Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Өткен сабақты еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қою



Дата25.08.2017
өлшемі32,42 Kb.
#27083
түріСабақ
Портрет адамды бейнелеу

Мақсаты: портрет және оның түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет

салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру; өнерге

эстетикалық қарым - қатынастың және шығармашылық мәдениетінің

қалыптасуына ықпал ету;

Көрнекілігі: адамдардың фотосуреттері, портрет көшірмелері; альбомдық парақтар, жай қарындаштар, т.б.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Өткен сабақты еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қою.
1) Бастың негізгі мүшелерін ата.?
2) Зергерлік бұйымдар қай жерде қолданылады?
3) Зергерлік бұйымдарды жасайтын адамды не деп атайды?
ІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар білімін еске түсіру, «портрет» ұғымын жүйелеу.
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.
Портрет кескін көлеміне қарай – бас (иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозайкалық портреттерінен бастау алады.
Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автпортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.
Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.
Адамның мінез - құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек. Дененің қимыл - қозғалысы немесе тұрқы, бет ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады.
Қазақ халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түседі.
Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпеттеріндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай. Көмкерілген жаулықтың аясында тұлғасына жарасымды ақ кимешек адал жүрек, дөңгелек жүзді, қой көзді ананың келбетін ажарландыра түседі. Иығына жамылған көкшіл - күлгін түсті орамалы мен жасыл түсті шапаны дене бітіміне жарасып тұр.
Бұл - бір тұлғалық композициялық құрылымынан тұратын қондырғы портрет, Қазақстан бейнелеу өнері қорынан айырықша орын алған көркем туынды.
Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.
Сабақты бекіту.

  1. Портрет нені бейнелейді?
    2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
    3. Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?

Қорытынды:

Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма

Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндер суреттерін салу.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет