География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
Семинар 3 Тақырыбы: «Ауылшаруашылық жолдарын жобалаудың негізгі техникалық нормативтері.».
Орындаған: Серікбай М.Қ.
Қабылдаған: Бакирбаева П.А.
Алматы,2021 жыл
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Автокөлік пен автомобиль жолдарының шаруашылықтағы маңызын ашу. Автомобиль жолдарының жіктелуін санаттары бойынша анықтап, техникалық - кадастрлық ерекшелігіне талдау. Қорытынды
Мемлекеттің шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өндірісіндегі автокөлік пен автомобиль жолдарының маңызы ерекше. Жоспарлы - әлеуметтік шаруашылық жағдайларында көліктің барлық түрлері – темір жол, автомобиль, су (теңіз және өзен), әуе және құбыр – шаруашылықтың барлық салаларындағы көлік мәселелерін шешу үшін қолданылатын бірлік көліктік жүйені құрайды. Темір және әуе көлігі жүк және адамның массалық тасымалдауын үлкен ара қашықтықтарда жүзеге асырады; әуе көлігі құнды жүктер мен адам тасымалын үлкен жылдамдықпен, әрі тез орындайды; құбырлы көлік – бұл мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдаудың экономды түрі. Автомобиль көлігі ішкі шаруашылық және шаруашылық аралық тасымалдаудың барлық түрін қамтамасыз етеді және 500 км-ге дейінгі қашықтыққа жүк және адам тасымалдауда экономикалық жағынан тиімді. Бұл көлікпен көбінесе аз қашықтықта тасымал жүргізілетінін көрсетеді. Шаруашылық үшін көлік тасымалының маңызы жайлы оның қолданылуын айтуға болады.