Сабақ: №7 Күні: Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік таным жолында



Дата02.02.2022
өлшемі110,98 Kb.
#116805
түріСабақ
Байланысты:
7 сабақ Сүйіспеншілік таным жолында


Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Әзірлеген:

Нұр-Сұлтан қаласы 54 мектеп-лицейінің өзін-өзі тану мұғалімі Кабдрахимова Жанипа Ризабековна



Пән: Өзін-өзі тану

Сынып: 8

Тоқсан: 1

Сабақ: № 7

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Сүйіспеншілік таным жолында

Бөлімі:

Таным қуанышы

Сабақ мақсаты

Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Ресурстар: сілтемелер

Жаңа сабақ

Оқулық: Өзін-өзі тану кітабы 8-сынып 29-34 беттер  

Ұйымдастыру: Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Хрустальная Грусть тыңдау. http://ahandfulof.me/fail/hrustalnaya-grust-instrumental.mp3

Көрнекіліктер




Дәйексөз

... Адамның жақсысы – адамға

сүйіспеншілікпен қарағандар.

Абай Құнанбаев

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер!

Мұғалім сыйы


Хаттар

(Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хаттарынан үзінділер)

Ыбырай Алтынсарин халқының игілігі үшін алдына қандай мақсат қойды?

* Оның Николай Ивановичке жазған хатындағы көтерілген мәселелер

қаншалықты маңызды?

* Ұлы ұстаз кітаптың мазмұнына не себепті аса мән берді?

* Оның еліне деген сүйіспеншілігі қандай іс-әрекеттерінен көрінеді?

* Өзің халқыңның болашағы жарқын болуы үшін қандай мақсат қойған болар едің?





Шығармашылық жұмыс



  • 1-тапсырма: Ағартушы қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің төмендегі хатын оқып, білім саласына сіңірген еңбегін үлгі - өнеге ретінде насихаттаңдар.

2-тапсырма: Жағдаятты оқып , сұраққа жауап беріңдер.

Бірде дәруіш сапарға шығып, жолда кездескен кез-келген жолаушыны «Жүрегің бар ма?» деген сөзбен қарсы алыпты. Адамдар айтылған сөздің мағынасына мәніне бірден көңіл бөлмесе де , жолаушылардың бірі, сен «Жүрегің бар ма?» дегенің орнына, неге қайырымдылық, махаббат, сенім, жақсылық , тіпті рақымдылық туралы айтпайсың ба? – деген сауал қойыпты. Сонда дәруіш: «Тек жүректі ұмытпауың керек, сонда қалғанының бәрі болады» - деп жауап беріпті. 

Дәруіштің ойымен келісесің бе? Неліктен?



Дәртерге жазбаша орындау

Сабақтың қорытындылау


  • Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерімізді жүрегіміздің түбіне сақтап алайық !

  • Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде.

  • Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.

  • Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!

Сау болыңыздар!






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет