1-аралық бақылау. Бекет №1 билет №3



Дата27.04.2020
өлшемі68,5 Kb.
#64862
Байланысты:
1-АБ Орифжан


1-аралық бақылау.
БЕКЕТ №1 БИЛЕТ №3


  1. Науқас әйел адам 45 жаста, операциядан кейін асқынған жедел аппендицитпен ем қабылдауда. Бір мезгілде тиенам(имипенем) және гентамицин қабылдайды, вена ішіне тамшылатып, тәулігіне 4 рет. Препараттарды қолдануда қандай қателіктерге жол берілген және бұл препараттарды қанша уақыт ұзақтықта енгізген жөн.

1.Барынша тиімді препаратты айтыңыз?

2.Таңдалған препараттың жағымсыз әсерлерін атаңыз?



Жауап:

1.Имипенем - карбапенемдердің өкілі (басқа өкілдері - меропенем, ертапенем, дорупенем); гентамицин - аминогликозид (басқалары - стрептомицин, амикацин, канамицин, нетилмицин). Аминогликозидтер тәулігіне 4 реттен (гентамицин 3 р / тәулікке дейін рұқсат етіледі; уыттылықты азайту үшін - 1 р / тәул), және ерітіндінің тұрақсыздығына жол бермеу үшін басқа препараттармен араластыруға рұқсат етілмейді. Имипенем инфузиясының ұсынылатын ұзақтығы 30-60 минут, гентамицин 60-120 минут. Аминогликозидтер тек медициналық бақылауда (ауруханада) қолданылады, пациенттің дене салмағына қарай дозаны таңдау және бүйрек функциясының жағдайына сәйкес түзету. Тамшылатып енгізіледі (1-2 сағат, жедел қабылдау жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін тудырады), бүкіл тәуліктік дозаның бір реттік дозасы. Аминогликозидтерді 10-14 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Бір контейнерде аминогликозидтерді басқа препараттармен араластыруға болмайды. Аминогликозидтер мен басқа препараттарды нефро- және ототоксикалық әсерлермен біріктіруге болмайды (мысалы, фуросемид және ванкомицин). Бұл жерде де аминогликозидтерді карбапанемдермен бірдей уақытта қолданған.

Гентамицин- Парентеральді. Орташа ауырлықтағы ауруларда көктамыр ішіне (к/і) және бұлшықет ішіне (б/і) енгізуге арналған тәуліктік дозасы бүйректің қалыпты қызметімен ересектер үшін бірдей тәулігіне - 3 мг/кг. Енгізу жиілігі тәулігіне – 2 - 3 рет. NaCl 0,9 % ерітіндісінде немесе декстрозаның 5 % ерітіндісінде ( 50 - 300 мл) 1,5 - 2 сағат ішінде к/і тамшылатып енгізіледі, балаларда енгізілетін сұйықтық көлемі аз болуы керек (препарат концентрациясы 1 мг/мл- 0,1 % аспауы керек). Аурудың ауыр ағымында тәуліктік дозасы - 5 мг/кг, жиілігі тәулігіне – 3 - 4 рет; жағдайы жақсарғаннан кейін дозаны 3 мг/кг дейін төмендетеді. Ең жоғары бір реттік доза: 160 мг (бүйрек функциясы қалыпты емделушілер үшін). Ең жоғары тәуліктік дозасы: тәулігіне 5 мг/кг.



2.Барынша тиімді препаратты атаңыз?

Гентамицин мен имипенем бірге тағайындалмауына байланысты Амикацин тағайындау ұсынылады. Амикцин бактерияға қарсы аминогликозид болып саналады.



Амикацин- Бактерияларға қарсы жүйелік пайдалануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы аминогликозидтік препараттар.

Фармакодинамикасы

Әсер ету ауқымы кең жартылай синтетикалық антибиотик, бактерицидтік белсенділігі бар. Рибосомның 30S суббірлігімен байланыса отырып, тасымалдаушы және матрицалық РНҚ кешенінің түзілуіне кедергі жасайды, ақуыз синтезін бөгейді, сондай-ақ бактериялардың цитоплазмалық жарғақшаларын бұзады.

Аэробты грамтеріс микроорганизмдер – Pseudomonas aeruginosa, Escherichia coli, Klebsiella spp., Serratia spp., Providencia spp., Enterobacter spp., Salmonella spp., Shigella spp.-ге; кейбір грамоң микроорганизмдерге – Staphylococcus spp.-ге (соның ішінде кейбір цефалоспориндерге төзімді пенициллинге) қатысты белсенділігі жоғары; Streptococcus spp.-ге қатысты белсенділігі орташа.

Бензилпенициллинмен бір мезгілде тағайындаған кезде Enterococcus faecalis. штаммдарына синергиялық әсер береді.

Анаэробты микроорганизмдерге әсер етпейді.

Амикацин басқа аминогликозидтердің белсенділігін жоятын ферменттердің әсерінен белсенділігін жоғалтпайды, және тобрамицинге, гентамицинге және нетилмицинге төзімді Pseudomonas aeruginosa штаммдарына белсенді болып қалуы мүмкін.

Ересектерге арналған ең жоғары дозалар – 10 күн бойы тәулігіне 15 мг/кг дейін, бірақ тәулігіне 1.5 г-ден асырмайды.

Көктамыр ішіне енгізуде емдеу ұзақтығы – 3-7 күн, бұлшықет ішіне енгізуде – 7-10 күн.



Көктамыр ішіне (тамшылатып) енгізу үшін құты ішіндегіні 200 мл декстрозаның 5% ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің 0.9% ерітіндісінде ерітеді.

3.Жағымсыз әсерлері қандай?

Амикациннің жағымсыз әсерлері айтарлықтай көп емес. Бірақ науқастың дәріге сезімталдығына байланысты жағымсыз әсерлер кездесіп тұрады.


Жиі

- ісіну, б/і инъекция жасалған жердің ауыруы, дерматит

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, тері гиперемиясы

Сирек

- жүректің айнуы, құсу, бауыр функциясының бұзылуы (бауырлық трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, гипербилирубинемия)

- анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, эозинофилия

- бас ауыру, ұйқышылдық, нейроуытты әсер (бұлшықеттің тартылуы, ұю, шаншу сезімі, эпилепсиялық ұстамалар), жүйке-бұлшықет берілімінің бұзылуы (тыныстың тоқтап қалуы)



Өте сирек

- отоуыттылық (естудің төмендеуі, вестибулярлық және лабиринттік бұзылулар, қайтымсыз кереңдік), вестибулярлық аппаратқа уытты әсер (қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, бас айналу)

- нефроуыттылық – бүйрек функциясының бұзылуы (олигурия, альбуминурия, протеинурия, микрогематурия)

- қызба


- Квинке ісінуі

- эпилепсиялық ұстамалар



- жүйке-бұлшықет берілімінің бұзылуы (тыныстың тоқтап қалуы).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет