Сабақ: информатика
|
Мектеп: Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп - гимназиясы
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі:А.Арыстанова
|
Сынып:7б
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақ тақырыбы
|
Сабақ: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау. Вирусқа қарсы бағдарламалар
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Ақпаратты сығу және мұрағаттау ұғымын түсіну. Мұрағаттау жолдарын білу. Вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдана алу.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Ақпаратты сығу және мұрағаттау командаларымен жұмыс жасай алу. Вирусқа қарсы басқа да бағдарламалардың түрлерін білу.
|
Кейбір оқушылар:
|
Вирусқа қарсы және мұрағаттаудың басқа да бағдарламалармен жұмыс істей алу. (орнату, вирусқа тексере аладыжәне ақпарат тасымалдаушыларды вирустан емдей алу.Ақпаратты сыға алу.
|
Тілдік мақсат
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Мұрағат, ақпаратты сығу, (WinRar,WinZip,Zoo,Ice,ARJ,EXPAND) вирус,вирусқа қарсы бағдарламалар түрлері (EsetNod32, Kaspersky, DrWeb, Avast, Avira,AVG) терминдерін тану.
|
Алдыңғы оқу
|
Өткен материалды қайталау. Сабақты кодтау дегеніміз не, декодтау дегеніміз не? Код дегеніміз не? Ақпарат дегеніміз не? Оқушыларға сұрақтар қойып фишкамен бағалаймын. 3 мин
1-тапсырма. Проекторда көрсетілген ВИРУС сөзін ASCII жүйесіне, одан он алтылық жүйеге, соңында екілік жүйеге ауыстырамыз. Оқушылар жұмыстарының нәтижесін тақтада шыққан жауаппен өздерін тексереді, содан кейін бірін-бірі тексереді. 2 мин
2-тапсырма. Класты екі топқа бөлем (столдың сол жағы және оң жағы) Декодтауға байланысты тапсырма. Қонжықтың «уайымы» неде? Практикум кітабынан 16 бет 1.2.4 тапсырма. Столдың оң жағындағы топ кодталған қонжықтың сөзін табады, ал сол жақтағы топ апасының сөзін декодтайды. Барлық оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды. 5 мин
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
|
Сыныптың сабаққа әзірлігі тексеріледі. Түгендейді. 2 мин.
Оқушыларға ауызша сұрақтар қойып, фишкамен бағалайды. 3 мин.
Кодталған сөзді тақтаға проектор көмегімен шығарып, оқушылардың жұмысын бақылайды. Оқушылар- ға жұмыстарының нәтижесін тақтада шыққан жауаппен өздерін тексертеді, содан кейін бір-бірін тексертеді. 2 мин.
1- және 2-тапсырмалар бойынша жауаптар және 5-9 балмен бағалау кестесін проектор көмегімен тақтадан көрсетеді.
5 мин.
|
Ауызша сұрақтарға жауап беріп смайлик алады. 1- және 2-тапсырмалар бойынша оқушылар жұмыстарының нәтижесін тақтада шыққан жауаппен өздерін тексереді, содан кейін бірін-бірі тексереді. Барлық оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.
|
Дербес компьютер оқулық,
фишкалар,
смайликтер
постер, презента-ция көрсетілі-
міндегі слайдтар, ASCII, он алтылық екілік және ондық жүйесінде-
гі кестелер,
Kaspersky вирусқа қарсы бағдарламасының плакаты,маркерлер, А3 формат
тағы қағаз
SinKaz эл.оқулық 4-модуль,
флеш-жады.
|
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
|
Ақпаратты қалай қорғауға болатынынан бастау.Оқушыларға ақпаратты мұрағаттау, сығу жайлы мәлімет беру. Мұрағаттау бағдарламаларымен таныстыру. Мұрағаттау командаларының жолын түсіндіріп/ көрсету. Компьютерлік вирус ұғымымен таныстыру, компьютерге вирус қалай түсетінін түсіндіру.Зияндығы бойынша вирус түрлерін атап айту. Вирустың пайда болуының негізгі белгілерін айтып, түсіндіру. Проектордан слайдтар көрсету.13 мин
Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Ақ халаттарын тексеру. Оқушыларға практика жүзінде мұрағаттау командаларымен және вирусқа қарсы бағдарламасымен жұмыс істетіп үйрету. Оқушыларға ақпарат тасығыштарды тексертеді.Сығылған файлдыWinRarбағдар- ламасын пайдаланып мұрағаттан шығарту. Жұмыстарын аяқтап болған оқушыларға вирусқа қарсы басқа бағдарламаларымен жұмыс істету, вирусы бар файлдарды тазарту және емдету. Тапсырманы орындап болған оқушыларға интернеттен тегін вирусқа қарсы бағдарламаны орнатуды үйреу.
15 мин.
|
Конспект жазады, мұра-ғаттау командаларымен файлдарды сығады. Компьютерді, CD дисксін және флеш жадын вирусқа тексереді.
Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп айтады.Оқушылар практика жүзінде мұрағаттау бағдарламаларымен жұмыс жасайды (файлдарды мұрағаттайды). Вирусқа дербес компьютерді, нот букты, флеш жадын және СD дисксін вирусқа тексереді, тазартады және емдейді. Сығылған файлды WinRar бағдарламасын пайдаланып мұрағаттан шығарады. Интернеттен вирусқа қарсы бағдарламаны орнатып үйренеді.
|
3-кезең:
Ой-толғаныс:
синтез, бір-бірімен ой бөліседі
|
«Жазбаша дөңгелек үстел» тәсілі бойынша оқушыларды төрт-төрттен үш топқа бөліп, жұмыс жасату, бақылау.
1- топ Мұрағаттау, 2- топ Компьютерлік вирус
3- топ Вирусқа қарсы бағдарлама жайлы түйінді сөздер жазғызу. Бір түйін сөз жазған оқушы қызыл түсті фишка, 2-3 түйін сөз жазған сары түсті фишка, ал 4 және одан көп түйін сөз жазған оқушы жасыл фишка алатынын түсіндіру және бақылау.
Постерлерін галлереяға ілгізу.
3мин.
|
Түсінген материалды игеру үшін «Жазбаша дөңгелек үстел» (Раундробин) тәсілімен жұмыс жасайды
(төрт оқушыдан бөлініп жаңа тақырыптағы түйінді сөздерді постерге жазады) Бір түйін сөз жазған оқушы қызыл түсті фишка, 2-3 түйін сөз жазған сары түсті фишка, ал 4 және одан көп түйін сөз жазған оқушы жасыл фишка алады.
1- топ Мұрағаттау, 2- топ Компьютерлік вирус
3- топ Вирусқа қарсы бағдарлама жайлы түйінді сөздер жазады. Постерлерін галлереяға іліп қояды.
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар(үй тапсырмасы)
|
«Компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы бағдарламалар» тақырыбында интернеттен сайт беттерін пайдаланып деректеме жазып келу. Деректемесін «Компьютерлік вирустар және вирусқа қарсы бағдарламалар» деген атпен сақтап, мұрағаттап келу. Мұрағатталмай тұрғандағы файл көлемімен, мұрағатталғаннан кейінгі көлемін салыстырып жазып келу. Конспект оқу.
|
Қосымша ақпарат
|
Интернеттен Avast орнатқыш бағдарламасын жазып келу.
|
Саралау –
Қабілеті жоғары оқушыларға вирусқа қарсы басқа бағдарламаларымен жұмыс істету, вирусы бар файлдарды тазарту және емдету. Интернеттен Avast вирусқа қарсы орнатқыш бағдарламасын жазып келу.
|
Бағалау –Үй тапсырмасын тексеру
Түрлі-түсті фишкалар, смайликтер, тақтада көрсетіліп тұрған 5-9 дейін балдық жүйесі кестесімен өздерін және көршілерін бағалайды.Компьютермен жұмыс барысында істеген жұмыстарына қарай нақты мадақтаулар айту және жігерлендіру. Сабақ соңында суммативті бағалау. 2 мин.
|
Информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Ақ халаттарын тексеру.
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?
|
(Презентация алдағы уақытта көмек беретіндей болды
Мұғалімнің атынан жазба!)
«Жазбаша дөңгелек үстел » стратегиясын қолдану арқылы жаңа білімді бекіте отырып, кері байланыс жасаймыз.
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?
|
Сұрақтарға жауап береді. Бір-біріне сұрақтарды өздері қояды. СТО: Бүгінгі сабақта менің білгенім...
Қызықты болғаны...
Қиын болғаны...
... енді мен орындай аламын.
... мен жасай алады екенмін.
Мені таңғалдырғаны...
|