Тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Сабақ мақсаты: Адамның пайда болуына, тас дәуіріне сипаттама беру. Тас дәуірінің кезеңделуі мен ерекшеліктері, Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің зерттелуі туралы мәлімет беру,м студенттердің Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс бойынша негізгі білімдерін ғылыми ұғымдармен кеңейту
Әдісі: ауызша сұрау, жеке және топтық презентация.
Семинар тақырыптары: 1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
2. Тас дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық қатынастар
3. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті
4. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы
5. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері
Методикалық ұсыныстар: Қазақстан тас ғасыры дәуірінде. Тас дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық қатынастарына толықтай сипаттама беру. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениетіне кеңірек тоқталу керек. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы сұрағына толықтай түсінік беру. Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктерін толықтай анықтап, мәлімет беру
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңіне сипаттама беріңіз.
2. Қазақстан аумағында ежелгі адамдардың тұрақтарын ашқан қазақстандық археологтарды атаңыздар.
3. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қашан пайда болды?
4. Алғашқы қауымдық қоғам адамының мәдениеті мен өнері қалай пайда болды?
5. Ежелгі Қазақстан тарихының археологиялық кезеңдерін сипаттаңыз.
6. Ежелгі, орта және кейінгі палеолиттің, мезолиттің, неолиттің және энеолиттің хронологиялық ауқымын атаңыз.
7. Қазақстан аумағындағы палеолиттің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
8. Мезолит кезеңіне тән ерекшеліктерді сипаттаңыз.
9. «Неолиттік революцияның» мәні неде?
Әдебиеттер 1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы, 1996, 1998, 2002 ж.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: «Дәуір» , 2006 ж.
3. Әминов Т.М. Қазақстан тарихы: Оқу құралы./ Алматы: «Бастау», 2016. – 448 б.
4. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Оқулық-Хрестоматия/ Астана: «Фолиант» , 2000ж.
Практикалық сабақ №2 Тақырыбы: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары Сабақ мақсаты: Қола дәуіріндегі қоғамдық-шаруашылық өзгерістер туралы түсіндіру. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама беру.
Әдісі: ауызша сұрау, жеке және топтық презентация.
Семинар тақырыптары: 1. Ежелгі темір өңдеу техникасы
2. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті
3. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы
4. Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы
5. Қазақстан аумағында кен ісі орталықтарының қалыптасуы
6. Қоғамдық құрылымы мен рухани мәдениеті
Методикалық ұсыныстар: Берілген семинар сұрақтарына толықтай мағлұмат беру
Бақылау сұрақтары: 1. Андронов мәдениетінің ерекшелігі
2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
3. Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық өзгерістер
4. Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері пайда болды
Әдебиеттер: 1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы, 1996, 1998, 2002 ж.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: «Дәуір», 2006 ж.
3.Әминов Т.М. Қазақстан тарихы. //Оқу құралы. Алматы: «Бастау», 2016. – 448 б.