14 клиникалық есеп Диагнозды негіздеу Шағымдары



Дата12.05.2020
өлшемі19,48 Kb.
#67401
Байланысты:
Есеп жауаптары....


14 клиникалық есеп

1.Диагнозды негіздеу

Шағымдары: бел аймағындағы, жамбасындағы ауру сезімі, дене температурасының 38,50С–қа дейін көтерілуі, басының ауруы, тершеңдік, әлсіздік.

Ауру анамнезі: ауырғанына 2 ай болған, бел аймағындағы ауру сезімі мазалап, дене температурасы көбіне кешке қарай 39,00С дейін жоғарылаған, түнде қатты терлеген (түнде оянып, киімін ауыстырған), таңертең ыстығы түскен. 2 ай ішінде 16 кг-ға арықтаған. Емханаға барып дәрігерге қаралған «Бел аймағының остеохондрозы» деген диагноз қойылып, ем тағайындалған, емнен нәтиже болмаған.Медициналық орталыққа барып туберкулезге тексерілген, тексеру нәтижесінде тіберкулез анықталмаған.Райт реакциясы қан өткізген нәтижесі 1:800, Хеддельсон реакциясыайқын оң нәтиже көрсеткен, жұқпалы аурулар ауруханасына жолдама берілген.

Эпидемиологиялық анамнезі: Алматы тұрғыны.Көп қабатты пәтерде тұрады. Мал ұстамайды. Жеке меншік копманияда жиһаз жинаушы болып жұмыс істейд (Қазақстан ішінде). Жұқпалы аурулармен ауырған науқастармен қатынаста болмаған. Кене шақпаған. Қазақстан республикасы қалаларына іс˗сапарға жиі барады, жиі кәуап, ет қосылған самса жейді.

Объективті мәліметтер: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Терісінің түсі қалыпты, ылғалды. Ісінулері жоқ. Барлық топтағы лимфа түйіндер ұлғайған, майда, ауырмайды. Буындары өзгермеген. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыдары жоқ. ТЖ – 16 рет минутына. Жүрек тондары әлсіз, ырғақты. Артериалды қан қысымы 120/80 мм с.б., ЖСЖ 90 рет/минутына. Іші жұмсақ, ауырмайды. Тыныс алуға қатысады. Перитонеалды симптомдары теріс. Бауыры + 2,5 -3,0 см, тығыздау. Көк бауыры пальпацияланбайды.Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз. Нәжісі қалыпты, тәулігіне 1 рет.

Лабораторлық мәліметтер:

Нв –109 г/л.,эритроциттері - 4,24 х 1012/л., тромбоциттер– 284 х109/л., лейкоциттер - 6,4 х 109/л., таяқша ядролынейтрофилдер -4 %, сегмент ядролынейтрофилдер -52%, моноциттер -7%, лимфоциттер -41%, ЭТЖ- 26 мм/сағ.



Науқастың шағымдарына,анамнезіне,қарап тексеру барысында анықталған мәліметтерге және лабораториялық зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып науқасқа «БРУЦЕЛЛЕЗ» диагнозы қойылды.

2.Диагностика жоспарын құрастыру.

Зертханалық нақтама зерттеулерді жүргізу.



  • Бактериологиялық зерттеуге: науқастың қанын және бурситтің ішіндегі сұйықтығын аламыз.

  • Серологиялық зерттеулер: Райта, Хеддельсона, Кумбса, ИФА.

  • Теріге – аллергиялық байқау жүргізу.- Бюрне байқауы (бруцеллинмен).

  • Бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану

  • Биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)

  • Иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін

  • Агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)

  • Серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)

  • Аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы

3.Емдеу жоспарын құрастыру.

Ауруханада ем жүргізіледі. Тағам №15 стол. Қоздырғышқа қарсы,



  • Антибиотиктер – тетрациклин, рондомицин, доксокциклин, римфапицин, гентамицин, стрептомицин т.б.

  • Антигистаминдер – димедрол, тавегил, пипольфен, супрастин қолданылады.

  • Су, тұз ерітінділерін ішкізу немесе оларды көк тамырға жіберу қажет.

  • Қабыну процесіне қарсы – индометацин, ибупрофен, вольтарен, бутадион, пирабутал және т.б.

  • Дәрумендер, физиоемдер қолданылады.

  • Науқас айыққанан кейін санаторлық – курорттық ем тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет