Айтуганова Лязат Кажибаевна «№53 мектеп гимназия» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі. Медеу ауданы .Алматы қаласы
Алматы қаласы Білім Басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен жасалды
Пәні: Қазақстан тарихы
Сынып:7
Тоқсан: І
Сабақ №1
Тақырып:
Қазақ-жоңғар соғыстары
Бөлім
Қазақ-жоңғар соғыстары
Ресурстар
Оқулық №1-2 тақырып 9-13 бет оқу.
https://youtu.be//Q3xKYhbson4
Оқу мақсаты
7.1.1.1 Жоңғарт шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру.
Тірек сөздер
«Демография»- белгілі бір халықтың, «миграция»
Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект
Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысын Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары қабылдады. Жоңғарлардың шапқыншылығын күтпеген, дайындалмаған халық әуел баста оларға еш қарсылық көрсете алмады. Жоңғарлар халықты жаппай қырып, мал-мүлкін тонады. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүліктерін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Қазақ рулары мекендерін тастап , Сырдарияның арғы бетіне қарай қашты. Сырдариядан өткен Ұлы және Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Ходжентке, Орта жүз қазақтарының бір бөлігі Самарқанға, ал Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхара территориясына өтті. Әсіресе, Шона-Дабаның бағытындағы халық ауыр зардап шекті. Ол 5000 қазақ жанұясын тұтқындап, 1000 жанұяны тұтқынға айдады.Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады.
Осы заманның бізге дейін жеткен «Елім-ай» әні халық бұқарасының сол жылдардағы мұң-зарын бейнелейді. Елім-ай-жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі қазақ халқының басына төңген қауып-қатер, азап-қиыншылықты, босқан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. Кейінгі зерттеулерде оның нақты авторы: Қожаберген жырау Толыбайұлы делінеді.
Ш. Құдайбердіұлының келтірген дерегі бойынша Қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Бірқатары құлдыққа сатылып кеткен.