Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың мақсаты



бет7/32
Дата06.12.2016
өлшемі4,75 Mb.
#3308
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Үйге тапсырма беру: Линолеум тәсілімен сурет сал.

Сабақ: №14

Сабақтың тақырыбы:

Пластикалық анатомия.


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Адам тұлғасының өн бойымен яғни, адам тұлғасының

анатомиясымен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып,

ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты



түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, қағаз, қарындаш, өшіргіш және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:


Адамның бас сүйегін бейнелеу.
Адам басының негізі – оның бас сүйегі. Адамның бет пішінін, кескін-келбетін бейнелеу үшін, ең алдымен оның бас сүйегінің құрылысымен танысқан жөн. Адам басының қаңқасы жайлы терең мағлұматтар алу үшін тәнтану пәнін жақсы окып үйрену керек. Сонымен қатар пластикалық
анатомия кітаптарымен де жете танысу қажет. Адамның бас сүйегі әр алуан 23 сүйектен тұрады. Олардың негізгілері: маңдай сүйек, самай сүйек, төбе сүйек, шүйде сүйек, мұрын сүйек, т. б. болып бөлінеді.


Адам басының пішіні төрт түрге бөлінеді. Адамның бас сүйегін бейнелеуде бет сүйегін жақсы білу қажет. Адамның жас нәресте кезінен бастап ер жеткенге дейін бст сүйегі дамып өседі. Бет сүйегінің даму шегі 24 жаста тоқталады. Негізінен кәрі адамдар қаңқасының жалпы көлемі жеңілдеп, ол сүйектерінің жұқаруына байланысты кішірейеді. Жалпы адам басы бас сүйегі мен бас еттерінен тұрады. Пластикалық анатомияны оқып білмей тұрып, оны дұрыс белгілей алмаймыз. Жалпы адам басының қаңқасы екіге бөлінеді, олар: жоғарғы ми сауыты, төменгі бет бөлігі.

Адамның бас сүйегін бейнелеу екі сатымен орындалады.



Біріншісі - суреттің қағаз бетіндегі қисынын табу, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау.

Екіншісі - кескіннің құрастыру құрылысы мен көріністегі қолданылуы.

Ең алдымен адамның бас сүйегін бейнелейтін қағаздың ортасында келетін нүктеден сәл жоғары болатын көру нүктесін табамыз. Қаңқа суретінің тепе-еңдігін сақтау үшін иектің астыңғы сызығынан қағаздың төменгі шетіне дейінгі ара қашықтықты төбеден қағаздың жоғарғы жиегіне дейінгі ара қашықтықтан үлкен етіп қалдырамыз. Бейнеленетін сурет пен қағаздың көлемі сәйкес болуын әрдайым есте сақтаған жөн. Бас сүйектің биіктігі мен енінің қатынасын салыстырмалы түрде өлшеу арқылы бейнелейміз. Жалпы қаңқаның сырт пішінін салғаннан кейін оның ішкі құрылысын анықтауға көшеміз. Адамның бас сүйегін бейнелеудің бірінші кезеңі төмендегідей.



  1. Пішінді көзбен қарап зерттеу, бас сүйек бөлшектерінің тұлғалық қатынастарының көлемдерін айқындау.

  2. Бейнеленетін бас сүйекті қағаз бетіне үйлестіріп орналастыру.

  3. Орталық және көз деңгейі сызықтарын жүргізу, ми сауыты мен бет бөліктерінің ерекшелігін айқындау.

  4. Бас сүйектің бет бөлігіндегі мұрын қуысының негізі және тістер жымдасатын жері бойынша көлденең сызықтар жүргізу арқылы үш бөлікті айқындау.

  5. Бас сүйектің жалпы көлемі мен ондағы бөлшектерді бейнелеу.

Бастың құрылысын, яғни бас сүйекті, бас сүйектің бұлшық еттерінің орналасуын, олардың атауларын және бас сүйектің пропорциясын жетік білуіміз керек.

Адам бас сүйегінің құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына, анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуге тиіспіз. Енді белгілі тәртіп бойынша адамның бас сүйегін бейнелеуге көшеміз. Көмекші сызық пайдалану арқылы оның сұлбасын қағаз бетіне түсіреміз. Содан кейін мұрын сүйегінің үстімен төмен қарай қақ жарып ортақ сызық жүргіземіз. Бас сүйектің бейнеленген сұлбасын көлденең сызықтар арқылы бірдей етіп үшке бөлеміз. Жоғары қас арқылы өткен сызық құлақтың жоғарғы жағымен жанасады, төменгі танаудың астымен жүргізілген көлденең сызық құлақтың астымен жанасады. Қысқасы адам басындағы осы өлшемдерді естен шығармау керек. Бастың негізгі мүшелері болып, көз, ауыз, мұрын саналады (1). Көз алмасының жалпы формасы шарға ұқсайды, ал көз шарасының пішіні төңкерілген призма, жиек сызықтары төртбұрыш пішіндес болады. Көз ортасымен ось сызығы өтеді. Ауызды (2) алдынан қарағанда параллелепипедке, ал қырынан қарағанда үшбұрышқа ұқсатуға болады.



А
уыздың алғаш жобасын сызғанда сол геометриялық денелерге ұқсатып бейнелеуге тырысу керек. Мұрынның (3) жалпы формасы призма пішіндес болады. Мұрынның қыры ұзынша жазық келеді. Оның басталар тұсы тарылып, орта ені кеңейіп, ұшына келгенде домаланып, сүйірленіп бітеді. Құлақтың (4) жалпы пішіні жұмыртқа тәріздес болып келеді.
Адамның бас сүйегін бейнелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет