Сабақ түрі: практикалық сабақ. Оқыту әдісі: көрсету, тусіндіру, уйрету



Дата22.03.2017
өлшемі29,59 Kb.
#12129
түріСабақ
Тақырып: Бірінші тағамды дайындау технологиясы. Таңдау бойынша бірінші  тағамды дайындау.

Білімділік мақсаты: -таңдау бойынша бірінші тағамды дайындау технологиясымен таныстырып, тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты:  — күнделікті алған білімдерін,  тағам дайындау шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:  — бірінші тағамдарды дайындауға, ұқыптылыққа, ас дайындау  өнеріне  тәрбиелеу.

Сабақ түрі: практикалық сабақ.    

Оқыту әдісі: — көрсету, тусіндіру, уйрету.

Құрал-жабдықтар:  — кастрөл, ас тақтайшасы, пышақтар, тәрелкелер.

Азық түлік: — ет, тұз, сәбіз, көк жуа (пияз), май жұмыртқа, ұн.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезені ;     -  сәлемдесу, жоқтарын белгілеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

II. Ұй тапсырмасын тексеру.       а ) Шала өнімдер дегеніміз не ?

сұрақтар                          б) дайындау тәсілдері бойынша қаншаға бөлінеді ?

в) ет қанша уақытта піседі?

г) 1 кг етті құырса қанша грамм болады?

III. Жаңа сабақ.

Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер әр түрлі сорпада, қайнатпаларда дайындалады. Ал көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдерден, бұршақтардан, жеміс жидектерден дайындайды.

Әр ұлттық асханасында бірінші тамақтарды  әр түрлі етіп жасайды.  Мысалы қазақ ұлттық асханасында бірінші тамақтарды, негізінен, ет сорпасынан әр түрлі дәмдеуш терді қосып дайындайды.

Көбіне көжелерге қолдан жасалған кеспелерді қосады. Барлық көжелерге аскөк сеуіп безендіреді. Ол көжененің дәмін жақсартады.

Көжелердің дайындау тәсіліне қарай келесі топ болып бөлінеді – қоспа көже,  езбе көже, мөлдір көже, сүт көже, салқын көже,  ерекше топ – тәтті көже.

Температурасына қарай көжелерді ыстық күйінде  (70-80С ),  және салқын күйінде (10-14 С) ұсынады.

Ыстық  көженің тобына езбе көже кіреді (55-60С) ұсынады.

Сорпа дайындау технологиясы

 

- азық-түлікті салқын суға салады;



-  қайнату уақытын қадағалау;

-  қайнау барысында  еттің көбігін алып отыру;

- бір қалыпты қайнауын қадағалау;

- дайын болуға 20-30 минут калған кезде дәмдеуш заттарды қосу;

- дәміне қарай тұз салып, дайын сорпаны сүзеді.

 


Зертханалық жұмыс

                                           Етпен кеспе дайындау.

Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.

Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.

Дайындау технологиясы: —  қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.

 

                                                   Жұмыс барысы

1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.

2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.

3. Сорпаны отқа қояды.

4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.

5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.

6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.



7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.

IV. Сабақ қортындысы  а)Оқушылардың зертханалық жұмыстарын тексеріп,  жіберілген  қателерін айтып, білімдерін бағалау

ә) Үй тапсырмасы:  дәрісті қайталау, бірінші тағамдардың   дайындалу тәсілдерін, рецептерін жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет