Коучинг тақырыбы
|
Талантты және дарынды балаларды оқыту
|
Жалпы мақсаты
|
Мұғалімдерге «Талантты» және «дарынды» балалар туралы түсінік бере отырып, өздеріне талантты және дарынды оқушылардың моделін жасату.
|
Сілтеме (дереккөздер)
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық 50-57 бет, интернет желісі.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Мұғалімдер талантты және дарынды балаларды тани отырып, сыныбындағы оқушылардың қандай қабілетке икемі бар екенін бақылауға және дамытуға дағдыланады.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Ой қозғау,Топтастыру,Диалог,АКТ қолдану,топтық,жұптық жұмыстар
|
Түйінді идея:
|
Әр баланың бойында дарындылық бар, мұғалім оны танып, дамытуға тиіс. Бүгінгі дарын иесі – ертеңгі біздің болашақ тірегіміз екенін ұмытпау керектігін ұғына отырып, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, дарындылығын, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру.
|
Коучинг сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар. (ресурстар)
|
А- 3 парақтары, стикер, интерактивті тақта, маркер, қима қағаздар, үлестірмелі материалдар.
|
Уақыт
|
Коучтің іс-әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе
5-7 минут
|
1.Ұйымдастыру
2.Әр мемлекеттің дәстүрі бойынша амандасу.
(Сергіту сәтін өткізу)
3. Топқа бөлу
|
1.Топпен жұмыс жасайды;
2. Мұғалімдер бір-бірімен белсене амандасты.
4 топқа бөлінді: қабілет, талант, дарынды және данышпан.
|
Интербелсенді тақта
|
Негізгі кезең
5-7 минут
10-15 минут
|
2.Дарынды,талантты балалар туралы бейнеролик көрсету.
Әр топқа өздерінің топтың аты бойынша тапсырма беру.
|
2.Дарынды,ерекше қабілетті оқушы туралы,оның бойындағы басты қасиеттері туралы білетіндіктерімен өзара ой бөліседі,топта талқылайды;
1 топ: қабілетті баланың моделін салу;
2 топ: талантты баланың иоделін салу;
3 топ: дарынды баланың моделін салу;
4 топ: дарынды баланың моделін салу.
Әр топ ойлана отырып постерге өзойларын түсіреді.
|
Плакат,маркер
|
МАН-нан,таратпа материалдан дарынды,талантты балаларды оқыту туралы мәтін беріледі,танысып түйінді шешімге келеді
|
Берілген материал бойынша жұппен жұмыс жасайды және топта талқылайды.
|
А-4 форматты қағаз.
|
Қорытындылау
10 минут
|
4.Дарынды,талантты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары туралы слайд көрсетіліп,түйінді ой айтылады.
|
4.МАН-нан,таратпа материалдан берілген мәтінмен,слайд арқылы дарынды,талантты оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары туралы танысып ,түйінді ойға келеді;
|
Интерактивті тақта,слайдтар
|
Рефлексия
|
1.Бүгінгі коучинг сабағы сізге түсінікті болды ма?
2.Не жақсы өтті?
3.Не жақсы өтпеді? -
4.Өзіңіз сабақта нені қолдана аласыз?
5.Нені өзгерткіңіз келеді?
6.Сізге не ерекше қызық болды?
7. Сізге ең пайдалысы не болды?
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы кері әсер парағын толтыру
|
Стикерге өз ойын жазып қалдырады.
|
стикерлер
|