Мұғалімнің іс-әрекеті:
- оқушыларды топқа бөлу
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
1 - топ
1 Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
2 Пейзаж деген не?
2 -топ
1 Фон дегеніміз не ?
2 Натюрмаорт дегеніміз не ?
3- топ
1 Тақырыптық сурет дегеніміз не ?
2 Портрет туралы өз ойыңды айт
Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін ойын ойнату.. -Қане, балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп
елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен,
артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып
тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсыңдар?
Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.
Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?
-Портрет.
-Ендеше бүгінгі сабағымыз портрет жанры туралы болмақ
ІІ мағынаны тану
«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.
Композициялық орналасуына байланысты портрет 3- ке бөлінеді.
1. Иық бөлігіне дейінгі портрет.
2. Бел бөлігіне дейінгі портрет.
3. Толық фигуралы портрет.
-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен
суреттеу арқылы да беруге болады.
«Түкті қабақ жауып түскен көзіне
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне
Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара
Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»
Бұл -өлеңмен берілген портрет.
Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында».
Бір адамның бет әлпеті түрлі болып өзгеретінін білесің бе?Мына қыз балаға қарашы. Оның бет әлпеті қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді. Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде, оның бет әлпеті де өзгереді.
Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл – шындық. Сен жаңа ғана бөтен адамды танымай-ақ олардың көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.
Мимика – адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйдің айнасы. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып, күлкі шуағын шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады.
Адам мұңайғанда оның жүзінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.
Ал ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, еріндері берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды.
|