5-сынып
Бейнелеу өнері
Алматы
«Атамұра»
2010 жыл
34 сағат
Сабақ жоспарлары
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ қағаз, 5-сынып оқулығы және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.
Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының» мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын, станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.
Статуя – адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс. Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше айқын көрінеді.
Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі, суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте сақтайды.
Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.
Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен тереңірек танысу.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің жанрлары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша
мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, альбом кітаптар, плакаттар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.
Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармаларды көруге құмар. Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.
Живопись.
Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.
Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.
Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?
Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:
- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.
Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.
Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.
Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.
«Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.
Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.
Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.
Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.
Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.
Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,
Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.
Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.
Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.
Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.
Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің жанрларымен тереңірек танысу.
Сабақ: №3
Сабақтың тақырыбы:
Түстану ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік тәрбиесін беру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға ең алдымен түстер жайлы тереңірек әңгімелеймін. Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі түсті реңіне байланысты айқындалады. Түр-түсті арнайы зерттейтін ғылым «түр-түстану» ғылымы деп аталады. Адамның көру қабілетін, түр-түске деген психикалық реакциясын анықтау көркемдік білім беруде оқушылардың эстетикалық сезімін оятады. Түр-түстің шартты түрде толып жатқан қоғамның символикалары мен әр халықтың әдет-ғұрып, салт-санасына қатыстықолданыстары бар. Табиғаттағы әр алуан түр-түстерді адам баласы екі жолмен танып біледі. Біріншісі – ғылыми жолмен, екіншісі – халықтық дәстүр-тәжірибе бойынша. Әсіресе бейнелеу өнерінде түр-түс бейнелеудің басты құралы болып табылады. Живопись дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймайды, оған белгілі бір идеологиялық концепциялау негізінде баға береді. Сондықтан суретшілер еңбектеріне назар аударып көрейік. Живопись – бейнелеу өнерінің бір түрі, белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма. Осы тұрғыдан живопись өзі де қоғамдық күрестің құралына айналады. Живопись туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы, оның бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сонымен қатар қоғамдық-тәрбиелік мәні зор деректемелік мағлұматтар да береді. Суреткер өмірді өз тұрғысынан қарап, оның түрлі құбылыстарын құбылыстарын шығармаларында өзінше бағалайды. Живопись – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен, оның көрерменге әсері өте күшті. Живописьтің пайдаланатын құралы- сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суреткер шеберлігінің әсерлі көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпыруын, қысқасы, кең дүниенің барлық жаратылысын, жарасымын тауып бейнелейді. Живописьтің тіліндей нәзік те өткір тіл жоқ. Ол көрермендерді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады, оның данышпандық туындыларын адамзаттың мәңгі мақтанатыны да сондықтан. Суреткердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманының, сол дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тербелістерінен дерек береді, көрермен үнсіз тілдеседі. Живопись туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетпен үлкен оқиғаларды, шытырман соғыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Нақтылы өмір шындығын кеңінен көрсетуде живописьтің рөлі орасан зор. Бұл оның көп жанрларында байқалады, мысалы, тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, т. б.
Түс живописьтің ең басты құралы болып табылады, яғни живопись шығармасында оның көркемдік құралдарының негізін жарық және көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Заттардың «дәл өзіндей» түстік бояуын табиғи түрде беруге үйрену керек. Нақ түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізі болып саналады. Негізінде суретші бояумен көркем шығарма жазуда заттардың түсін ғана емес, олардың өзара түстік үйлесімділігін де зерттейді. Біздің түстерді қабылдауымызға әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Мысалы, күшті жарықта, яғни шаңқай түсте түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады. Бұлтты күндері не көлеңкеде түстер өзінің қанықтылығына ие болады. Мұндай құбылыстарды қоршаған табиғатта алыстан байқауға болады. Живописьтік көркем туындының бүкіл құпиясы түстік бояуда көрінеді. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықталумен қатар жылы және суық түстік реңдермен ерекшеленеді. Егер жарық жылы болса, көлеңке жылы реңді болады. Жылы және суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьте әуен туғызады. Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. «Палитра» сөзі екі ұғым береді. Біріншісі – суретші бояуларды салып араластыратын тақтайша, екіншісі – суретші бояуларының жиынтығы. Х. Рембрандтбояу түсін қолданудың шебері болған. Ол кейбір картиналарды орныдағанла жеті бояу қолданғанын зерттеу көрсетіп отыр. Ал А. Рыловтың кейбір пейзаждары 12 бояу түсімен салынған. К. Коравин әдетте бір мезгілде 10-15 бояудан көп қолданған. Палитрада бояулар әрдайым белгілі бір жүйеде орналасауы керек. Табиғат көрінісіндегі түстік қатынастарды шапшаң ұстап қалу үшін этюд орындау ұтымды. Живопись туындыларын жасауда акварель, майлы бояу, гуашь, пастель, туш та молынан қолданылады. Живопись шығармасы негізінен кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, әйнекке, металға салынады. Живопись туындысы суретшінің жалпы идеясына, стиліне байланысты көркем, жарасымды болуға тиісті. Алдымызға палитра, бояу түрлерін қолдана отырып түс араластыру арқылы өзімізге қажетті түс шығарамыз.
Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып шығармашылық жұмыс орындау.
Сабақ: №4
Сабақтың тақырыбы:
Түстік тон. Күзгі бояулар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын
қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, акварель, қылқалам, палитра, күз көрінісі бейнеленген фотолар, ақ қағаз, және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға түстік тон, түстердің үйлесуі жайлы тереңірек мағлұмат береміз. Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен қатар ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік. Живописьтік шығармада түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады, «колорит» - латын сөзі, ол «бояу түсі» деген мағынаны білдіреді. Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады. Суретшінің колориті әншінің даусы сияқты. Әр суретшіні колоритіне қарап бірден ажыратуға болады. Нағыз колоритте түстері бірдей зат болмауға тиіс, өйткені әр зат түсін таңдайды. Қашанда әр суретшінің өз колориті болады. Кололритті үйренуге болмайды, бұл айрықша табылған дарын, тек сол дарын өзінде бар болса ғана оны дамытуға болады. Колориттік дарынсыз суреттің колориттік шешімі де болмақ емес, суреттің жақсы құрастырылып, жақсы ойланып салынуы мүмкін емес, оның сезімге әсері де шамалы болады. Суреттің байыбына бармай жатып-ақ көруші суретшінің колорит құралдары арқылы берген көңіл күйін түсіне алады. Суреттегі түстер қайта үйлесіп келгенде суретші колоритінің құпиясы оның шеберлігіне байланысты. Колорит әдемілігі кенептегі түс пен реңнің орналасуына сәйкес, сол түс пен реңнің әр алуан әрі топтасып келуінен көрінбек. Бірте-бірте қайшы келді-ау деген түстердің өзін суретші бояулардың үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіреді. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір-біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарам-қайшы түстерді қолданады. Қажет болған түсті тапқан суретшілер өз суреттерінің көрушіге әсерін мейлінше күшейтуге мүмкіндік алады. Суреттердің живописьтік шешімі тек реңге түс арқылы ғана белгіленбейді, суретшінің түпнұсқасында өз өнерінің әсер, ықпалын күшейтуге керекті өзге де құралдар бар. Суреттің беті ьегіс болатыны белгілі. Бірақ оаған бояудың жағылуына қарай ол айнадай тегіс немесе кедір-бұдыр болып көрінеді. Ал мұның өзі әр қилы әсер қалдырады. Суреттің бетін белгілеу үшін суретшілер «фактура» деген арнаулы термин қолданады.
Сабақ барысында оқушыларға олардың күзгі бояу яғни, бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен таныстырамын, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын. Ол мақсат – балаларға таныс күзгі ағаш жапырақтары мен бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарын бейнелеу.
Сабақтың мақсатына байланысты негізгі бөлімін мына төмендегідей жалғастырамын: - балалар, сендер күзгі ағаштар, бау-бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен тынысып, суреттерін салдыңдар. Енді солардың түстерін айқындап, бейнелейік. Ол үшін, ең алдымен, осы сабақтың тақырыбына байланысты көрнекі құралдарды қарап көрейік. Мына суретте өсіп тұрған күзгі жемістер бейнеленген. Мына суретте бау-бақша өсімдіктері жалпы көрсетілген. Мына суретте қарбыз өсіп тұрған арықтың жағасы көрсетілген, -деп балалардың көңілін жалпыдан нақтыға аударамын. Бұдан да басқа суретші жұмыстарын көрсетуге болады.
Осы айтылғандарға қосымша балалардың назарын кітапта салынған күзгі ағаштар, күзгі дақылдар, қарбыз, асбұршақ, жүзім жапырақтарына аударып, сондағы балғын суретші баланың сурет салып жатқан жұмысына қызықтырамын.
– Енді осы көрсетілген бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтарына жекелеп көңіл аударсыңдар, құрылыстарынан көптеген өзгешеліктерді табасыңдар. Сонымен бірге формалары да, түстері де бөлек.
Асқабақтың жапырағы көлемі жағынан үлкен, түсі негізінен жасыл көк болады, ал күзде басқаша сарғыштау болады. Қиярдың жапырағы одан кішірек, түсі шөптес жасыл болып келеді. Жүзімнің жапырағы құрылысы жағынан көп тармақты, түсі жасыл, кейбір жерлерінде сары, қызыл қоңыр, күлгін түстер аралас болады. Ал қарбыздың жапырағы құрылысы жағынан ерекше тармақталған, күзде сарғыштау тартып кетеді. Берілген суреттерге қарата отырып, сурет салуға еліктетемін.
– Ал енді осылардың ішінен жүзімнің жапырағын ерекше қарап ал, суретін салуға дайындал, ең алдымен қағаз бетіне дұрыс орналастыруды ойла. Содан кейін барып қарындашпен жеңіл сызықтар арқылы жапырақтың жиектерін, негізгі тармақтарын белгілейсіңдер, - деп дайындаймын.
Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып күзгі көріністерді бейнелеу.
Сабақ: №5
Сабақтың тақырыбы:
Үйлестіру заңдылықтары.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Композиция жайлы жалпы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Қағаз бетіне затты үйлестіріп бейнелеуге үйрету. Бірнеше
заттарды қағазға ретпен орналастыруға жаттықтыру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қағаз, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, қаламұш тағы басқалар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ең алдымен оқушыларға үйлестіру заңдылықтары жайлы түсіндіріп өтемін. Суретші айтпақ ойын әсерлі көрсету үшін көркем шығармада бейнеленетін кейіпкерлер мен қоршаған ортадағы нәрселерді белгілі бір тәртіппен орналастыруға көңіл бөледі. Осындай айрықша тәсілді үйлестіру заңдылыгы деп атауға болады.
Үйлестіру заңдылығының бейнелеу өнерінде атқаратын маңызы зор. Кез келген көркем тапсырманың әдемі, көрнекті, әсерлі болып шығуы үйлесімділік заңдылықтарына байланысты.
Компоновка дегеніміз - нәрсенің біріктірілген ұсақ, жеке бөлшектерінің біртұтас, бүтін болып көрінуін камтамасыз ету. Суреті салынатын нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін тіке, көлденең, көлбеу сызықтар пайдалану керек. Әрбір нәрсенің көрініп тұратын формасын жақсы білу үшін нәрсенің құрылысына талдау жасаған жөн. Нәрсенің құрылысын дүрыс білу үшін оның қандай геометриялық денелерден тұратынын анықтау керек. Сол үшін ең
алдымен жеке-жеке геометриялық денелерді үйретуіміз қажет. Нәрсенің суретін салып отырғанда оны әйнектен істелген мөлдір нәрсе деп қарасақ, оның формасын жақсы түсінеміз. Куб, цилиндр, призма, параллелепипед, т. б. геометриялық денелерді салғанда осы әдісті қолданған орынды. Куб, призманы сым темірмен жасап, сыртқы, ішкі көріністерін анықтау арқылы формасын, нәрсенің құрылысын толық білуге болады. Суретші шығармасында айтпақ ойы әсерлі болуы үшін бейнелейтін заттар мен адамдарды қоршаған нәрселерді белгілі тәртіп, үйлесімділік заңдылығы бойынша орналасуға көп көңіл бөледі. Бұл деген - композиция. Композиция - латын сөзі, «ойлап шығару», «құрастыру» деген үғымды білдіреді. Әдетте шығармада оқиғаның негізі өтетін және басты кейіпкерлер араласатын белгілі бір орталық болады. Әсіресе қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін қақ ортаға орналастырған және ол негізгі рөл атқарған. Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды. Яғни
ол шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Қарапайым сөзбен айтқанда, көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, үйлесімділік (композиция) сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Композиция мен сюжет өзара тығыз байланыста болады.Кейіпкер өз ортасына лайық іс-әрекетте бейнеленеді және олардың іс-әрекетін, психологиялық ішкі толғанысын, бояу ерекшеліктерін композицияның жалпы тақырыбына байланысты көріп байқауға болады.
Натюрморт (қарындаш, қагаз).
Үйге тапсырма беру: Өз бетіңмен еркін тақырып бойынша шығарма орында.
Сабақ: №6
Сабақтың тақырыбы:
Суретші шығармаларымен танысу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,
оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық көрнекілік құралдар, көркем суретті альбомдар, тағы басқалар.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға суретшілердің көркем шығармаларының үйлесімдік заңдылықтарын талдауды түсіндіремін. Суретшінің картинасындағы көркемдік нысанасы неғұрлым айқын болғанда ғана жаңа образдардың даму логикасы, сюжеттік ерекшелігі көркем шешімдерге жетелеп отырады. Суретшінің белгілі көркем шығарма жазудағы ой-мақсаты. көркемдік-эстетикалык принципі (композициялық) үйлесімділік құрылысына сәйкес айқындалады. Суретшінің образ танымын бейнелейді. Шығарманың сәттілігі автордың мақсатына, шеберлігіне әрі қаншалықты терең зерттеп білуіне де тікелей байланысты. Көркем шығарма суретшінің санасында өңделген және көрерменге көркем образдар немесе сюжеттер түрінде ұсынылған өмір бейнесі. Суретші бейнелеу үшін заттарды және өмірдің түрлі жағдайларын қызыға талғаммен таңдайды. Ол кездейсоқ елеусіз нәрселердің барлығын алып тастап, тек бірегей ерекше жағдайларды бейнелеуге тырысады. Нағыз суретшілер өмірдің өзіне ұнаған нәрсесін өзіне қарап бақы- лап, оны шығармашылық ой елегінен өткізіп бейнелеуге тырысады. Көркем шығарманы қабылдау үшін оны дұрыс түсіне білу керек, енжар қарай салмай, зейінмен терең мән беріп карауға дағдылану қажет. Сонда ғана көркем шығармадағы үйлесімділік заң- дылығын үғына аламыз. Көркем шығармадағы үйлесімділік орта. Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін, сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Жоспарға үйлесімділік (композиция) қисыны әбден дұрыс болды деп есептелгенше түзетулер жасалады. Бейнеленетін суреттің жеке бөліктері бір-бірімен байланыста болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар (тіке, көлденең, көлбеуі сызылады. Бұл нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылады.
В. Сидоренко. Менің ұрпағым Б. Түлкиев. Замандастар
М. Хитахунов. Әкеме хат. А. Лактионов. Майданнан хат.
Достарыңызбен бөлісу: |