Жоба жұмысының құрылымы кіріспеден, «Отанға деген сыйластық» және «Ел – елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» деп аталатын екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Отанға деген сыйластық
Отан…
Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші! Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Отан - бұл біздің ата-әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, «Отан» да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, оның алар орны тым ерекше болады.
«Отан» ұғымы –адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым.Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін сағынбаған жан болмаған. Туған жерге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен,суретшілер әсем бояумен, ал ақындар жыр жолдарымен, өлеңмен өрнектеген.
Әрбір адам үшін Отан ошақ басынан басталады. Сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады. Отан үшін, туған жер үшін, азат ата қоныс болу үшін қаншама ата-бабаларымыз тер төкті, жанын қиды. Өз тарихын біліп, Отанын сүйген адамды осы қасиеті үшін құрметтеу қажет. Адам баласы тарихын жетік білсе, өз еліне деген титтей болсын құрметтік көрсетеді. Әрине, әр адам сырт елдегі халықтың ауызында өз елінің есімі жүргенін қалайды. Бірақ бұның болуы да, болмауы да өз қолымызда. Тарихымызды біліп, Отанға деген махаббат сезімімізді аша білсек, Отанымызға деген бір пайдамыз тиер еді. Ұмытпайық, біз әлемнің бір бөлшегіміз.
Ел – елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы
Шыр етіп дүниеге келген жер, кіндік қаны тамған жер әрқашанда қымбат, әрі ыстық демекші, әркімнің өз туған жері бар. «Туған жердің түтіні де жылы» деген мақалды естіп, көкірегімізге түйіп өскен мен де бір қазақтың баласымын. Туған жер десек көз алдымызға көсіліп жатқан кең дала, сол далада емін-еркін жайылған төрт түлік малдардың елестейтіні сөзсіз. Өйткені, қазақтың негізгі күн көрісінің өзі - төрт түлік малы.
Әрбір адамның өз туған жері, елі бар. Сол жер әрдайым сені тартып, сені шақырып, құшақ жайып қарсы алады. Неге бұл жер сені өзіне әрдайым тартып, шақырып тұрады? Мүмкін, сен дүние есігін алғаш рет осы жерден ашқандықтан болар. Қарапайым кішкентай адам бірінші рет күнді көрді, жаңбыр айқайын естіді, мектеп есігін ашты және де сенімді достарын тапты. Бұл ғажап құбылыс емес пе! Қалайша өзіңді бақытты демессің.
Әрине, әр адам үшін өз Отанынан артық жер болмас, тіпті болмайды да. Өз еліңнің беделі сырт елдерде көтеріліп тұрса, бір марқайып қаласың. Біздің Отан тарихымен танымал. Мысалы: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Қаныш Сәтпаев, т.б. Әртүрлі ғұлама тұлғаларымыз әр сала бойынша жұмыс жасаған. Сондықтан олардың есімдері сырт мемлекеттерде әлі де танымал. «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді»-деп Жиренше шешен бекер айтпаған. Ал осы ғұлама тұлғалардың жолын жалғастырушы бізбіз. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні, осы тұлғалардың шырағын сөндірмеу біздің қолда.
Өз Отанын құрметтей білген адам мың жасайды. Отаның үшін отқа түс – күймейсің деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол үлкен абырой! Өзің өлсең де, атың ешқашан өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу. Отанды қадірлеуді ең алдымен өзіңнен баста. Сен түзелсең, сенен кейінгі ұрпақ өзгереді. Адам адамға қарап бой түзейді. Өзгеден мін көргенше, өзгеге қызыққанша өзіңді жөнде. Ары қарай Отанныңа деген сезіммен Отаның жайлы басқалардың жаман ойларын түзейсің. Барлығы өзіңнен басталады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, адамзат баласы ғана табиғаттың өмір сүру жалғастығының дамуына бар қол үшін беруге тиіс. Табиғаттың келешегіне адам ғана жауапты. Туған жеріміздің, табиғаттымыздың сұлулығы, көркі адамға байланысты.
Табиғат түсінігін тереңірек зерттегенде, біз - өз жеріміз, Отанымыз, Қазақстанымыз жайлы айтамыз. Туған жерімізде әрдайым бұлбұл үні, орман шуы, өзен-көлдер дауысы шарықтай берсін!
Туған жерім мен үшін қымбат. Мүмкін, сондықтан болар, туған өлкем туралы көп ойланамын. Туған жерімнің өткен өмірі мені қаншалықты қызықтырса, болашақ өмірі көңілімді соншалықты алаңдатады. Сондықтан, осы жерді көркейтуге қадірлеп-қастерлеуге ат салысамын. Қаламның болашағы үшін аянбай еңбек етемін, оқу оқып, білім аламын. Туған жерді, елді нығайту – біздің басты парызымыз деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ысмағұлов О. Бәйтерек түбіндегі бас қосу. Мемлекеттігіміздің арқауы — Мәңгілік ел // Астана, Ақшамы, 20 наурыз, 2014
Әбілева А. «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу жұмыстары басталды // BNevs.kz. 28 қаңтар, 2014
Сыздықов С.М., Қанаев С., Жеңіс Ж. «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптастасуы, үш негізгі тарихи сабақтастық. — Астана: Фолиант, 2013
Достарыңызбен бөлісу: |