Анықтама. Егер бұрыштың барлық төбелері шеңбердің бойында жатса, онда шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған деп аталады.
Теорема. Кез келген үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болады. Оның центрі үшбұрыштың қабырғаларына түсірілген орта перпендикулярының қиылысу нүктесі болады.
Анықтама. Егер үшбұрыштың барлық қабырғалары шеңберге жанасатын болса, онда шеңбер үшбұрышқа іштей сызылған деп аталады.
Теорема. Кез-келген үшбұрышқа іштей шеңбер сызуға болады. Оның центрі үшбұрыштың биссектрисаларының қиылысу нүктесі болады.
Жауап бер!
Қандай шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған деп аталады?
Қандай шеңбер үшбұрышқа сырттай сызылған деп аталады?
Қандай нүкте үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центрі болады?
Қандай нүкте үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі болады?