Сабақ №6 8а с ыныбы Сабақтың тақырыбы: Тәтті тағамдар және сусындар Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі0.89 Mb.
түріСабақ
  1   2
Күні: 16.10.15.

Сабақ № 6 8а сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Тәтті тағамдар және сусындар

Сабақтың мақсаты: Білімділік: тәтті тағамдар туралы мағлұмат беру және сусындар түрлеріне тоқталу. Оқушыларға қамыр илеуді үйрету.Қамыр түрлерімен дайындау ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Теориялық білімін сарамандық негізде дамыту; Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру, күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерін, іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге, дастарханды әзірлеуге, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, сарамандық.
Көрнекілігі: нанға қатысты ырымдар мен тыйымдарды түсіндіру, тәтті тағамдар плакаты, пісірілген тағам түрлері.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты қортындылап талдау.
5. Оқушылардың еңбегін бағалау.
6. Үйге тапсырма.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, оқушылардың оқу құралдарын тексеру, сабаққа қатысуын түгендеу, сабаққа назар аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

.»Ас – адамның арқауы» деген мақал нені білдіреді, кім айтады?


(Денсаулықтың жақсы болуы, адамның жақсы ойлап, жұмыс істеуі. Адам тамақтанғанда жұмыс жасауға, өмір сүруге қызығушылығы артады. Аспен адамның ойлау өрісі кеңейіп, тірек қүші артады).
2. Ет және ет тағамдарының құндылығын кім айтады?
(Сиыр етінің 18 - 20, қой етінің 15 - 20 пайызын белок құрайды. Құрамы 4 - 9 пайыз майдан тұратын ет, адам денсаулығына пайдалы, яғни күш береді).
3. Еттің құрамында қандай витаминдер кездеседі, кім айтады?
(Еттің құрамында В тобының витаминдері В1, В2, В3, В12, ал минералды заттардан - фосфор - 0, 2, калий - 0, 3 темір 2 - 3, мырыш 2 - 3 бар.)
4. Ұлттық аса қадірлі тамақ, ол қандай тағам?(Ет асу).
5. Қой етінен қандай ұлттық тағамдар дайындалады?
Қуырдақ Қазақша ет Кәуап Төстік тұшпара мәнті
Қамырдан жасалған өнімдердің құрамында өсімдік нәруызы, май В және РР1 витаминдер тобы, крахмал түріндегі көмірсулар болатындықтан тамақтық құнарлылығы жоғары. Крахмал адам организміне жақсы сіңуі үшін ұнның жоғарғы сортынан дайындалған қамыр қожыған және кеуекті болуы керек. Ол үшін қамырды ашытқы немесе ас содасын қосып илеу қажет. Ұн өнімдерін 4 топқа бөлуге болады.

  • Ұннан жасалатын тағамдар – тұшпара, үй кеспесі, варениктер, құймақшалар, құймақ, жайма құмақ, үзбен.

  • Ұннан жасалатын аспаздық өнімдер – ватрушка (ішіне ірімшік салынып пісірілген нан), пирожкилер, пончик (ірі бауырсақ), бүрменан, бәліш және т.б.

  • Дәмделген нан өнімдері (май мен сүтке иленген, яғни майқоспа нан өнімдері) – қарапайым майқоспа нан, әртүрлі тоқаштар, қаусырма, т.б.

  • Ұннан жасалған кондитерлік өнім – пирожнй, торт, печенье, прәндік.

Қамырдың түрлері

Қамырды екі топқа бөледі: ашытқылы және ашытқысыз.



Ашытқылы қамыр. Ашытқылы қамырдан алуан түрлі өнімдер пісіреді. Көп мөлшерде май, жұмыртқа, қант қосылған өнімдерді майқоспа нан өнімдері дейміз. Майқоспа тәтті қамырды ашытпа тәсілімен, ал жай қамырды ашытпасыз дайындайды.

Ашытпа (опора) бұл – ұннан, судан, ашытқыдан және ұанттан тұратын сұйық қамыр. Ашытпаны араластырып,жақсы ашуы үшін 1-1,5 сағ-қа жылы жерге қалдырады. Оның консистенциясы сұйық қаймақтай болуы керек. Ашытпа көтерілгеннен кейін, беті жиырылып шөге бастайды. Рецепт бойынша қалған азық-түліктерді қосып, қамырды илей беруге болады.

Ашытқылы қамырды дайындау технологиясы



  • Қамырды илеу – ұнды елеп, тұз, қант, ашытқы, жылы сүт немесе су қосады.

  • Қамырдың ашуы – ашытқы қантты ашытып, спирт пен көмірқышқыл газы түзіледі. Пісіру кезінде спирт ұшып кетеді.

  • Қамырды өңдеу - әртүрлі өнімдерге арнап өңдейді.

  • Қамырды толықсыту – пісіру алдында қалпына келуі үшін қамырды жылы жерде бірнеше минут ұстайды.

Ұсақ өнімдерді пісіру 10-12 мин, ірі өнімдерді пісіру 45-60 мин, температура 200-250С.

ІІ. Жаңа сабақ. Тәтті тағамдар және сусындар

Тәтті тағамдар жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз уақыт аралығынан кейін берілу керек.
Көптеген тәтті тағамдар құрамына майлар, сүт, жұмыртқа, кілегей, қаймақ кіреді, олар тағамды жоғары калориялы етеді. Бірақ тамақтануда тәтті тағамдардың орны оның калориялығымен емес, жоғары дәмдік қасиетімен анықталады.
Берілу температурасына байланысты тәтті тағамдар салқын, ыстық және балмұздақ болып бөлінеді. Тәтті тағамдармен көбінесе тәтті соустар мен қою шырындар беріледі.
Сусындар сонымен қатар ыстық және салқын болып бөлінеді. Ыстық сусындарға шай, кофе, какао, шоколад, салқын сусындарға әртүрлі сүт сусындары, жеміс-жидек және ұлттық орыс сусындары жатады. Ыстық сусындарды беру температурасы 75оС, суық сусындардың – 7-14оС болады.
Салқын тәтті тағамдарға балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар, желеленген тағамдар және (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады.

Құмырсқаның илеуі Тәтті вафли рогаликтер



Ала кекс Шығыстың тәттілері Иристен жасалған тәтті дәм



Каталог: uploads -> doc -> 1138
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1138 -> Сабақ реті: 1 Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 2 «Ә» Сабақтың тақырыбы: Жәнібек Кәрбозин. Жиырма тиын
1138 -> Циклоалкандар Сәйкестендір


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет