С.ТОРАЙҒЫРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дуйсебаева Жанар Канатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Созақ ауданы, Т.Момбеков атындағы жалпы орта мектебі
Алаш қозғалысы қазақ халқының әрбір азаматының жүр,егінде халқыма, еліме деген отансүйгіштік сезім ұялатқаны сөзсіз. Сондай зиялылардың бірі –алаш қозғалысына өзінді күлесін қосқанақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров. Оның ұлтқа деген сүйіспеншілігін, сезімін «Жасасын, алаш жасасын» деген өлең жолдарынан танимыз. Жалпы, Сұлтанмахмұттың «Алаш» деп ұрандаған өлеңдерінің бірқатарын «Айқап» журналында қызметатқарған жылдарынан көреміз. Бәрімізге белгілі ол журналда аз уақытжұмысжасаса да, өзінің көйіндегі, көңіліндегі халқына шын жанашырлығын танытып өтті.
Сұлтанмахмұттың журналда неге аз уақытқана жұмыс жасады? Неліктен қызметтен кетті? Деген сұраққа кімде-кімді ойландыратыны мәлім. Осыған жауап ретінде ақынның журнал беттерінде жарияланған өлеңжолдарынан іздеп көрсек. Айқап беттерінде ақынның «Алтыаяқ», «Түсімде», «Бірбалуанға», «Итаршыға», «Көңілді көндіретін тағдыр», «Қымыз», т.бөлеңдер іжарық көрді.
Алғашқы зерттеулерде, Сұлтанмахмұттың журналдан кетуіне журнал редакторы М.Сералинмен келісеалмауы себеп болдыма? Әлдесолқоғамның буржуазия шылұлтшылдарымен келісе а лмадыма? Деген пікірлер кездеседі. Мысалы, Төкен Әбдірахманов «ақынның кетуіне журналда жарияланған «Қазақ» газетін шығарушылардың бірі, дәрігер Ж. Тілеулиннің «Баспасөз» атты мақаласынан кейінқалуы мүмкін емес. Тіпті, Сұлтанмахмұт журнал қызметкері болмаған күннің өзінде, оның өткір әдеби-сын мақалаларын, журнал позициясын жақтаған өлеңін ұнатып жариялағаннан кейінгі жерде, енді барып қарсы жақтың жалпы жұртшылықтың алдында оны келемежеткен, жазғандарын сан-саққажүгірткенмақаланыбасуыредакторыныңүлкенқатесіеді. Әринебұдан соң Сұлтанмахмұттың М.Сералинге қошайтудан басқа ылажықалмаған тәрізді», -деп көрсетеді. Ж. Тілеулиннің осы мақаласымен танысып шығып, өлеңдеріне терең дей үңілдім.
Сол қоғамды ақ параттандырып, халықты оқу-білімге, бірлік кеша қырып отырған «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналдарының арасында біразайтыс болғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай Ж.Тілеулин Сұлтанмахмұттың «Жаңакітап» атты мақаласын сынап жазған. Осы мақалада қане жасап жүрген қызметтерің, ісі ңарқылы дәлел келтірсеңші деген сөзін де сынаған болатын. Ол сын ақынның журналда «Әлгі» деген лақап атпен жарияланған «Итаршыға» өлеңіне жазған сыны болса керек. Өлең жолдары былай болып келеді,
Көрсеткен қарашекпен еккенісін,
Қиналып жаная майжеккен күшін.
Шекпенге жұрт айтқаны қандай алғыс,
Көрсетіп көзалдыма ашсын түсін.
Сонан соңмаймыл тұрсынкім десе де,
Ықтияр, итаршының өзібілсін.
Бұл жолдардан қарашекпенге ұлтшылдарымызды теңей отырып, қазақ съезіне шақырылғанна нсоң, ақылдасу-кеңесуге наразылық білдірген зиялыларымызға арнап айтқандай. Міне, бұл жолдардан ақынның шыншылдығын, қандай қоғамдық мәселеге жай қарамайтындығын көре аламыз. Осыдан соң 1914 жылы Ж.Тілеулиннің мақаласы жарық көрді.Т.Әбдірахманов айтқандай, қызметтен кетуінен басқа амалы қалмаған тәрізді. Барлығына мойынсұнғандай. Тағы бір «Көңілд ікөндіретін тағдыр» өлеңіне зер салсақ. Онда ақын жас көңілін өз еркінше өмір сүруге, бір Аллаға ғана бас иіп, ешкімге жалбақтау білмейтін, барлық адамдар біржақ болса да, әділдік жолында өзі бір жақ болуға дайын, жақсылыққа жанын беріп жәрдемдесіп, жамандыққа мылтығын оқтайтын азамат едім дейкеле,
Көлгірліктің көзіне түрпекеді,
Хақтамшысын көзіне сүрпекеді,
Көңіл, жүрекосыған қолсоғысып,
Денені сол ізі мен жүртпекеді.
Көңіл, жүрек, қарынға деді барып,
Біз тұрмыз сондай-сондай ойға қалып,
Қарын жақсы бұларың мақұл,- деді,
Сөздерін тыңдаған соң құлақсалып.
Бұл үшеу жоғарғы ойға мөрін басты,
Дос болып қолсоғысты, құшақтасты.
«А, Құдай бұрынғымды кешегөр»,деп
Тәубеғып қарынсонда төкті жасты.
Бірақ бұл сөздерд іайтқан уақытта,
Қарын жақсы тоқ еді,
Іші толған боқ еді,
Тығыздалып, керіліп тұрған соң,
Енді ашар деген ойы жоқ еді.
Бір уақыттар болғанда,
Баяғы той ғана тоқ кетті,
Қарындағы боқ кетті.
Өзараынтастап то басын,
Таз қалпындай боп кетті.
Артынан іле-шала көңіл кетті,
Ал онда жүре кнетті?
Амалсыз айтқан сертін тағдыр бұзып,
Күні-түн азап шегіп зар еңірепті.
Деп жырлайды ақын. Мұнда ақын тұспалдап «жүрек» деп өзін, «көңіл» деп журнал редакторы М.Сералинді, ал «қарынға» съезгешақырылған ұлтшыл зиялыларымызды айтып отырғандай. Сұлтанмахмұт журналға келгенде қазақ қоғамындағы мәселелерге жайқарап жатпайтындығын айтып, журналға қызметке тұрады, соңында редактордың өзін бұған қарсықоюының арқасында кетуге мәжбүр болғандай. Мұндайойынөлеңніңсоңғышумағынанаңғарамыз
Ол азап батарсолай бір өзіңе
Бит шаққандай білінбес жұрт көзіне.
Сырты жұмақ болғанмен, іші дозақ
Түтінсі зжанғандар көп, нан, сөзіме.
Міне, ақынның әрқашанда шындықты жырлаған, әділдікті қолдаған, тағдыры көңілін көндірсе де, өз қоғамының көкейкест імәселелеріне жайқарап жатпаған ақын екеніне көз жеткіземіз.
Бір жағынан «Ай» туып,
Бір жағынан «Күн» туып,
Жарық көрді Алашы.
«Шолпан»-нан үміт тағы да,
Біріксе елдің данасы.
Сұлтанмахмұттың бұл арада «Ай» мен «Күн» деп ұлттық баспасөзіміздің қос жарығы болған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін нұсқап отырғаны белгілі. Ал «Шолпан» деп отырғаны 1911 жылдың наурыз айынан 1913 жылдың шілде айына дейін біресе жабылып, біресе шығып тұрған «Қазақстан» газеті еді. Бұл туралы «Қазақ» /1913, №2/ газетінде басылған «Қазақстан» газетасы» деген шағын мақаламен таныс, яғни, ондағы «Уралск қаласында он шақты нөмір шығып тоқтаған «Қазақстан» жаңадан шыға бастады. Уралскіде 27 шақты оқымысты қазақ жастары, ішінде Бақытжан Қаратаев бар, бас қосып, «Қазақстан» шығарып жүргізіп жіберу турасында кеңеседі...» деген хабарды оқыған Сұлтанмахмұт «біріксе елдің данасы» деп «Қазақстанның» да жабылып қалмай шығып тұруына ниеттестігін білдірген еді. Сөйтіп, «Бұл үшеуі тізілсе, Бейне қолдың саласы» екенін де ескертеді.
Көңіл менен көзді ашып,
Алға сүйреп барады.
Бұл жарықтар барында,
Кім адасып қалады?–
деп ұлт мүддесін ойлайтын қазақ баспасөздерінің барында халқының да жағдайы түзелетініне кәміл сенген ақын өлеңін осылайша түйіндейді.Одан әрі «шеттеп жүрген Қарақшы жеті жұлдыз» бен «соларды аңдығандай үңіліп» әрі «түн жақтан қолын бұлғап» тұрған Темірқазыққа тоқталады. Бұл арада ақын «Темірқазық» жұлдызын Ресей Мемлекеттік Думасына, «Қарақшы жеті жұлдызды» Ресей Мемлекеттік ІІ Думасына соңғы рет қазақтан сайланған жеті депутатты нұсқап отырған сияқты. Тарихи деректерге сүйенсек, мәселен, «Алаш қозғалысы» /2008/ атты кітапта «1907 жыл, 20 ақпан-3 маусым – Ресей Мемлекеттік ІІ Думасы жұмыс істеді. Оған қазақтан М.Тынышбаев, Т.Алдабергенов, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, А.Бірімжанов, Т.Нұрекенов мүше болды» (272-б.) деген мәлімет беріледі. Және де осы қазақ депутаттарының Ресей Мемлекеттік ІІІ Думасына мүше бола алмай «шеттеп» қалғаны, ел-жұртты үміттендіргендей амалсыз «алдап күліп», «құр сырттан жылтырап» көрінген іс-әрекеті айтпақ ойымызды дәлелдей түседі.
Қысқасы, «жазы суып, тұтас қыс болып кеткен» ел тағдыры Сұлтанмахмұтты бей-жай қалдырмады. Ақынның «кешегі түсін» осылай жорыдық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Айқап, 1992, №14.
Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық өмірбаяны. –Алматы: Ғылым, 1992
Аймауытов Ж. Сұлтанмахмұт Торайғырұлы. / Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том.–Алматы: Ғылым, 1999
Кенжебаев Б. Асау жүрек/ құрастырған, алғы сөз жазған Б.Адырбекова. –Алматы, 1995
«Айқап» журналы/ құраст. Субханбердина .... –Алматы:
«Қазақ» газеті / Бас редактор Ә. Нысанбаев. –Алматы, 1998
Кәкішев Т. Сұлтанмахмұттың «Айқаптағы» қаламгерлігі хақында.// Ақиқат, 1993–№6-78-82 б.
Естеліктер. / Торайғыров С. Шығармаларының үш томдық жинағы. 3- том– Алматы: «Алаш баспасы», 2005
Сайлаубай Е.Е. Алаш үкіметінің шығыс бөлімі. Тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған дис. –Алматы, 2001
Ахметов З. «Алаш» деп ұран салған ақын. Дәуір ақыны: Ұлы ақын С.Торайғыровқа арналады / құраст. Ф.Қ. Бектұрбекова. –Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2002
Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры: Өлеңдер мен дастандар/ Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. – Алматы: Раритет, 2007
Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. 1967
Алаш қозғалысы. 2008 жылғы?
Қазақ ССР тарихы кітабы
Достарыңызбен бөлісу: |