Науқасты сұрап тексеру Науқастың төлқұжаттық мәліметтері



бет1/4
Дата10.12.2021
өлшемі18,7 Kb.
#78783
  1   2   3   4
Байланысты:
Бейсен


Науқасты сұрап тексеру

Науқастың төлқұжаттық мәліметтері (аты-жөні, жасы, мекен-жайы, жұмыс орны, мамандығы).

Науқастың шағымдары. Шағымдар нақтылануы (сарапталуы) керек. Шағымдардың нақтылануы (мысалы: ауыру сезімінің) орналасу орнын, таралуын, күшін, сипатын, пайда болу уақытын, себептерін және бәсеңсу жағдайын анықтап, дәлелдеп сұрауды айтамыз. Алғашқыда негізгі шағымдар, содан кейін қосымша (жалпы шағымдар) мәлімденеді. Науқастардың өзі айтатын шағымдардан басқа шағымдарды дәрігер белсенді түрде сұрастыруы керек. Негізгі шағымдарды сипатталып жазылған жүйенің жағдайынан басқа ағзалардың немесе жүйелердің жағдайы туралы сұрастыру қосымша сұрақтардың көмегімен жүргізілуі керек. Жүйелер бойынша шағымдарды сұрастыру келесі үлгі арқылы жасалады:

Тыныс алу жүйесі: ентігу (экспираторлы, инспираторлы және аралас), жөтел (құрғақ, қақырықпен, тұрақты, ұстама), кеуде қуысындағы ауыру сезімі (тыныс алу, жөтелу кезіндегі), қақырықтың сипаты (мөлшері, түсі, иісі, консистенциясы, қанның қосындылары).

Жүрек-қантамыр жүйесі: ентігу (тыныштық кзінде, күш түскенде, ұстама тәрізді), жүректің соғуы (жиі, ретті, ретсіз), жүрек аймағындағы ауыру сезімі ( сипаты, ұзақтығы, таралуы, себебі, басылуы және т.б.); ісінулер (орны, пайда болу уақыты).

Ас қорыту жүйесі: тәбеттің бұзылуы ( төмендеуі, жоғарылауы), диспепсиялық белгілер ( лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау), іш аймағындағы ауру сезімі (сипаты, орналасу орны, себебі, таралуы) іштің өтуі, қатуы, кебуі, ұзақтығы.

Зәр шығару жүйесі: бел аймағындағы ауыру сезімі, зәр шығуының, жиілігінің, түсінің өзгеруі, ісінулер.

Жүйке жүйесі: жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ашушаңдық, ұйқының сипаты (қанша сағат ұйықтайды, тез ұйықтап, тез оянуы, ұйықтататын дәрілерді пайдалануы), басының ауыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет