Сабақ қ а негіздел ге н о қ у мақса т ы шығарм а н



Дата17.12.2021
өлшемі42,32 Kb.
#102322
түріСабақ
Байланысты:
docx1578655605


Мектеп:Мұхит ат ЖОББМ

32-сабақ. Таңғажайып ертегілер

Күні 20.11.2019

Мұғалімнің есімі Б. Тойшыбаева

Сынып 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

4.2.6.1 Кейіпкердің,кейіпкерлердіңіс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ертегінің қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды. Өз болжамдарын басқалардікімен салыстырады, себебін түсіндіреді. Ертегі кейіпкерінің бірі бай баласының іс- әрекетіне жан-жақты талдау жасап, жалмауыз кемпірмен салыстырады.

Оқушылардың басым бөлігі: Ойды мақалмен түйіндейді.

Кейбір оқушылар: Қиял-ғажайып істердің маңызын ажыратып көрсете алады.

Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет




Ресурстар

Басталуы




Қызығушылықты ояту

(МК) «Еске түсір» айдарыбойынша

«Ерте, ерте, ертегім, Ертегім сыр шертеді...» – деп бастап, оқушыларға сыныпты айналдыра ілінген ертегі сюжеттеріне берілген суреттерді топтастыру . Ертегінің түрлерін еске түсіре отырып, қиял-ғажайып ертегілердің өзіндік ерекшеліктерін айтқыза отырып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталып өту. Оқулықтағы суреттер де пайдаланылады.

Ертегі сюжеттері бейнеленген суреттер топтамасы

Ортасы







Мағынаны тану

) «Ойлан» айдары бойынша«Шарль Перроның ≪Бармақтай Бала≫ ертегісіндегі етіктің ерекшелігі неде екенін айту Егер оқушылар бұл ертегімен таныс болмаса, мұғалім қысқаша мазмұнымен таныстыру

«Мұндай таңғажайып кейіпкері бар қай ертегіні атар едің?» деген сұрақтар төңірегінде ойланып, ойларын ортаға салады

. (МК, Т) «Түсініп оқы» айдары



Мақсаты: Оқушылар мәтін мазмұнымен «Аялдамамен оқу» және «Болжау» әдісі бойынша танысу Бір оқушы мәтінді өзі бір сөйлемнен немесе 2-3 сөйлем, бір абзацтан кейін аялдап, тоқтап оқып, оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін сұрақтар қою арқылы болжатып, оқушылардың ойын біліп отырып оқу Мысалы: «Бай баласының алтын сақасын неге жұртқа қалдырып кетті? Неге олай жасады деп ойлайсыңдар?» т. с. с. сұрақтарға өз ойын білдіреді

Таныс емес сөздердің мағынасын ашуға тырысады.

Дескрипторы:

1. Мәтін мазмұнын талдай отырып оқиды.

2. Келесі бөлімдегі оқиға желісін болжайды.

3. Болжамдарын ертегі нұсқасымен салыстырып, бағалайды.



ҚБ: Жұлдызшалар арқылы бағалау

Оқулық































































(Ұ)«Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша бір заманда сөз тіркесінің мағынасын ашу

Бір заманда– бір мезгілде деген мағынада. (Т) «Терминдер хатқалтасы» әдісі

Фантастика (грек сөзі) – қиялдау өнері. Мұндай шығармаларда шындыққа жанаспайтын құбылыстары бейнеленеді. Фантастикалық шығарманың негізгі ойы – жақсылықтың жеңуі. Оның кейіпкерлері қиындықтан аман-есен құтылып шыға алады. Қиял-ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға құрылады.

(Ұ) Барлық топ «Алтын сақа» тақырыбы бойынша «Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырма орындау

1. Бай баласын сипаттайды. (Батыл, қамқор, күшті т. б.)

2. Бай баласын салыстырады. (Жалмауыз кемпірмен)

3. Бай баласын ұқсатады. (Ержүрек батырға, өйткені... )

4. Бай баласын қолданады. (Бай баласының есімі аңызға

айналды, ертегіде оның аты қалды... Егер мен оның орнында болсам... )

5. Бай баласының ісін жақта немесе датта (Істегені дұрыс па, бұрыс па, талдау жаса, өз ойыңды білдір).

6. Ұсыну немесе бағалау.

(Отан үшін отқа түс, күймейсің. Елің үшін алыссаң, өлмейсің )





Сөздік дәптер

Термин жазылған хатқалта






4. Бай баласын қолданады. (Бай баласының есімі аңызға айналды, ертегіде оның аты қалды... Егер мен оның орнында болсам... )

5. Бай баласының ісін жақта немесе датта (Істегені



ҚБ: «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

«Тыңда» айдары:

Ертегі үзіндісі тыңдалып, сұрақтарға жауап беру



(ЖЖ) «Ойлан» айдары бойынша

Кейіркер сөзіндегі қатені табады. Дескрипторы:

1. Берілген сөйлемдерді мұқият оқиды.

2. Кейіпкер сөзінің қате жазылған жерін табады. ҚБ: «Оң көрші» әдісі



Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды мұғалім өз қалауынша пайдалана алады.







Аяқталуы

Рефлексия.

(Т) «Қорытындыла» айдары

«Ертегінің негізгі ойы – жақсылықтың жеңуі. Ол үшін қандай кейіпкерлер күресті?

Адам өмірде жақсылыққа жетуі үшін қандай болуы керек деп санайсың?» деген сұрақтардың жауабын постерға жинақтау

Дескрипторы:

Сұрақтардың жауаптарын суреттермен, нақыл сөздермен жинақтап, постер қорғау.



ҚБ: «Отшашу» әдісі арқылы бағалау Үйге тапсырма:

1. Үлкендердің көмегімен тайды жүгендегенде, тоқым салғанда, ер салғанда, айылын тартқанда деген сөздердің бір-екеуін таңдап, сөздік құрастыр.



2. Жылқы малының атауларын жасына қарай теріп жазып ал. Мысалы, құлын, ...

«Көңіл күй қоржыны» әдісі арқылы жүргізіледі.

Арнайы кесте



Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Диалог және қолдау көрсету: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?



Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет