Басы
2 мин.
3 мин.
|
Топтарға бөлу. (планета аттары жазылған сөздермен топқа бөлу)
Карточкамен жұмыс
Таң азанғы әке даусы Сатайдың құлағына неліктен жағымсыз естілді?
Әкесінің сөздері Сатайды неліктен ызаландырады, сендер де ересектердің ақыл сөзін солай қабылдайсыңдар ма?
Сатай жолдан қандай сезіммен оралды?
Сатурн планетасының тұрғындары неліктен ақсақал аурып қалғанда жер планетасының тұрғындарын айыптады?
Альфа планетасының тұрғындары жайлы жер тұрғындары не деп ойлайды?
Фантастика деген не?
Қазіргі уақыттағы роботтар өндірісі жайлы қандай пікірдесіз?
Дәрігерлер Альфа планетасының ақсақалын шалдыққан дерттен қалай емдеп шығарады?
Қымыз сусының қандай емдік қасиеттері бар?
|
|
Ортасы 3 мин.
2 мин.
Айтылым 10 мин.
3 мин.
Жазылым
5 мин.
4 мин.
Жазылым
5 мин.
3 мин.
Соңы
5 мин.
|
«Қымыз», «Планеталар» жайлы бейнероликтер көрсету
Бейнеролик бойынша оқушыларға сұрақтар қою.
Бейнероликтен не жайлы білдік?
Не түсіндіңдер?
Қалай ойлайсыздар біздің галактикамызда осы планеталардан басқа планеталар бар ма? Оларды мекен ететін тұрығындар бар ма?
Топтық жұмыс. Постер құрастыр. Әңгімеле
Әңгіме жайлы сұрақтар қою?
Мәтіннен не түсіндіңдер?
Сендердің ойларыңша болашақта осы әңгімеде суреттелген оқиғалар болуы мүмкін бе? Неліктен?
Неліктен әңгіме «Ғарыштағы қымыз» деп аталады?
Ақсақалды емдеп шығу үшін оған қандай емдік қасиеті бар сусын берді? Ол сусынның ерекше қасиеттері неде?
Сатурн тұрғындарына баға бер? Біздің арамызда ондай адамдар кездесе ме?
Қазіргі заманғы медицинада қымызды емдік мақсатта қолдануға қалай қарайсыңдар? Оның қандай пайдасы болар еді?
Шығармашылық жұмыс. Эссе жазу. Өлең құрастыру.
Эссе тақырыбы «Кәріге құрмет – балаға міндет»
Өлең тақырыбы «Роботтар өндірісі»
Жікте. Төмендегі кестені толтыр
Роботтардың пайдасы
|
Роботтардың зияны
|
|
|
Төмендегі сөздерден әңгіме мазмұнына сәйкес сөздерді теріп жаз
«Ғарыштағы қымыз»
|
«Қылау»
|
«Менің атым-Қожа»
|
|
|
|
Майқанова апай, Ақсақал, Рабиға, Сатай, Сатурн тұрғыны, қасқыр, Альфа планетасының тұрғындары, Сәйбек қарт, Жантас, Жанар, дәрігерлер, мектеп директоры, Оспанов, роботтар, Сұлтан, жер тұрғындары, космомедицина өкілдері, Миллат, алгебра оқулығы, кітап толы портфель, бақа, ғарыш кемесі, ат шана
|
Сергіту.
Әдемі түнде, мен жүрсем жүреді бірге (Ай)
Түнде көзі жымың - жымың етеді,
Таң алдында ғайып болып кетеді (Жұлдыз)
Жайғаным түктi кiлем,
Iлгенiм – тықыр кiлем. (Жер мен Аспан)
Қос алып көз,
Бiрi – жарықта көредi,
Бiрi қараңғыда көредi. (Күн мен Ай)
Сарайдың сансыз шырағы,
Нұр шашып, самсап тұрады. (Жұлдыз)
Етек-жеңi жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Тұйдектелiп көшедi,
Тоз-тоз болып өшедi. (Бұлт)
Мөлдiр көкте бiр ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара. (Шолпан)
Көк жүзiнде ай батқан,
Жолақ жатыр,
Аумаған, Төгiп алған қаймақтан. (Құсжолы)
Бейнесi суда дiрiлдейдi,
Қармаққа бiрақ iлiнбейдi. (Ай)
Мекені көкте екі ару,
Бірін-бірі көруге зәру (Күн мен ай)
Ойлау бутерброды
Қорытынды
Біз бүгін не үйрендік? Сендерге не ұнады?
Үйге тапсырма: слайд «Ғарыш», 4 жолды өлең құрастыру, сурет салу
Критериалды бағалау. Бағалау: әр топ өздерін бағалайды. Мұғалімнің бағасы, қорытынды баға
|
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
|
Үйге тапсырма:
АВС шығармашылық тапсырма тақырып бойынша слайд жасау, өлең құрастыру, сурет салу
|
Өзін-өзі бағалау
Формативті бағалау
Жетті, талпынды
Критерий арқылы бағалау
|
Астрономия және биология, химия пәндерімен байланыс бар.
Презентация қолданылды, интербелсенді тақтаны 20-25 минуттан артық қолдануға болмайды
|