Сабақ: №73 Сабақтың тақырыбы: Электрондар Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі



Дата27.05.2017
өлшемі161,07 Kb.
#17048
түріСабақ
Физика

Сабақ: № 73

Сабақтың тақырыбы: Электрондар


Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Халжан С.М.

СЫНЫП: 12

Оқушылардың саны:

3-топ 10 оқушы; 9-топ, 9 оқушы



Сабақта жоқ оқушылардың саны:

Сабақтың оқу мақсаттары

зарядтың дискреттілігін (кванттауын) дәлелдеу бойынша эксперименттік мәліметтерді жалпылау және олар бойынша түсініктеме беру;

Күтілетін нәтиже

Милликентәжірибесін сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

Меншікті заряд-Personal charge, электр/магнит өрісі-electricity/pasture of magnet, катодты сәуле-cathode ray, жылдамдық-speed, ауытқу -rejection,бұрыш- corner, күш- force,speed


Өткен сабақ материалдары

Есептер шығару

Сабақ жоспары

Уақытша

жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

3 мин

Ұйымдастыру

1)Оқушылармен амандасу.

2)Сынып ішіндегі тазалық пен оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау.

3)Оқушыларды түгендеу. Оқушыларды түрлі–түсті парақтар арқылы 2 топқа бөлу.

4)Критерий құру.


Сұрақтар жазылған парақшалар

8 мин

Қайталау сұрақтары

Ітопқа:

  1. Беттер арасында үйкеліс нәтижесінде ........................пайда болады.

  2. Бірдей электр зарядтарын .....................деп атайды.

  3. Шыны таяқшаның алған заряды- ............

  4. Жібек матаның алған заряды .................

  5. Жақсы электр өткізгіштер-....................................

  6. Аттас зарядтар өзара ..........................

ІІ топқа:

  1. Денелердің .......................... құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады.

  2. Эбонит таяқшаның алған заряды- ................

  3. Жұннен тоқылған матаның алған заряды- ............................

  4. Диэлектриктер.............................

  5. Әр аттас зарядтар өзара ...........................

  6. q1+ q1+ q2+ ….+ qn = ............




17мин

Жаңа сабақ (топпен жұмыс)

1-топ:Электронға дейінгі қысқа тарих және атомның электрондық құрылысы

2-топ:А.Ф.Иоффе және Р.Милликен тәжірибесі


https://www.youtube.com/watch?v=3s-9ZFaE7FI
http://www.its.caltech.edu/~dg/MillikanII.pdf

3 мин

Сергіту сәті


https://www.youtube.com/watch?v=TZdDf1hXnak

2 мин

Бағалау критерийі бойынша оқушылар бірін-бірі бағаланады.




Соңы

2 мин

Үйге тапсырма

Физика-10.

5мин

Рефлексия «Синквейн»

Орындалу тәртібі:



  1. Зат есім (1 сөз);

  2. Сын есім (2 сөз);

  3. Етістік (3 сөз);

  4. Берілген сөз туралы пікірі (4 сөз);

Берілген сөздің қорытынды сипаттамасы (1шумақ өлең).



Рефлексия «Синквейн»

Орындалу тәртібі:

1. Зат есім (1 сөз);

2. Сын есім (2 сөз);

3. Етістік (3 сөз);

4. Берілген сөз туралы пікірі (4 сөз);

Берілген сөздің қорытынды сипаттамасы (1шумақ өлең).

Қосымша №1


Қысқа тарих

1.Біздің заманымыздан 2500 жыл бұрын-ақ янтарьды жүнге үйкегенде,янтарьдың басқа заттарды өзіне тарту қасиеті артатындығы байқалған.ХҮІ ғасырда ағылшын дәрігері Гильберт шыны,шайыр,күкірт,т.б.заттардың бойында үйкелістің нәтижесінде «бір нәрсе»,жаңа қасиет-басқа заттарды өзіне тарту қасиеті пайда болады деген. Осы «бір нәрсе » электр немесе электр заряды деп аталады.Электр деген сөз гректің «электрон»-янтарь деген сөзінен шыққан.Зарядтардың түрлерін ажырату үшін Франклин 1747 жылы электр зарядтарының екі түрі болатындығын туралы пікір қозғады.Ол шыны таяқшаны жібекпен үйкегенде пайда болатын электр зарядын оң заряд деп,ал эбонит таяқшаны жүн мақтаға үйкегенде пайда болатын зарядты теріс деп атауға ұсынды. 
2.ХҮІІІ ғасырдың ортасында зарядтардың өзара әсерлесу заңы бүкіләлемдік тартылыс заңына ұқсас деген пікірлер айтыла басталды.Осы пікірдің дұрыстылығын 1785 жылы француз ғалымы Кулон дәлелдеді. Ол өте сезімтал айналмалы таразы алып,сол арқылы екі зарядтың қалай әсерлесетінін анықтады (плакаттағы суретті қолданады). 
3.электр өрісін күш сызықтары арқылы кескіндеуді ойлап тапқан Фарадей ағылшын ғалымы.Ол жақыннан әсер ету жөніндегі пікірлерге бетбұрыс адам. 
4. электр зарядын өлшеуге байланысты тәжірибені 1906-1916 жылдары американ физигі Р.милликен және оған тәуелсіз біздің елдің ғалымы А.Иоффе жоғары дәлдікпен жүзеге асырды.бұл жерде плакаттан Иоффе-милликен тәжірибесі түсіндіріледі. 


Атомның электрондық құрылысы

Атомның өзі де күрделі бөлшек екенін, ал ядро мен электрондардан тұратынын білдік. Енді осы электрондар ядроның төңірегінде қандай заңдылықтарменорналасатынына тоқталайық.

Атомның ядро заряды қанша болса, ондағы электрондар саны да сонша болады дедік. Алайда, осы электрондардың барлығы ядроға бірдей күшпен тартылмайды, олар ездерінің энергия қорының шамасына қарай ядродан әр түрлі қашықтықта орналасады. Энергия қорлары шамалас электрондар ядродан бірдей қашықтықта орналасады, осы деңгейлерді энергетикалық деңгейлер деп атайды. Ол N әрпімен белгіленеді, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сан мәндерін қабылдайды, N-нің мәні элементтің орналасқан периодының нөмірімен анықталады. Әрбір энергетикалық деңгейдегі электрондар саны N = 2n2 формуласымен анықталады.

Мұндағы N— электрондар саны, n - бас квант саны; егер n = 1 болса, N = 2; n = 4, N = 2 • 42 = 32 электрон болады.

Ядроға жақын орналасқан электрондар ядроға жаксырақ тартылады, ал одан алшақтаған сайын тартылу күші өлсірейді.

Периодтық жүйеден сутек пен гелий элементтерінің I периодта орналасқанын көреміз, яғни олардың электрондарының энергия қорлары бірдей болғандықтан бір энергетикалық деңгейде жатады. Мысалы, сутек атомы үшін +1 1-е, ал гелий атомы үшін +2 2е, сонда бірінші энергетикалық деңгей электрондармен толып бітеді. Бірінші энергетикалық деңгейдің сыйымдылығы 2-ге тең, сондықтан ол аяқталған қабат болады. Келесі элемент литий екінші периодтың элементі. Оның ядросының сыртында екі энергетикалық деңгей бар, олардың ішкісі гелийдің құрылысын қайталайды, ал үшінші электрон екінші деңгейге орналасады. Екінші периодта n = 2, олай болса N = 2n2 формуласы бойынша N=2 * 22 = 8, ендеше екінші периодта 8 элемент орналаса алады.

Сонымен екінші периодтың соңғы элементі неонда сыртқы энергетикалық деңгей аяқталған 8 электронды қабат түзеді.

Үшінші энергетикалық деңгейде натрийден аргонға дейін осы заңдылық қайталанады, олардың ішкі екі қабаты неонның электрондық құрылысына сәйкес келеді.



Атом өте ұсақ бөлшек болғандықтан, ондағы электронның қозғалысы микродүниенің қозғалу заңдылықтарына бағынады. Электрондар ядро сыртындағы кеңістікті біртіндеп толтырады, электрондардың орналасу заңдылықтарын білу элементтің физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау үшін қажет. Электрон ядроны одан белгілі бір қашыктықта (энергия қорының шамасына қарай) айналып жүру мүмкіндігі ең жоғары кеңістіктің бөлігі орбиталь - электрондық бұлт деп аталады. Қозғалыстағы электрон бұлтының пішіні әр түрлі болады: шар тәрізді, олар s әрпімен белгіленеді. р-электрондар гантель тәрізді, олардан басқа d - деңгейшелері де болады.

Қосымша №2А.Ф.Иоффе және Р.Милликен тәжірибесі


Электр заряды ұғымын талдағанда, электрон туралы қарастырылып, оның теріс зарядты, әрі одан ары бөлінбейтін ең кіші бөлігі ретінде алынады.

Зарядтың бөлінгіштігі мен дискреттілігін көрсеткенде электрон ұғымы енгізіледі. Зарядтың бөлінгіштігін негізгі мектептің 8  сыныбыңца оқушылар зарядталған денеден зарядталмаған екінші денеге бөлініп зарядталуынан біледі. Бұл тәжірибелер қарапайым әрі оны оқушылар жақсы түсінеді.

Электр зарядының дискреттілігі Иоффе және Милликен тәжірибелерінде дәлелденеді, бірақта бүл тәжірибені мектепте көрсетуге мүмкіндік жоқ. Ғылымда Иоффе және Милликен тәжірибесі жоқ. Зарядтың дискреттілігін Иоффе металл тозаңын, ал Милликен май тамшысын алып зарядталған конденсатор астарларындағы электр өрісінде қозғалысын микроскоп арқылы зерттеп, зарядтың бөліну шегі бар екенін, зарядтың дискреттілігін анықтайды.

Иоффе тәжірибесіиде зарядтың секірмелі түрде өзгеретінін, яғни

дискреттілігін дәлелдейді.

Ал, Милликен тәжірибесінде элементар зарядтың бар екенін, оның шамасын (е =1,6∙10-19 Кл) электронның зарядын анықтайды. КомпьютердекөбінесеМилликентәжірибесініңүлгісіжасалады.

Ітопқа:

  1. Беттер арасында үйкеліс нәтижесінде ........................пайда болады.

  2. Бірдей электр зарядтарын .....................деп атайды.

  3. Шыны таяқшаның алған заряды- ............

  4. Жібек матаның алған заряды .................

  5. Жақсы электр өткізгіштер-....................................

  6. Аттас зарядтар өзара ..........................


ІІ топқа:

  1. Денелердің .......................... құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады.

  2. Эбонит таяқшаның алған заряды- ................

  3. Жұннен тоқылған матаның алған заряды- ............................

  4. Диэлектриктер.............................

  5. Әр аттас зарядтар өзара ...........................

  6. q1+ q1+ q2+ ….+ qn = ............


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет