Сабақ беру жай ғана шеберлік емес



бет1/3
Дата21.04.2017
өлшемі376,41 Kb.
#14399
  1   2   3

Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,

Ұлы мұғалім – шабыттандырады.

Уильям Уорд


Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі бірге өзгеріп отырады. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі – жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті- жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ел болашағы- білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – ұстаздар қауымына ортақ іс. Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер” Ж. Аймауытов айтқандай қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық.

Ұстаздарымыз әріптестермен желілік байланыста WhatsAff , wk, instagram аккаунттары арқылы да байланыс жасайды. Педагогикалық шеберлік орталығының порталына (www.cpm.kz) материалдар салып, тәжірибе алмасу мақсатында басқа да әріптестермен ой бөлісуде.

Ақтоғай «БАСТАУ» тірек мектебіне қарасты Таңдай, Чкалов, Еңбекшіл, Есбол, Қарашаұлы, Қосарал, Жалғансай, Ақтоғай орта мектептері бірлесіп ынтымақтастықта жұмыстар жасауда. Жасыратыны жоқ бас кезінде жұмыс мардымды жүрмеді. Қазір мұғалімдерінің көзқарасы, оқыту үдерісіне деген өзгеріс керектігін мойындау дегендер өткен жылға қарағанда кәдімгідей сезіліп жатыр. Мектеп мұғалімдерінің сұранысына қарай тәлімгерлік сабақтар жоспардан тыс та жүріп жатады. Мектептегі кәсіби қауымдастық мүшелері ауданның көшбасшы мұғалімдерімен байланысқа шығуды, тәжірибе алмасу, т.с.с жүзеге асыруды жоспарлы түрде жүзеге асырып жүр. Мектеп мұғалімдері өз сабақтарында көрген, естігендерінің бірсыпырасын пайдаланып, табысты оқытуға ұмтылып жатқандары қуантады.

Ақтоғай орта мектебінде 4 – бірінші деңгей, 2 –екінші деңгей, 6 –үшінші деңгей мұғалімдері жұмыстарын жаңа форматта жүргізуде.

Кембридж бағдарламасының І деңгей бағдарламасының мақсаты ІІ және ІІІ деңгей бағдарламасының курсынан өткен мұғалімдерді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға тарту болатын. Алдағы мақсатты жүзеге асыруда көшбасшы ретінде мектебіміздегі үшінші деңгей бағдарламасын оқып келген мұғалімдер арқылы және бұл курстан өтпеген мұғалімдерді жеті модуль әдістерін сабақтарға енгізу тиімділігін үйретіп, оқу үдерісінде пайдаланатын стратегияларды кіріктіре қолданудың үлгісін көрсету жоспарланды. «Lesson Study » тәсілінің оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, сапасын арттырудағы маңыздылығын анықтау мақсатында зерттеу сабақтарын өткізу туралы тәлімгерлік жасау бағытында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады. Lesson study де ең бастысы "сабақты зерттеу" немесе "сабақты зерделеу" үрдісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson study үрдісін өткізуде фокус топ мүшелері кеңесіп сыныптарға зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Осы орайда оқушылармен байланысты нығайта отырып, түрлендірілген сабақтар, түрлі танымдық кештер апталықта жоспар бойынша өткізілуде.



Қожырақова Дария 22 жыл еңбек өтілі бар, жоғары санатты мұғалім биологиядан дәріс береді.

Биыл Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде ұйымдастырылған «Қазіргі мектепте ғылыми жобаларды қалыптастырудың биологиялық аспектілері» атты семинарына қатыстым. Семинарда республиканың әр түкпірінен келген биолог мұғалімдер университет мұғалімдерінен дәріс алып, өзара пікір алмастық. Ғылыми жобалар тақырыбын таңдау, зерттеу жұмыстары туралы өз көзқарастарымызды білдірдік. Сонымен қатар зертханалық жұмыстар жүргізілді. Семинар барысында университет ғалымдарымен желілік байланыс арқылы зерттеу жұмыстарын жасау ұсынылды.

Бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Осы мақсатта аудан, облыс көлемінде семинарларға қатысып коучинг, шебер сынып, ашық сабақтар өткіздім. Аудандық «Жаңа білім мазмұны тың идея мен тәлімді тәжірибені қажет етеді» атты аудандық семинарда «Жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында коучинг өткіздім. Мақсаты: Пән мұғалімдерінің ынтымақтастық пен бірлескен оқыту дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалімдердің өзара қарым-қатынас құру , басқаларды тыңдау, қолдау, өзін-өзі таныту және бақылау дағдыларын дамыту



Коучингке аудандағы биология пәнінің мұғалімдері қатысты. Шараны өткізу жоспары бойынша алдымен мұғалімдерді шаттық шеңберіне шақырып танысу сәті ұйымдастырылды. Әр мұғалім өз есімдерінің алдына сын есім қосып айту тапсырылды .Мысалы: Дарынды Дана, Ажарлы Айнұр т.б. Мұғалімдерді топқа бөлу үшін «Мінсіз мұғалім қандай болу керек?»деген сұрақ қою арқылы мұғалімге сипаттама берілді. Мысалы ақылды, шығармашыл, іскер, білімді т.б. Осы айтылған сипаттамалар бойынша үш нұсқа алу ұсынылды. Мұғалімдер білімді, іскер, жаңашыл деген сөздерді таңдады. Топқа бөлу үшін мұғалімдер кезекпен 1,2,3 санын айтып 1 санын айтқандар 1-топ «білімді», 2 санын атағандар 2-топ «іскер», 3 саны бойынша 3-топ «жаңашыл» деген нұсқалар бойынша бөлініп отырғызылды. Коучинг барысында мұғалімдерге арнайы «ХХІ ғасырда сіз мені қалай оқытасыз?» видеоролигі көрсетілді. Мұғалімдер видеороликтен түйген ойларын ортаға салып, яғни ХХІ ғасырда оқу мен оқытудағы АКТ-ның маңызын және бірлесе ынтымақтаса жұмыс жасаудың қажеттілігін айтып өтті. «Білімді» тобының көшбасшысы Майра өзінің ойын ашық ортаға салып, постер қорғауда ерекшелігімен көзге түсті. Одан соң «Жақсы мұғалім» бейнесін сипаттау үшін топтық жұмыс тапсырылды. Постерге мұғалімнің суретін салу ұсынылды, топ мүшелері «жақсы мұғалім» бейнесін сипаттап жазып суреттер арқылы бейнеледі. Әр топ көшбасшысы шығып постерді қорғады.Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалімдердің ұйымшылдығы, ойларын еркін жеткізе білуі байқалды. Тапсырманы орындау кезінде әр мұғалім өз ойын ашық білдіріп топпен бірігіп бір келісімге келе білді. «Мінсіз оқушы» тұлғасын қалыптастыру тапсырмасы бойынша жұптық жұмыс орындалды. Берілген кестеге сөздерді маңыздылығы бойынша жоғарыдан төмен қарай орналастыру тапсырылды. Топ мүшелерінің жұмысынан байқағаным барлығы алдымен «жақсы тәрбиеленген» деген сөзді бірінші кезекке қойыпты. Себебін сұрағанымда ол біздің ұлттық менталитетімізге байланысты тәрбие бірінші жолға қойылатындығын айтты. Келесі тапсырма бойынша 1-топқа «Мұғалім ұстанымы», 2- топқа «Тиімді оқыту», 3-топқа «Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім» тақырыбында мәтін берілді.Топ мүшелері мәтіннен түйген ойларын қорытындылап постерге жазып қорғады. Постер қорғау кезінде мұғалімдердің ұшқыр ойлы, жаңалыққа құмар, шығармашылдық қасиеттері байқалды, әрі өз әріптестері арасында қолдау таба білді. Топпен жұмыс аяқталған соң сергіту сәті өткізілді. Сергіту сәті мұғалімдерге жағымды эмоция қалыптастырды. Коучингті қорытындылау мақсатында арнайы презентация көрсетілді. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?   Себебі - сіз алғашқыда мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгересіз. Сіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс болған емес – көбіне ол миссия, міндет, сондықтан сіз өзгересіз. Сіз балаларға жаныңыз ашиды, әрі ол білім мен дағдыларды меңгергенше дейін сіз оларды балаларға бере алмайсыз, сондықтан сіз өзгересіз. (үлестірме материалдан үзінді).

ХХІ ғасыр талаптары: білім, ақпараттық сауаттылық, үнемі ізденіс, жаңалыққа ұмтылу, өз пікірін жеткізе білу қажеттілігі айтылды. Сонымен ,қорытындылай келе жаңа формация мұғалімі дегеніміз- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға екендігі айтылды.

Коучингтен алған әсерлері мен пікірлерін білу мақсатында мұғалімдермен кері байланыс жүргізілді. Мұғалімдер арнайы стикерлерге рефлексия жазып тапсырды. Кері байланыста мұғалімдер коучингтін өткізілу барысы ұнағанын және болашақта осындай шараларды жиі ұйымдастыруға тілек білдірді.

Республикалық қашықтық олимпиадасына әр оқу жылында өзіммен қатар оқушыларда қатысып жүлделі орынға ие болып жүр. Биыл өзім сертификатқа ие болдым. Оқушыларымнан 6 сынып оқушылары Жанекешов Қамбар, Салеш Сая үздік жетістік көрсетіп сертификат алса, Рафхат Жансерік ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Көшбасшы ретінде мұғалімдердің өз қабілеттерін дамытуына, қалыптастыруына,білімі мен мектеп ішіндегі әлеуетін жетілдіруге арналған жобаларды басқаруға және жүргізуге көмектесу арқылы нәтижеге жетеміз.


Каталог: uploads -> doc -> 0369
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0369 -> Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет