Ақпарат құралдарындағы мәліметтерді жинақтап, ғаламдық мәселелермен салыстырып, өз пікірімен дәлелдей отырып қысқаша баяндама жазу
Тілдік міндеттер
Бүгінгі сабақта қолданылатын жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.
Сері, дарын иесі, ел аралайды
Алдыңғы білім
А.Қорамсаұлы туралы ойларын жинақтау. Оқушылардың Ақан сері туралы қосымша мәліметтер жинақтау.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Сабақта жоспарланған оқыту іс – әрекеттері
Оқыту ресурстары
Басы
5 минут
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сынып оқушылары бір біріне сәттілік тілеп, мазайка құрастырып, онан шыққан сөздің мағынасын түсіндіреді сол арқылы үш топқа бөлінеді.
«Тарихшылар»'>І топ «Тарихшылар» Білгілі бір заттың шығу тарихын айналысатын тұлға
ІІ топ «Зертеушілер» Белгілі бір салада зертеу жұмысымен айналысатын тұлға
ІІІ топ «Жазушылар» әр түрлі тақырыптарға қалам алып, өз ойын жазатын тұлға.
Келесі қысқартуларды қолданыңыз:
МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық
МЖ = Мұғалім жасаған ӨД = өзге дерек көздері
Ортасы30 мин
1 – тапсырма. Ж
Медиақұралдардағы мәтінмен жұмыс істеу. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздерді анықтау.
Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманның асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік – орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Жасынан халықтың ән - күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші – күйші жастарды жинап топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады.
Сөздікпен жұмыс
Сері – Разностороные творческие личности
Дарын иесі – владелец таланта
– тапсырма. Т/Ж
Әр топ мүшелері өздеріне тиісті сала бойынша жұмыс жасайды.
(Бұл жерде «Тарихшылар»Ақан сері Қорамсаұлының өмірбаянына, копозиторлық және әншілік қасиеттеріне тоқталса, «Зертеушілер» оның өлеңдерінің шығу тарихымен айналысады, ал «Жазушылар» Ақан сері Қорамсаұлы туралы газет – журналдарға мақала дайындайды.)
Ақжігіт Қорамсаұлы – ақын, әнші, композитор.
1843 жылы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңында дүниеге келген. Әкесінің есімі – Қорамса, шешесі – Жаңыл. Әуелі алуылда , кейін Қызылжарды Уәли молдада оқыған. 6-7 жасында өнер жолына түседі. Ақан – жастай оқып, тәлім алған өнерлі де білімді болған. Өз замандастарынығ көбінен озық, араб, парсы, шағатайй әдебиеттерінен де, сол әдебиетті туғызған тілдермен де таныс болған. 1890 жылдары Ақан сері шығармашылығында айтыс өнері орын алады. Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сондай – ақ өлең мен ән шығарумен шұғылданған.
Ақан серінің бір топ өлеңдері: «Балқадиша», «Маңмаңгер», «Құлагер», « Сырымбет» және тағы басқалары.
Ақан сері отыздан аса бере көп қайғыға душар болады. Еің алдымен сүйген жары Ұрқиядан айрылып қалады. Содсн соң қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі, құмай тазы сы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде 1876 жылы ол жүйрік ат Құлагерден айрылады. Нұрмағамбет деген бай әкесі Сағынайға Еремей деген жерде үлкен ас беріп, сол асқа Ақан сері Құлагерді бәйгеге қоспақ болып алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді Ақанмен бұрынан өштешіп жүрген Батыраш пен Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді. Ақан сері үшін Құлагердің өлімі ауыр соққы болып,, қоскөл деген қамысты жерде тау тасты мекен етіп елден бөлек кетеді. Құлагерге арнап бірнеше өлең мен ән шығарады. Солардың ішінде елге кең тарағаны «Құлагер» әні.
Газаетке мақала.
Жігітке жеті өнер де аз
Ақжгіт Қорамсаұлының әдебиет пен музыка саласына қосқан үлесі орсан зор. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Қазіргі таңда ақын өлеңдері түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуды.
3- тапсырма. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, өз ойларын дәләдей отырып шағын эссе жазу. Ж
Бүгінгі күнге дейін ақын өлеңдері мен әндері өз тыңдармандарын жоғалтпаған. Әлі күнге дейін дейін тыңдарман жүрегінен орын алуда. Әрбір өлеңі ақынның жүрегінің түкпірінен шыққаны айтпаса да түсінікті. Сонымен бірге әр шығармасының өзіне ғана тән тарихы да бар.
Соңы
10 минут
«себеп - салдар» диаграммасы Т/Ж
Салдар:
Ақан сері Қорамсаұлы – қазақ ән өнеріне өшпес із қалдырған ұлы тұлға
Себебі: Өз тыңдармандарын жоғалтпаған.
Себебі: Шығармаларының тарихы терең
Себебі: шығармалары ақынның өз өмірімен тығыз байланысты
Рефлексия
Не білдім?
Не білгім келеді?
Не үйрендім?
Үйге тапсырма: «Балқадиша» өлеңінің мазмұнымен танысу. Өлеңнің тарихын оқу
Келесі жаңа тақырып бойынша ақпараттар жинау.