Сабақ: Дененің салмағы. Салмақсыздық. Мектеп: Күні: Мұғалімнің есімі



Дата26.08.2017
өлшемі63,45 Kb.
#28059
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Мектеп:



Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 7 Физика


Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:


Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Оқушылар салмақ туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық туралы біледі.

Кейбір оқушылар:

Салмақсыздық, асқын салмақ туралы біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Салмақ, масса, ауырлық күші

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?

3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

4. Салмақсыздық себебі неде?



Жазылым бойынша ұсыныстар:

Ауырлық күші берілген ережені өрнекпен жазу.

Алдыңғы оқу

§39. Басқа планеталардың ауырлық күші

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Бағалау

Басталуы

5мин


5мин


1.Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқу құралдарына және көңіл-күйлеріне назар аудару. Сергіту сәті «Сіздің жақсы қасиеттеріңіз»

Мақсаты: оқушылардың бір-біріне жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, достық қарым-қатынастарын нығайту, топтық жұмыста жағымды қарым –қатынасты орнату.

2 «Сиқырлы таяқша» әдісі,

өтілген тақырып бойынша сұрақтарға оқушылар таяқшаны бір-біріне беру арқылы жауап береді



Мақсаты: өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін байқау

Оқулық.

Физика және астрономия

Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова,


Өзін-өзі бағалау

Ортасы

5 мин



25 мин

Салмақ пен ауырлық күштері туралы түсіндіру.

Мақсаты: Оқушыларға салмақ пен салмақсыздық туралы мағлұмат беру.


  • Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталды.

  • Ауырлық күші қарастыратын денеге, ал салмақ дене орналасқан тірекке түсіріледі.

  • Егер дене горизонталь орналасқан, әрі жерге қатысты қозғалмайтын тірек үстінде жатса, онда дене салмағы әрекет ететін ауырлық күшіне дәлме-дәл келеді.

P=FA= mg



«ДЖИГСО» әдісі, әр топ өзіндік жұмысты оқып, талқылайды.

Мақсаты: өткен тақырыпты тексеру.

Оқулық.

Физика және астрономия

Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова,


Өзін-өзі бағалау



Аяқталуы

2 мин


3 мин

Үй тапсырмасын беру .

Сұрақ-жауап әдіс арқыл сабақты аяқтау.




Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс


  • Жеке жұмыс

  • Дарынды оқушыларға физикалық диктант жұмысы беріледі




  • Оқушылардың үй тапсырмаларын сұрақ-жауап арқылы тексеріп,өзін-өзі бағалайды;

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы бағалауда оқушылар сабақ барысында алған білімдерін есепке алып, өзін-өзі бағалайды.



математика,сурет,

өмірмен байланыс



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет