Жаңа тақырып
Диалог.Айтылым
(М К;Ұ;Қ) Суретпен жұмыс жасау
«Құпия дорба» ойыны бүгінгі сабаққа қатысты өлшем бірлікті анықтайды.
Дорба ішіне ұзындық, масса, сыйымдылықты өлшейтін заттарды салу. Оқушылар олардың қандай заттар екенін айтады.
Дорба ішіндегі заттарды алып оларды қайда пайдаланатындығын түсіндіреді
Сызғыш- сантиметрлік лента- заттардың ұзындығын өлшейтін құрал.
Таразы –дененің массасын анықтайтын құрал.
Шыны ыдыс- сыйымдылық өлшейтін құрал.
Ашық сұрақтар:
Қандай өлшем бірлігімен өлшейміз?
Бойымыздың ұзындығын?
Өзіміздің салмағымызды?
Сүт сатып алсақ?
Еденнің ұзындығын?
Қымыз сатып алсақ?
Қияр сатып алсақ?
Машинаға бензин құйсақ?
(МК;Т;) Диалог,айтылым;
Сынып бөлмесіндегі нысандарға назарын аудару
Осы заттардың ұзындығын немен өлшеуге болады?
Сыныптың ішінде тағы қандай заттарды өлшеуге болатынын анықтайды.
«Үшбұрыш» тобы Партаның ұзындығы мен енін өлшеу,салыстыру;
«Шаршы» тобы Тақтаның ұзындығы мен енін өлшеу,салыстыру ;
«Пирамида» тобы Терезенің жақтауының ұзындығы мен енін өлшеу,салыстыру;
Сыныптағы заттардың өлшеу нәтижелерін жазады. Салыстыру белгілерінің көмегімен қорытынды жасауды ұсынамын.
Рефлексия: Заттарды ұзындықтары бойынша салыстырғанда қандай белгілерді пайдаланамыз?
"<"," >", "=" белгілерінің көмегімен санды теңсіздік түрінде жазуға болады.
15 см>14 см 5дм<7дм 1 дм>9 см
Ұзындық. Өлшеу және салытыру
(МК;Т)1.1.3.1.(МК;Ұ;Қ) Диалог, айтылым, тыңдалым, жазылым;
Әуе шарымен саяхат.
Балалар, біз бүгін сендермен қаланың үстінен әуе шарымен саяхат жасауға ұшамыз.
Әуеден қарағанда жердегі үйлер, жолдар, мәшинелер қалай көрінеді?
Олардың сұлбасы ғана көрінеді.Балалар, осы суретке жұптасып мұқият қараймыз.Мына тапсырмаларды орындаймыз.
а) Мұражай ғимараты мен биснес орталығының енін;
ә) теміржол мен пойыздың ұзындығын;
б) бағдаршамдардың арасындағы көпір мен жолдың ұзындығын салыстырамыз.
Нәтиже бойынша санды теңсіздіктер құрастырамыз.
Дескриптор:
Оқушылар суретте берілген заттарды өлшейді, теңсіздіктерді жазып өзара тексереді, мәліметтермен алмасып, танысады.
(Ж) Диалог,тыңдалым,жазылым)
1.1.3.4. Орындап көр.Саралауға арналған тапсырма.
Тапсырманы орындамас бұрын өлшем бірліктерінің арасындағы байланысты сынып пен қайталап аламыз.
1 дм= 10 см 10 см = 1 дм 1 см =10 мм
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар заттарды өлшеу дұрыс санды теңсіздік түрінде жазылуы үшін қандай белгі қоюға болатынын анықтай алады Жауабы: 70 дм > 70 см
50 см < 50 дм
30 дм > 20 дм
Рефлексия : Заттың ұзындығын салыстыру кезінде неге назар аудару керек?
|