Құс шаруашылығының маңызы және құстардың биологиялық қасиеттері. Құс тұқымдары және асылдандыру жұмыстары. Құс шаруашылығының өнімін өндіру технологиясы



бет1/3
Дата03.11.2022
өлшемі16,57 Kb.
#156418
  1   2   3
Байланысты:
lektsiya 10


Дәріс 10. Құс шаруашылығы
1 Құс шаруашылығының маңызы және құстардың биологиялық қасиеттері.
2 Құс тұқымдары және асылдандыру жұмыстары.
3 Құс шаруашылығының өнімін өндіру технологиясы
1 Құс шаруашылығының маңызы және құстардың биологиялық қасиеттері. Қолда өсірілетін үй құстарының түрі көп. Фермерлік шаруашылық жағдайында құс өсру өте ыңғайлы да тиімді. Құстың көбейіп өсіп-жетілуі қабілеттілігі де малдыкінен анағұрлым жоғары, ал өндірілген өнім бірлігіне жұмсайтын азық мөлшері әлдеқайда төмен. Мысалы, әр 1кг салмақ қосымына ірі қара мал – 10-12 а.ө., ұсақ қара мал – 8-10 а.ө., шошқа – 6-8 а.ө, жұмсайтын болса, құс 1 кг-ның жалпы қоректілігі 1 а.өлшеммен пара-пар келетін – 3-4 кг, ал тез жетілгіш етті бағыттағы бройлер-балапандары – 1,7-2 кг құрама жем жұмсайды. Малға қарағанда құстың асқазан жүйесі өзінің құрылысы мен атқаратын қызметі жағынан біраз өзгеше. Тұмсығымен қысқан азық сілекей арқылы аздап шыланып, жұтылады да, өңеш арқылы жемсауға барып түседі. Мұнда азық ісінеді, жұмсарады, араласады, үгітіледі, біртіндеп қарынға барып түседі. Етті бағыттағы бройлер балапандар 56-60 тәулікте 1,5-1,8 кг салмақ қосып, өздерінің жұмыртқадан шыққан кезіндегі, яғни бірінші тәуліктегі, 50 г шамасындағы тірідей салмағын 30-36 есе ұлғайтады. 5-6 айлығында жұмыртқалай бастайтын етті бағыттағы сақа тауықтардың тірідей салмағы – 3-3,5кг-ға жетіп, жылына – 150-180 жұмыртқа тапса, тірідей салмағы – 1,3-1,5 тартатын жұмыртқалағыш тауықтар жылына 230-280 жұмыртқа береді.
Үйректер мен күркетауықтар 7-8 айлықтарында, қаздар 8-10 айлығында алғаш жұмыртқалай бастайды да, сақа үйректердің тірідей салмағы 3-4 кг тартып, жылына 100-160 жұмыртқа, күркетаықтардың тірідей салмағы 4-6 кг тартып, жылына 80-120 жұмыртқа, қаздардың тірідей салмағы 5-6 кг тартып, жылына 40-60 жұмыртқа салады.
Балапан шығымы орташа 80% етті тұқым тауығынан жылына 170 жұмыртқа алынса, шығарылған 136 балапаннан басына 1,5 кг-нан есептегенде 200 кг-ға жуық жоғары сапалы ет өндіруге болады. Осы есеппен жылына бір үйректен 180-200 кг, бір күркетауықтан 220-240 кг, бір қаздан 120-130 кг адам тағамына жұғымды диетикалық, ақуызы 16-20% биологиялық құндылығы жоғары ет өндіруду жоспарлауға болады. Жұмыртқасы және етімен қатар құстан тірідей салмағының 6-8% құрайтын қауырсын өндіріледі. Одан жастық, мамық, бас киім және жылы киім дайындалады. Арнайы өңдеуден өткізілген құс қауырсынынан азықтық ұн дайындап, мал азығына протеиндік қосынды ретінде қолданады. Құс қорасындағы төсеніш пен саңғырық азотқа және фосфорға бай тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет