Сабақ 14: Сабақты жоспарлау. Мұғалiмнiң сабаққа әзiрленуi



Дата03.12.2023
өлшемі12,92 Kb.
#194854
түріСабақ

Практикалық сабақ 14: Сабақты жоспарлау. Мұғалiмнiң сабаққа әзiрленуi.


Мақсаты: Тақырып бойынша ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету, өз ойын нақты дәлелдеуге дағдыландыру. Күтілетін нәтижеге бағытталған оқушылардың ақыл-ой әрекетін проблеманы шешу арқылы ұйымдастыру.


Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Ағылшын тілі сабағының құрылымы. Ағылшын сабағының құрылымы: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер. Кіріспеде: сәлемдесу, ұйымдастыру бөлімі, сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау, тіл жаттығулары. Негізгі бөлім: сабақта қойылған мақсаттарды шешу. Қорытындылау. Ағылшын тілі сабағын ұйымдастыру жолдары. Уақытында басталуы. Топтарға бөліп өткізу. Ағылшын тілі сабағына қойылатын талаптар. Ақпараттық, қоммуникативтік, проблема шешу құзыреттіліктерді сабақта қойылған нақты міндеттер арқылы орындау. Мұғалімнің сабаққа даярлығы. Жұмыстың жоспарымен танысу. Нақты сабақтың оқу материалымен танысу. Сабақ жоспарын жазу. Методикалық нұсқаумен танысу.


Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Берілген тапсырманы мұқият оқып, ұсынылған әдебиеттерге шолу жасау.

  2. Оқу құралында, монография, басылымдарда берілген материалдарды, негізгі мектептің бастауыш сыныптарына арналған ағылшын тілі оқулығын зерттеу.

  3. Қажетті әдебиеттерден оқытушының нұсқауы бойынша конспект жазу.

  4. Практикалық тапсырмаларды оқытушының нұсқауы бойынша орындау.

  5. Өзіңді бақылау сұрақтары және сабақты бекіту сұрақтары бойынша тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет