Сабақ №9 Мерзімі: 27. 10. 2012ж. Мұғалім: Актанберлиева Шолпан Казнабиқызы 5А сынып



бет1/2
Дата26.01.2018
өлшемі5,13 Mb.
#34052
түріСабақ
  1   2
Сабақ №9

Мерзімі: 27.10.2012ж.

Мұғалім: Актанберлиева Шолпан Казнабиқызы

5А сынып
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы

Сабақтың мақсаты



Білімділік:

- М. Әуезовтың «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу өмірге ғашық болып өседі» деген ұлағатты сөзін алға ұстап, баланы музыканы сүюге, музыканы ішкі мазмұнын түсінуге, ән салу дағдыларын машықтандыруға, ырғақтық сезімін жетілдіруге үйретуді мақсат етіп қою.

- Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы мен музыкалық аспаптарымен таныстыру.

Тәрбиелік:

- Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, түсініп және оны сүйетін жеке жеке тұлға тәрбиелеу.

- Мектепті қадірлеуге, ұстаздарды сыйлауға, мектеп бұйымдарын қастерлеуге, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  • Шығармаларды дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, қиялын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамыту.

  • Ұлттық өнерге, салт дәстүрдісыйлауға, халық музыкасы арқылы ақыл-ойы мен дене жағынан дамуды, адамкершілік, тазалық пен өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі, саяхат

Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тестк сурақтарына жауап беру.

Пәнаралық байланыс: география, тарих

Көрнекіліктер: оқулық, ямаха, нота жазбалары, интерактивті тақта, Актив студио бағдарламасы, буклеттер,
Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Мақсат қою. Тақырыпты хабарлау

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сергітү сәті

  5. Түсініктерін тексеру (тест)

  6. Ән орындау «Дос болайық бәріміз»

  7. Үй тапсырмасы

  8. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Музыкалық сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  • Музыка – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі.

«... Өмір – ырғақ

нәзік әуен, асқақ үн,

айдын, дала, аспан – үн!

Ғұмыры жоқ ырғақатардан басқаның!

Ей, адамзат, бас әуенге, қос әнге,

Шырқат биік тіршіліктің дастанын!

Өмір – ырғақ, әуеніне ермесең,

Тірлігің – тұл, тас – жаның!

Ғұмыры жоқ ырғақатардан басқаның!» - дей отырып Фарида Оңғарсынованың сөзімен музыка сабағын бастайық.


  1. Мақсат қою. Тақырыпты хабарлау

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Солтүстік Азия мен Шығыс халықтарының музыкасы» және музыкалық аспаптарымен танысу.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1 флипчарт – КАРТА
Мұғалімі:

- Балалар айтыңдаршы, Солтүстік Азия мен шығыс халықтарына қандай елдер кіреді?



- Қытай, монголия, татар, башқұр, үнді, түркия елдері кіреді.

Мұғалім:

  • Балалар, сендерге алдынала тапсырма берілген. Осы халықтар туралы қосымша мәлімет жинақтау. Дайынсыңдар ма? Өте жақсы.

  • Бүгінгі біздің сабағымыз жайсабақ емес, ерекше сабақ. Яғни, біз бүгін осы елдердің музыкасымен және музыкалық аспаптарымен танысу үшін саяхат жасаймыз. Ал саяхат жасау үшін біз көлікпен барамыз. Бірінші біздің аялдамамыз – Монғолия.

Картадан кім көрсетеді Монғолияның орналасуын?

Мұғалім:

  • Жарайсыңдар. Моринхур – бұл моңғолдың екі ішекті музыкалық аспабы. Бұл атау моңғолдың морин – жылқы, хур – ішек, дауыс деген сөздерінен тұрады. Аңыз бойынша, Шыңғыс ханның өзінің алтыннан жасалған жеке Моринхур аспабы болған, оны ешкім де қолына алмаған. Аспақа жақындаған адамды өлім жазасына кесуге дайын болған.

  • ЮНЕСКО шешімімен 2005 жылы мәдени мұра, ұлттық қазына ретінде осы музыкалық аспапқа сертификат бекітіліп берілді.

  • Балалар, мына әуен қай халықтың музыкасы?

  • Қытай.



Мұғалім: 

  • Өте жақсы, олай болса біз Қытай еліне аттанайық. Кім картадан көрсетеді қытай елінің орналасуын?

  • Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды. Оған  Орта Азия, Орталық және Оңтүстік,  Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде  Қытай  мемлекетінің кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, монғол) музыкалық элементтерін бойына сіңіре отырып, өзіндік ерекшеліктерін сақтай да білді.

  • Қытай музыкасы туралы қандай деректерді таптыңдар?

Оқушылардың жауабы.

Мұғалім:

  • Балалар кім маған айтады, Қазақ халық аспап оркестрі неше адамнан құрылған. Қытай халық аспап оркестрі 300-ден 800-ге дейін орындаушылар бар екен.

  • Енді үндістанға жол тартайық.

Мұғалім:

  • Үнді музыкасы — әлемдегі ең көне, өзіндік келбеті бар ырғақ. Ол бастауын сонау біздің заманымызға дейінгі III ғасырдағы Махенджо Даро мен Хараппа өркениетінен алады. Үнді музыкасының дамуына (біздің заманымызға дейінгі алғашқы мыңжылдықтың бірінші жартысы мен екінші жартысының аяғы) Үнді әдеби ескерткіші Веданың әсері болды.

  • Үндістан тұралы кім қосымша мәлімет жинап әкелді?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет