Сабақ: 20 сабақ Тақырыбы: Обал мен сауап. Құндылығы: Дұрыс әрекет ету



Дата25.08.2017
өлшемі57,62 Kb.
#26068
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары:

Мектебі:Қарауылкелді орта мектебі

Мерзімі: 05.02.15

Сабақ: 20 сабақ

Тақырыбы: Обал мен сауап.

Құндылығы: Дұрыс әрекет ету.

Қасиеттері: мейірімді, ұқыпты, еңбекқор, қабілетті, үнемді болуға тәрбиелеу.

Мұғалімі: Әріпова Марал

Сыныбы: 2 «а» Оқушылар саны: 27 оқушы

Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Обал мен сауап туралы түсінік беру;

Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

Мейірімділікке үнемдей білуге тәрбиелеу;





Ресурстар: Үнтаспа, сюжетті суреттер, жыртылған кітап, интерактивті тақта т.б

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5 Т

Тәртіп


Талап

Тазалық


Тыныштық

Татаулық



Тыныштық сәті:

Күн түс ауа бере күрт өзгеріп, аспанда қара бұлт басып, лезде жапалақтап қар жауа бастады. Терезеден сыртқа қарап отырған мен далаға жүгіріп шықтым. Жапалақтап жауып жатқан қарға екі алақанымды созып тұрдым. Жапалақтаған қарлар менің қолыма келіп қона бастады. Менің бойымда қуаныш, шаттыққа толы сезім пайда болды. Екі алақаным аппақ ұлпа қарға толы үйге ендім. Көзімізді жайлап ашып, алақанымызға қараймыз.

Алақанымызда қар бар ма?

Оқушылар қар неге еріп кетті деп ойлайсыңдар? Оқушылар пікірі тыңдалады.

Дұрыс айтасыңдар балалар біздің алақанымызда жылу бар, ол жай жылу емес бір - бірімізге жақсылық, мейірім, қуаныш сыйлайды.




Үй тапсырмасы: Текті білу тегін емес: Отбасы альбомы. Жеті ата айтып шығу

Қорытындылау:



Мен әдепті баламын.

Сөзін жазған: У.Бекетов

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев
Дәйексөз:

«Обалды біліп өссең-сауапқа кенелесің».

(Ұл балалар 2 рет,қыз балалар 2 рет)

- « Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мән бар. Өйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, балаларды жаман әдеттен сақтандырады. «Сауабын аласың» деп отырып жақсы істерге жетелейді. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл жақсы іс істегеннің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады, сауабын аласың» деп айтқандығы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жетелейді.


Жаңа сабақ. Обал мен сауап.

Көк алма

Жас түйнек көк алма

Түсіп қапты көк алға

Көктей жұлған оларды

Сотқар бала оңар ма?
Сауап пенен обал да

Көкейіне қонар ма?

Мәуе берер ал күзде

Қайдағы алма оларға?
Соны неге білмейді,

Құлағына ілмейді.

Күтіп – баптат неге ертең

Тәтті алма жеп жүрмейді.

Әңгімелесеу:

1.Обал дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Обал мен сауаптың айырмашылығын қалай ажыратуға болады?

Балалар:


Обал мен сауап мағынасы жағынан бір - бірінен ұқсас ұғымдар.

Обал жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген мағынаны білдіреді екен.

Сауап деген - адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу деген мағынаны білдіреді.





Мәтінмен жұмыс:

Обал деген не?



  1. Сендер осы балалардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  2. Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?

  3. Нанды жерге тастау дұрыспа?




Мұғалім сыйы:

«Ырысты жер»

Алдар көсе оқиғаларынан






Шағармашылық жұмыс

  1. Топ

Жыртылған кітап

  1. Топ

Сынған гүл

Екі топ осы тапсырманы орындайды. Үшінші топ олардың іс әрекетіне қадағалап,өз ойларын айтуы тиіс.

Суреттерге қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.






Сергіту сәті:

Аппақ болып таң атып /құшағын кең ашады/

Түтін тікке ұшады / қолдарын толқындата жоғары көтереді/

Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/

Самғап биік ұшады құсша қанат ұшады/





Жағдаятты шешеу.

«Жалғасын тап» әдісі бойынша оқушыларға ой тастау

Бір күні ауа – райы салқын, әрі дымқыл еді, себебі далада жауын жауып тұрған. Мархаба үйіне келе жатты. Оның тоңғаны соншалық үйге тез жетіп, жылы жерде болғысы келді. Ол анасының дәмді тамағын жесем деп армандап келе жатты, кенет бір жалынышты бір дыбыс естілді. Тыңдамай кетіп қалғысы келіп еді. Бірақ тоқтап тыңдады. Қараса жауын астында тоңып отырған мысықты көріп оны аяп кетті.

Сұрақ: балалар қалай ойлайсыңдар, Мархаба мысыққа келеді ма?

Оқушылар жауабы:



Мәтін бойынша: Ол мысықты алып, қойнына қысты.

Ситуациялық жағдай: Мархабаның қойнына тығылған мысықтың іс - әрекеті, егер сен мысық тауып алсаң не

істер едің?

Ал мысық болса Мархабаның жылы алақанынан жалап, көңілді бейнемен Мархабаға қарады.

Сұрақ: Мысық Мархабаға қарағанда – не айтты деп ойлайсыңдар?

Мархаба қандай бала?

Ол қандай іс істеді?








«Ұйқасын тап» әдісі

Құстың ұясын бұзба

Үлкеннің алдынан кесіп өтпе

Ақты төкпе

Адасқанға жол сілте

Малды теппе.





Дәптермен жұмыс.

20 сабақ 25 бет

«Торғай»

Әңгімені өз ойларымен жалғастырып жазу






Үйге тапсрыма.

«Обал және сауап» туралы мақал-мәтелдер жаттау.







Қорытындылау

  • Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік.

Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін,адамдарға айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта- тағамды төке, шашпа, ысырап етпе, көкті жұлма деген сияқы сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен.





Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық, тыныштық бар жерде тынышты, бүкіл әлем тыныштық.

Бүгінгі сабақтан екертіш ретінде «мейірім гүлін» сыйлау.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет