Сабақтың
тақырыбы:
§ 1. ХХ ғасырдың басында əлем бейнесі қандай болды? «Қазіргі заман»
ұғымы жəне оның ерекшеліктері.
Мақсаты:
ХХ ғасырдың басындағы əлемнің аумақтық бөлінуін жəне
мемлекеттердің саяси құрылымын сипаттау.
Күтілетін нəтиже:
Жаңа заман мен Қазіргі заман тарихы кезеңдерінің ерекшеліктерін
сипаттайды;
Əлемнің аумақтық бөлінуінің себептерін анықтайды;
Екі дүниежүзілік соғыстың салдарларына баға береді;
Ресурстар:
«Дүниежүзі тарихы» оқулығы 1-бөлім Мектеп 2019жыл 4-8 - беттер
Сабақ барысы:
«Қазіргі заман» ұғымы».
Қазіргі заман тарихы екі кезеңге бөлінеді:
бірінші кезең ХХ ғ. басынан бастап 1945 жылға дейінгі уақытты, яғни ХХ
ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыстың аралығындағы уақытты қамтиды.
Екінші кезең 1945 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды.
1918-ден 1939 жылдарға дейінгі кезеңді, яғни Бірінші жəне Екінші
дүниежүзілік
соғыстар
аралығын белгілеуде
Интербеллум
термині
қолданылады. Капиталистік жəне социалистік лагерь мемлекеттері
арасындағы алшақтық айқын көрініс тапты. Осы кезде əскери блоктар
қалыптасып, олар бүгінгі күнге дейін халықаралық қатынастардың
тұрақсыздануына бірден бір себепші болып отыр. Экономикалық жағынан
дамыған елдер мен бұрынғы тəуелді жəне отар мемлекеттер арасындағы
қарым –қатынастар шиеленісті, қайшылықта жағдайда болды.
Қазіргі заманғы Еуропа мен Солтүстік Америка елдері.
ХХ ғ. басында
Европа мен Солтүстік Америкада əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне
рухани өмір саласында ірі өзгерістер болып өтті. Əлемдік тарихтың бұл
өтпелі кезеңінде капиталистік буржуазиялық қоғамның қалыптасуы
аяқталып, буржуазиялық революциялар дəуірі тарих қойнауына кетті.
Еуропа тарихында ұлттық қозғалыстар елеулі құбылысқа айналды.
Германия мен Италияда ұлттық мемлекеттердің құрылуы, Балкан түбегінде
жаңа тəуелсіз мемлекеттердің пайда болуы Австро-Венгрия, Осман
империясы сияқты көпұлтты мемлекеттердің əрі қарай өмір сүру мəселесі
туындады. Ұлы державалардың отаршылдық басқыншылығы Шығыс
елдерін əскери, саяси жəне экономикалық тəуелділікке түсіру жолымен іске
асырылды. Батыс өркениетінің жат құндылықтарын басқа елдерге күшпен
таңу дəстүрлі қоғамның қарсылығын тудырды.
Қазіргі замандағы Шығыс елдері.
ХХ ғ. басында «Шығыс» деген түсінік
əдетте азиялық немесе еуропалық емес өркениетке қатысты айтылатын.
Осы кезеңге қарай Шығыс елдері мен еуропа елдерінің даму деңгейі
арасындағы алшақтық тереңдей түсті. Еуропа мен Солтүстік Америкада
өнеркəсіптік төңкеріс заманы болып өтті. Ал Шығыс өз дамуында тоқтап
қалғандай күй кешті де еуропалық басқыншылықтың назарына ілікті. ХХ
ғ.басына қарай феодалдық құрылымдар мен жүйелілікті сақтаған шығыс
елдері
дүниежүзілік
капиталистік
шаруашылық
жүйесіне
еріксіз
тартылды.Осылайша, ХХ ғ.басында дамыған капиталистік елдерде
қоғамның құрылымы мен өндірісте, ұлттық құндылықтарда сапалы
өзгерістер жүріп, индустриалдық өркениет қалыптасты.
Тапсырмалар:
1-тапсырма.
Қазіргі заман кезеңіне тəн құбылыстарды атаңдар;
1.
2.
3.
2-тапсырма.
Дəптерге теримин сөздерді теріп жазу, мағынасымен.
Қазіргі заман, индустриалды қоғам, капиталистік қатынастар, эволюциялық
даму, модернизация, ұлт-азаттық қозғалыстар, отаршыл империялардың
ыдырауы.
Кері байланыс:
«Бір сөйлемдік қорытынды
». Сұраққа бір сөйлеммен қорытынды жазып
баға беріңдер.
ХХ ғ. капитализмнің дамуындағы жаңа өзгешеліктерді атап көрсетіңдер.
Үйге тапсырма
«§ 1. ХХ ғасырдың басында əлем бейнесі қандай болды? «Қазіргі заман»
ұғымы жəне оның ерекшеліктері» тақырыбын оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |