Галогендерге VІІА топша элеметтеріне сипаттама береді. Хлор және оның қосылыстары туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, хлордың маңызын, қолданылуы мен табиғатта таралуын және физикалық-химиялық қасиеттерін ұғындырып, реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету.
Алдыңғы оқу
Күкірт және оның оксиді, қышқылы
Оқу нәтижелері
Оқушылардың барлығы: бейметалдар мен галогендерді ажырата алады. Периодтық жүйедегі орнына сай сипаттама бере алады.
Басым бөлігі: хлор және оның қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар: хлор және оның қосылыстарының физикалық қасиеттерінің айырмашылықтарын түсінеді. Химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады. Есептер шығаруды біледі.
Ресурстар
Химия. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев, Н.Заграничная, Г.Абрамова. Күнтізбелік жоспар
Әдіс-тәсілдер
Ұжымдық оқыту, жеке жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, проблемалық сұрақтар, өзіндік жұмыс, оқулықпен жұмыс