8. Жұмыс істеуге ең ыңғайлы тігін машинасы қандай?
9. Алжапқышты қандай маталардан тігеміз ?
10. Алжапқыштың қандай түрлері болады ?
СӨЗЖҰМБАҚ СҰРАҚТАРЫ
Тігін құралы.
2. Қол тігісінің түрі.
3. Алжапқыш бөлігі.
4. Уақытша біріктіріп тұратын тігіс.
5. Машина тігісінің түрі.
А
Т
Қ
А
Л
Қ
А
К
Т
П
Қ
Й
А
Л
О
Ы
Й
Б
А
Р
К
Ө
К
Д
У
Е
Ы
Т
С
А
Б
І
М
Е
Қалта - киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Барлық қалталар екі топқа бөлінеді жарма қалталар және жапсырма қалталар. Орналасуына байланысты қалталар ішкі қалталар (киімнің астарына), және сыртқы болып бөлінеді. Киімнің қай жерінде орналасқанына байланысты: жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Қалталардың жоғарғы қиығының орналасуына байланысты көлденең, киғаш немесе тік қалталар болып бөлінеді. Рамкалы, қақпақты, ілгекті замокты қалталар болады. Спорттық үлгідегі киімге көп жағдайда қалтаға сыдырма салынады. Қалтаны даярлағанда оның формасы мен тігілген матаның ерекшелігін технологиялық өңдеу тәсілдерін ескеру керек.
Жапсырма қалталар
Матаның түріне қарай жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды. Жапсырма қалтаны көп жағдайда өңірлегі қалта келетін тігістің бойына немесе қалта аузын сырыл, өңірдің астына әсемден, сәнде тігеді, қалтаға сәндік матадан жасалған жиек, шілтер, түрлі таспа баулар пайдаланылады. Қалтаның размерін киімнің сән үлгісіне сәйкестендіріп жасайды.
Осы мақсатпен таңдап алған размер мен формаға сәйкес қалтаның үлгісін қағаздан пішіп алу керек. Өлшеген кезде үлгіні түйреуішпен киімге түйреп қойып, қалталық орны размерін белгілейді. Шетінен тігіс түскен жапсырма қалта : егер киім мақта матадан тігілсе, дайындау үшін жоғары жағынан 3,5—4 cм қалдырылған жерді қалта аузына таяу сызықтан сыртқа қарай бүгін, қиылған шетін ішке 0,7—1 см шамасында бүккен соң көктеп, сол жерге жақындатып машинамен жүргізу керек. Тігістің еніне жіберілген 0,7 — 1 см-ді қалтаның теріс жағына айналдырыл. көктеп, үтіктейді . Дайын болған қалтаны киімнің негізгі деталіне белгіленген сызықтар бойынша салып, көктеп ең шетінен машинамен жүргізу қажет.
Шетінен біршама қашықтықта салынған әр түрлі сәндік үшін тігіс түскен жапсырма қалта. Мақта-матадан тігілген үлкен қалталарды әдетте шетінен әдіптеп тігеді, кішкентай, сондай-ақ жүн, жібек немесе синтетикалық маталардан жасалатын қалталарды қос қабаттап жасаған жөн. Ішкі шеті ирек тігіспен көктелген шеттік, әдібін оң жағы мен қалтаның оң жағына, әдіптің көлденең қиығымен қалтаның жоғарғы қиығы сәйкес келетіндей етіп салып, қиылған жерлерді көктеп, ені 0,7 см тігіс жүргізеді. Содан кейін қалтаның жоғарғы шетін үтіктеп, дәл бүктелер жерден тігіс түсіру керек . Әдіп пен қалтаның қалта аузының белгіленген сызығы бойынша оң жағын ішіне қаратып бүгіп, екі детальдың да шеттерін тегістеп, әдібі жағынан көктеп алады. Осылайша дайын болған қалтаны негізгі детальдағы белгіленген орнына тігіп салады . Тік төрт бұрышты жапсырма қалтаны тігіс түсетін артық жер қалдыра отырып пішеді .