Сабақ №12 темірбетонды резервуарлар. Темірбетонды резервуарларды жобалаудың негізгі жағдайлары



Дата15.02.2022
өлшемі121,13 Kb.
#131779
түріСабақ
Байланысты:
6a0de6ed-f6ad-4ca8-987e-e152b7a83431


САБАҚ №12
ТЕМІРБЕТОНДЫ РЕЗЕРВУАРЛАР. ТЕМІРБЕТОНДЫ РЕЗЕРВУАРЛАРДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖАҒДАЙЛАРЫ



    1. Темірбетонды қоймалардың арналуы

    2. Темірбетонды қоймалардың құрылысы

    3. Темірбетонды қоймалардың жабдықтары

Металды емес қоймалардың негізгі құрылысы металл емес материалдардан дайындалған. Оларға темірбетонды және жылжымалы сыйымдылықтар ретінде резеңкеметалды немесе синтетикалық материалдардан дайындалған қоймалар жатады.
Темірбетонды қоймалар мұнай өнімдеріне байланысты келесі мұнай өнімдерге арналған қоймаларға бөлінеді: мазут, мұнай, майлар және ашық түсті мұнай өнімдері. Мұнай және мазут бетонға химиялық әсер бермейтін болғандықтан және өздерінің құрамындағы ауыр фракциялары мен шайырлары арқылы ұсақ кеуекті материалдарды бітеп, біраз уақыттан кейін бетон өткізгіштігін азайтады. Мұнай және мазутты темірбетонды қоймаларда сақтаған кезде қойма қабырғаларына, түптеріне және жабындарына арнайы қорғағышты талап етеді.
Майларды сақтау кезінде қоймалардың ішкі беттерінің ластануын алдын алу үшін оларды түрлі қаптамалармен қорғайды. Жеңіл буланғыш ашық түсті мұнай өнімдерін сақтайтын қоймалардың ішкі бетін жоғары герметикалық қаптамалармен қорғайды, себебі ашық мұнай өнімдері аз тұтқырлы және бетон арқылы жеңіл өтіп кетеді. Темірбетонды қоймалардың металл үнемдеуден басқа да көптеген технологиялық артықшылықтары бар. Мұнда мұнай қыздыруға жататын мұнай және мұнай өнімдерінің сууы жай өтеді, ал жеңілбуланғыш ашық мұнай өнімдерінің буланы арқылы шығындары азаяды, себебі жерасты қоймалар күн сәулесіне аз мөлшерде ұшырайды. Осындай формасы дөңгелек және тік бұрышты қоймалардың дайындалуы жеңіл.





Сурет 12.1 Жиналған темірбетонды қойма
Сурет 12.2 Цилиндрлі темірбетонды қоймаларда жабдықтар орналасуы: 1-биіктігі 100мм газ өткізбейтін сулы экран, 2-қабылдап-тарату қондырғысы, 3-келтеқұбыр, 4-батырмалы сорғы, 5-автоматика аспаптарын қондыратын люктер, 6-өлшегіш люк, 7-газ теңгеру жүйесіне әкелгіш құбыр, 8-өрт сақтандырғышы, 9-сақтандырғыш клапаны, 10-жары люктері және кіру люктері.

Суретте 12.1-де жиналған қойма көрсетілген, оның қабырғасы алдын ала кернеуден өткен темірбетонды панелдерден құрылған, қабырға панелдерінің арасындағы жіктер бетонмен тұтасталынады. Қойма қабырғасына сақиналы арматураны арматуралы-нығыздағыш машина арқылы кигізеді. Қойма жабыны жиналған темірбетонді алдын-ала кернеуден өткен қырлы плиталардан жиналады. Ашық түсті мұнай өнімдерін және түрлі майларды сақтауға арналған қоймалардың қабырғасы мен түбінің ішкі бетін жіңішке болат бетімен қаптайды.
Цилиндрлі қоймалардың көлемі – 100-30000м3, ал бөлек жағдайларда ірі қоймалардың көлемін 100000м3 етіп салады. Қоймалардағы газ кеңістігінің ішкі қысымы 2000Па (0,02кгс/см2) және вакуум 1000Па (0,01кгс/см2) есептеледі. Егер пайдалану және технологиялық жағдайларға байланысты жер беттік қойма алаңын орналастыру қажет кезде және құрылыс алаңдарының жағдайларымен байланысты тереңдетілген қоймаларды салу қиыншылық туғызып кетсе темірбетонды қоймалар жет бетімен салынады.
Қабылдап-тарату қондырғысының кешені қабылдап-тарату келтеқұбыры, тиек клапаны және электрқозғалтқыш көтергіш механизмінен құрылады. Қойманың түбінде жиналған мұнай қалдықтарын және тауарасты суды шығару үшін қойма жабынында орналасқан люкте жіберу қабілеті 50-150м3/сағат батырмалы сорғы орнатылады. Мазутқа арналған қоймаларды қосымша жылытқыштарды және вентиляциялық келтеқұбырды орнатады.



Сурет 12.3 Қабылдап-тарату қондырғысы: 1-электрқозғалтқыш, 2-түпкі клапанға жіберілген шланга, 3-тиек клапаны



Кесте 12.1
Мұнайға арналған тереңдетілген темірбетонды қоймалардың негізгі мәліметтері

Көрсеткіштер

Номинальды көлем, м3

5000

10000

20000

30000

Тиімді көлем, м3

2057

10020

19985

29300

3 тиімді көлемнің шығыны:
Темірбетон, м3

0,07

0,06

0,05

0,04

Металл, кг

6,08

6,38

4,32

4,25

Габаритті мөлшері, м:
Диаметр

29,6


42,0


54,0


66,0


Биіктігі

7,4

8,2

9,0

9,6

Резеңке маталы қоймалар автобензин, реактивті отын, керосин, дизель отыны және майларды сақтап тасымалдауға арналған. Құрылысы бойынша қоймалар арматура орнатылған жастық тәрізді жабық қабық болып келеді. Қойма қабығы ішкі май, бензин, су өткізбейтін резеңке қабатынан құралған. Резеңкематалы қоймалар металды қоймалармен салыстырғанда пайдалану барыснда белгілі ережелерді сақтауды талап етеді. Резеңке маталы қоймаларды толық және бос түрде тасымалдауға болады. Толық күйде олардың көлемі 10 м3-ге дейін автотранспортпен, ал бос күйінде көлемі 50м3-ге дейін және одан жоғары болғанда тасымалдауға болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Темірбетонды қоймалар мұнай өнімдеріне байланысты бөлінуі

  2. Цилиндрлі қоймалардың көлемі

  3. Қабылдап-тарату қондырғысының кешені қандай жабдықтардан тұрады

  4. Қабылдап-тарату қондырғысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет